Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ ПРОЦЕСТЕРІНДЕ ЛОГИКАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДІ ҚОЛДАНУ



Pdf көрінісі
бет499/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   495   496   497   498   499   500   501   502   ...   527
Байланысты:
TaimanovMatem

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ ПРОЦЕСТЕРІНДЕ ЛОГИКАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДІ ҚОЛДАНУ 
Д.А. ТУСУПОВ, А.А. МУХАНОВА, У.Т. МАХАЖАНОВА 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті, 
Қазақстан, Нҧр-Сҧлтан 
 
Шағын бизнесті несиелендіру қазіргі уақытта банк секторының серпінді дамып 
келе жатқан саласы болып табылады. Шағын бизнесті кәсіпорындар үшін несие 
қабілеттілігін бағалаудың дәстүрлі әдістері қолайсыз. Бұл шағын кәсіпорындардың қаржы 
есептілігінің қателіктерінің жоғары деңгейіне байланысты. Осыған байланысты шағын 
бизнес субъектілерінің несиелік қабілеттілігін бағалау құралдарын қалыптастыру аса 
ӛзекті болып табылады. Шағын бизнесті кәсіпорынды басқару кәсіпорынның 
болашақтағы қаржылық жағдайы және экономикалық ортада қалыптасуы белгісіздік 
жағдайында орын алуда, ӛйткені экономиканың осы секторы әлемдік қаржы дағдарысына 
ӛте сезімтал. Осы тұрғыдан алғанда, шағын бизнесті кәсіпорындарды несиелендірудің 
орындылығын талдау, жоғары дәрежедегі белгісіздікте шешілетін мәселе ретінде 
қарастырылуы тиіс [1]. Бұл мәселені шешу үшін Заденің бұлдыр логикасына негізделген 
шағын кәсіпорындардың несиеге қабілеттілігін бағалаудың балама әдістері қолданылады. 
Бұл жиынтыққа тиесілі функция элементтері әдеттегідей 0 немесе 1 мәндерін ғана емес, 
[0, 1] сандар интервалында мәндерді қабылдайды. Сонымен қатар, ол лингвистикалық 
айнымалы түсінігін енгізді және оның мәндері бұлдыр жиындар болуы мүмкін екенін 
кӛрсетті. Заде интеллектуалдық қызметтің процестерін сипаттау үшін, математикалық


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
485 
ӛрнектерді, айқын емес және белгісіздік түсініктерін қамтитын математикалық аппарат 
жасады деп айтуға болады 
[2]. 
Шешімдер қабылдау процедурасы жалпыланған түрде мыналарды қамтиды[3]:

баламаларды қалыптастыру және салыстыру;

баламаларды таңдау;

іс-қимыл бағдарламасын құру және түзету.
Шағын бизнесті кәсіпорындардың несиеге қабілеттілігін бағалау процесінің негізгі 
кезеңінің бірі енгізілетін деректер жиынын анықтау болып табылады, яғни шағын 
кәсіпорындардың несиеге қабілеттілігін бағалауға арналған сапалық және сандық 
кӛрсеткіштер, сондай-ақ осы кӛрсеткіштердің бағалау критерийлерінің жиыны. Шағын 
кәсіпорындардың несиеге қабілеттілігін бағалау процесінде кӛрсеткіштерді іріктеу 
кезіндегі басты талап, олардың шағын кәсіпорындардың жай-күйін барынша дәлме-дәл 
және толық сипаттай алу мүмкіндігі болып табылады. Кәсіпорындарды несиелендіру 
орындылығын айқындайтын кӛрсеткіштер жиынын, сапалық және сандық бағалау 
кӛрсеткіштеріне бӛлу қажет. Сандық кӛрсеткіштер жиынына кәсіпорынның қаржылық 
коэффициенттерін жатқызуға болады, ал сапалық кӛрсеткіштерге кәсіпорын саласының 
бәсекеге қабілеттілік деңгейі мен даму бағытын айқындайтын кӛрсеткіштер жатады. 
Алдыңғы талқылаулар мен сарапшылардың білімдеріне сүйене отырып, кіріс 
параметрлерінің жиынтығынан кейбір коэффициенттерді бӛліп кӛрсетейік (Абрамов және 
т.б., 2019). 
Салалық және аймақтық ерекшелікті кӛрсеткіштер: 
К
1
– Саланың даму динамикасы; 
К
2
– Саланың даму болашағы; 
К
3
– Мұндай ӛнімдерге (жұмысқа, қызметке) нарықтық (саланың) сұраныс; 
К
4
– Аймақтық экономиканың даму динамикасы; 
К
5
– Аймақтық экономиканың даму болашағы
К
6
– Ӛнімнің (жұмыстың, қызметтердің) осы түріне нарықтық (аймақ) сұраныс. 
Қаржылық-экономикалық кӛрсеткіштержәне олардың ұсынылатын нормативті 
мәндері: 
К
7
– Ағымдағы ӛтімділік коэффициенті, ұсынылатын мән ≥2; 
К
8
– Қаржылық тәуелсіздік коэффициенті, ұсынылатын мән ≥50%; 
К
9
– Меншікті айналым қаражатымен қорларды жабу үлесі, ұсынылатын мәнді 
β≈60-80% сарапшы анықтайды; 
К
10
–Борышты ӛтеу коэффициенті, ұсынылатын мән ≥1,5 немесе 2; 
К
11
– Дебиторлық берешектің айналымдылығы, ұсынылатын мән ≤1; 
К
12
–Кредиторлық берешектің айналымдылығы, ұсынылатын мән ≥1; 
К
13
– Қорлардың айналымдылығы, ұсынылатын мән ≥6; 
К
14
– Меншікті және қарыз қаражатының арақатынас коэффициенті, ұсынылатын 
мән ≤1; 
К
15
– Ӛнімнің (сатудың) рентабельділік коэффициенті, ұсынылатын мән 40%. 
Шағын және орта кәсіпорынның қызмет кӛрсеткіштері: 
К
16
– Қызметкерлердің кәсіби деңгейін бағалау; 
К
17
– Кәсіпорындағы моральды-психологиялық атмосфераны бағалау; 
К
18
– Кәсіпорынның нарықта болуының жеткіліктілігі; 
К
19
– Кәсіпорынның экономикалық саясаты; 
К
20
– Кәсіпорынның техникалық саясаты; 
К
21
– Кәсіпорынның кадрлық саясаты; 
К
22
– Қарыз алушының несие тарихы (жоқ). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   495   496   497   498   499   500   501   502   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет