Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


Keywords:  experience, process, trend, innovative method, technology, group work.  Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет78/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   527
Keywords: 
experience, process, trend, innovative method, technology, group work. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
Ақжігітов Е.Ә., Тілепиев М.Ш. Кредиттік оқыту технологиясы бойынша болашақ 
мамандарды дайындаудағы математиканы оқыту мәселері //Астана,ҚАТУ-2014.-7-15б. 
2.
Мынбаева А.Қ., Садвакасова З.М. Инновационные методы обучения, или как 
интересно преподавать // Алматы,- 2007г.-с.10-25 
3.
Ғаламтор «Google» cайты. 


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
73 
ГРНТИ 27.01.45 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
ЕЛШІБЕК АЙДАНА МАРАТҚЫЗЫ 
– 
МИ-20-1у тобының студенті, 
ПАРМЕНОВА МАНАТ ЖАКСЫЛЫКОВНА - педагогика ғылымдарының магистрі, 
университеттің аға оқытушысы, 
ЕҢСЕБАЕВА ГҤЛЗАТ МҦРАТБЕКҚЫЗЫ – университеттің аға оқытушысы; 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда, Қазақстан 
 
Қазіргі ғылым мен техниканың дамуы кезеңінде оқушылардың жан-жақты білімді, 
ой ӛрісінің кең болып шығуына ықпал ететін мұғалім екені түсінікті. Математикалық 
сауаттылық – оқушылардың логикалық ойлау қабілетінің жоғарғы деңгейі. 
Математикалық сауаттылық тек оқу процесі үшін ғана емес еңбек нарығында да, ӛмірде 
де қажет. Сондай-ақ, Есенкелді Тұяқов ұлттық біріңғай тестілеуге, халықаралық 
зерттеулерге оқушыларды дайындау мақсатында математикалық сауаттылықты енгізу 
тиімді екенін айтып ӛткен болатын [1]. Бұл оқушылардың білім, білік, дағды жүйесін 
қалыптастырудың маңызды құралы болады. Оқушылардың математикалық сауаттылығын 
арттыру математика сабағында жүзеге асырылады. 
Математикалық сауаттылықты қалыптастыру үшін оқушылар: 
-
теорияны білу, оны логикамен ұштастыра білу; 
-
қоршаған ортада пайда болатын және математика арқылы шешуге болатын 
мәселелерді тани білу; 
-
есепті шығаруда тиімді жағын кӛруге баулу; 
-
қойылған мәселелерді математикалық әдістерді және математикалық ұғымдарды 
қолдана отырып шешу, нәтижелерді түсіндіру; 
-
шешімдердің нәтижелерін құрастырып жазу; 
-
есептің математикалық моделін құрастыру; 
-
математикалық сайыс сабақ, пән кеші, апталықтарды математиканың даму 
тарихымен байланыстыру. 
Оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту жолдарының бірі – сабақ 
барысында оқушылардың алған білімін баяндауға ынталылығын арттыру керек деп 
ойлаймын. Оқушылардың математикалық сауаттылығының қалыптасуы «математикалық 
құзыреттіліктің» даму деңгейлерімен сипатталады. 
Математикалық құзыреттілік – нәтижелерді түсіндіру, талдау және түрлендіру, 
математикалық модель құрастыру, қатынастарды анықтау, шынайы ӛмірде пайда болған 
мәселелерді шешу үшін математиканы дәлме – дәл қолдану қабілеттілігі [2]. Оқушы 
назарын аударатын, ойын түрткі болатын математика туралы қызығушылықты 
материалдар, әртүрлі қызықты тартымды есептер, ойындар сабақ үстінде ӛзінің орнын 
табу керек. Мұндай есептер оқушылардың математикаға деген ынта-ықыласын арттырып, 
есептерді ӛздігінен шешуге итермелейді, сонымен қатар логикалық ой-ӛрісін дамытады. 
Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыруда PISA (Programmer for 
International Student Assessment) есептерін қолданудың тиімділігі. PISA нәтижелерін 
талдау, зерттеу мектеп бағдарламаларын меңгеру деңгейін анықтауға емес, оқушылардың 
мектепте алған білімдері мен дағдыларын ӛмірлік жағдайларда қолдана білу қабілетін 
бағалауға бағытталған. 
PISA зерттеуіндегі математикалық тапсырмалар нақты ӛмірлік мәселелерге жақын, 
қоршаған ӛмірдің түрлі аспектілерімен байланысты және ӛз шешімдері үшін 
математикалық талдауды талап ететін, мектептің ӛмірі, қоғам, оқушының жеке ӛмірі, 
кәсіби қызметі және т.б. мәлімет ұсынады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет