Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика



Pdf көрінісі
бет375/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   371   372   373   374   375   376   377   378   ...   527
Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
351 
ете бастады. 

2003-2004: Электрондық оқулықтар әлем бойынша қолжетімді және 
кӛптеген авторлар баспа үйлеріне тәуелді болмай-ақ, осы салада белсенді бола бастады. 

2005-2006: Google және Microsoft cынды технология алпауыттары 
электрондық оқулықтарға қызығушылық танытып, осы салаға ауқымды инвестициялар 
құя бастады. 

2007: Жарнамадағы тӛңкеріс. Біз электрондық оқулықтарды Amazon Kindle 
хабарландыруы арқылы оқи бастадық. 

2010: Алғашқы айпад (iPad) құрылғысының таныстырылуы. Оның жарыққа 
шығуы, технологиялық және бизнес моделі электрондық оқулықтардың шығуы, дамуы, 
қолданысы мен пайдаға асуына үлкен қозғаушы күш болды. 

2010 – бүгінге дейін: электрондық оқулықтар интерактивті-мультимедиялық 
элементтермен байытылған. Ал түрлі авторлық құралдардың пайда болуы олардың 
жасалу және таратылу процесін халыққа қолжетімді етті. Жоғарыдағы айтылған 
дүниелердің нәтижесінде электрондық оқулық атауларының аса кӛптеп шығарылуы мен 
таратылуы байқалады. Сәйкесінше қазір оларды сараптаудың бірізді, келісілген 
критерилерін, пайдалану саласына байланысты дамыту қажеттілігі туындап отыр. 
Жоғарыда атап ӛткеніміздей электрондық оқулық идеясы ертеректе пайда болды, 
бірақ электрондық оқулық дегеніміздің не екенін анықтауға қатысты әлі де кӛптеген 
шатасулар бар [3]. Электрондық оқулықтың жалпыға ортақ танымал анықтамасы жоқ 
және әдебиетте бұл термин екіжақты қолданылып келеді. 
Әдебиеттегі 
түрлі 
анықтамалар 
электрондық 
оқулықтардың 
әртүрлі 
сипаттамаларына қатысты. Ӛйткені түрлі жағдайларда олар құрал-жабдықпен, 
бағдарламалық жасақтамамен немесе мазмұнмен байланысты болуы мүмкін [4]. 
Электрондық оқулықтар үшін ұсынылған анықтамаларға талдау жасай отырып, 
Василиоу мен Роули тӛмендегі қорытындыларға келген [5]: 
-
Олардың басым кӛпшілігі электрондық оқулықтардың цифрлық және 
электронды табиғатына басымдық береді. Жалпылай айтқанда, электронды және цифрлық 
терминдері формат, форма және электрондық оқулық мәтіндеріне келгенде ӛзара алмасып 
қолданылады; 
-
Электрондық оқулық негізінен баспа кітабының тиісті жабдық пен 
электрондық оқулық оқуға арналған бағдарламалық жасақтамасы арқылы қол жеткізуге 
болатын электронды/цифрлық нұсқасы ретінде қабылданады; 
-
Түрлі терминдер мен тұжырымдамалар электрондық оқулық мазмұнын 
суреттейді; 
-
Олардың кӛпшілігі электрондық оқулық технологияларына қатысты негізгі 
терминдерді пайдаланады; 
-
Қалай болғанда да олар электрондық оқулықтардың пайдасы пен 
артықшылықтарын жиі айтады. 
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып айтсақ, электрондық оқулықтардың 
анықтамасы пайдаланушылардың пікірлері мен құрметіне, оған қоса оларды пайдалану 
жолдарына тікелей байланысты екені анық. 
Соңғы он жылдың кӛлемінде білім беру саласына түрлі технологиялар енгізілді, 
оның ішінде цифрлық технологиялар да бар. Олардың барлығының ӛз мүмкіндіктері 
болды және барлығы үйрену және оқытуда тӛңкеріс жасайды деп күтілді. Алайда білім 
беруде осы аралықта айтарлықтай ӛзгерістер болмағаны барлығымызға белгілі [8]. 
Уақыт ӛте келе мұғалімдер сыныпта және оқыту барысында қолдануға болатын 
және түрлі технологиялармен, стратегиялармен таныс бола бастады. Олардың ішіндегі 
пайдалы құралдар қабылданып, ал ӛзгелері қолданыссыз қала берді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   371   372   373   374   375   376   377   378   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет