Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика



Pdf көрінісі
бет502/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   498   499   500   501   502   503   504   505   ...   527
Байланысты:
TaimanovMatem

Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
489 
туралы түсінікке ие болуы керек, әр тақырыптың әлем туралы ғылыми идеяларды 
қалыптастыруға қосқан үлесін түсінуі керек, осы материалдың жалпы мәдени 
құндылығын, оның практикалық қолданылуын, барлық математиканың құрылымындағы 
орнын және маңыздылығын түсінуі керек. 
Сонымен қатар, басталған реформаның нәтижесінде бұрын IX сынып курсында 
оқылатын тригонометриялық материал X сыныпқа ауыстырылды. Сондықтан бүгінгі күні 
орта мектепте оқығысы келмеген оқушылар тригонометриямен тек геометрия курсында 
танысады. Бұл геометрия курсында бастапқы тригонометриялық ақпаратты оқытуға үлкен 
жауапкершілік жүктейді. 
Негізінен геометриялық есептерді шешуде тригонометрияны қолдану тӛрт бағытта 
жүреді: 
1)
үшбұрыштың ауданының формулаларын қолдану; 
2)
тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы 
қатынастарды пайдалану: 
а) бұрыштардың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің анықтамаларын 
қолдану; 
б) тепе-тең түрлендірулерді қолдану; 
3)
синус және косинус теоремаларын қолдану; 
4)
практикалық есептерді шешу кезінде [2]. 
Негізгі мектеп оқушыларына тригонометрияны қолданып геометриялық есеп 
шығаруды үйрету үшін, алдымен есептің берілген шартын талдауды үйрету керек. Есепті 
шешу - бұл біршама ерекше жұмыс, атап айтқанда ақыл-ой жұмысы. Кез-келген жұмысты 
үйрену үшін алдымен жұмыс істейтін материалды, осы жұмыс орындалатын құралдарды 
жақсы зерттеу керек. 
Егер біз кез-келген есепті мұқият қарасақ, онда ол есепте кӛрсетілген шарттарға 
сүйене отырып, қойылған сұраққа жауап табу керек. Сондықтан, кез-келген есепті шеше 
бастағанда, оны мұқият зерделеп, оның талаптары (сұрақтары) қандай екенін, есепте 
қандай шарттар берілгенін анықтау керек. Мұның бәрі есепті талдау деп аталады. Оны 
тӛмендегі есептің берілген шартын талдау мысалында кӛрсетейік [3]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   498   499   500   501   502   503   504   505   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет