Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 352
Осы тұрғыдан келгенде технологияны пайдаланудың саны (қанша технология
қолданылды және не үшін) мен сапасын (технология қалай және не үшін қолданылды)
ажыратып алу маңызды. [9].
Білім беру саласына келгенде технологиялар – оқытудың басты назары оқушыда
болатын сан түрлі тамаша мүмкіндіктерге бай орта жасауға кӛмектесуі тиіс. [10].
Электрондық оқулықтарды оқыту барысында қолдануға қатысты жоғарыда айтылғандар,
электрондық оқулықтарды цифрлық, қолданылуы мен басқарылуы жеңіл және баспа
кітабының тартымды түрі ретінде қарастырады.
Электрондық оқулықтар арқылы оқу нәтижелері, сонымен қатар оларға қатысты
оқушылар мен мұғалімдердің түсініктері, қалаулары және кӛзқарастары он жылдан астам
уақыттан бері танымал зерттеу тақырыбына айналды. Ӛз кезегінде бұл олардың
электрондық оқулықтарды жобалау, сұрыптау, икемдеу, тасымалдау және сараптау
үдерістеріне айтарлықтай ықпал етуімен байланысты.
Оқулықтар, электронды немесе баспа түрінде болсын, қоғамның білімін деңгейі
мен білім беру жүйесінің мәдениетінен хабар береді [11].
Оқулықтарды әзірлеу – айтарлықтай күрделі процесс. Әзірлеу барысында
оқытудың жаңа түрлері мен техникалары, адамдардың ақпаратты қабылдап оны білімге
айналдыру үдерісі, қалыптасқан әлеуметтік жағдайлар, мәдени және этикалық мәселелер,
оқу бағдарламасы және ӛзге де осы сынды факторлар ескерілуі тиіс.
Цифрлық оқулықтарға, олардың интерактивті табиғаты мен мультимедиалық
контентін ескере отырып, қарайтын болсақ, жоғарыда айтылғандардан бӛлек, оларды
әзірлеу – жалпы цифрлық оқу ресурстарына қатысты прициптер мен әдіснамалық
тәсілдерге икемделуі тиіс.
Цифрлық білім беру медиасы, мазмұн байлығы немесе олардың құрамында бар
түрлі қарым-қатынас пен коммуникациялық мүмкіндіктердің болуына байланысты ғана
құнды оқу ресурсы деп қарастырылмауы керек. Күнделікті оқу барысына араласып кетуі,
сабақ уақытының ішінен ӛз сәтін және оқушының жұмыс үстелі мен сӛмкесінен орын
табуы үшін, қолданушылардың қажеттіліктеріне сай құрылымдық әзірлеу үдерісі болуы
керек. [12].
Егер электрондық оқулықтарды оқу процесінен оқшаулауға тырыссақ, оларды
әдемі ӛнім болып аяқталатын және айқын мақсаттылықты білдіретін жобалау үдерісінің
нәтижесі ретінде қарастырсақ, электрондық оқулықтарды жобалау процесіне
пайдаланушы тәжірибесі/User Experience (UX) тұжырымдамасын енгізуіміз керек.
Пайдаланушы тәжірибесінің бірнеше анықтамасы бар. Ангер және Чандлер [13]
бойынша: ―Пайдаланушы тәжірибесінің дизайны дегеніміз белгілі бір тауарға
байланысты пайдаланушылардың тәжірибесіне әсер ететін элементтерді, олардың
қабылдаулары мен мінез-құлықтарына әсер ету мақсатымен жасап шығару және
синхрондау‖.
Негізінде, ПТ эмоция, психология және жалпы реакция сынды сапалық ұғымдарды
біріктіреді. Электрондық оқулықтар әлемінде ПТ дизайнына деген кӛзқарас мына сияқты
сұрақтарға дұрыс жауап беруі тиіс:
•
Электрондық оқулықтағы анимациялар есте қалатындай әсер сыйлайды ма?
•
Сенсорлы экранның «ыстық нүктелерін» түсіну оңай ма?
•
Пайдаланушылар дизайнер ойластырған ӛнімді пайдалану үдерісін кӛрсете ала
ма?
Электрондық оқулықтарға мобильді құрылғылар (планшеттер, смартфондар,
ноутбуктар мен оқуға арналған құрылғылар) немесе дербес компьютерлер арқылы қол
жеткізу мүмкін болғандықтан, тиімді дизайн процесі, ПТ бӛлек, адам мен компьютердің
ӛзара әрекеттесуі (human computer interaction (HCI)) ережелерін есепке алуы тиіс. Адам