Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 71
4.
Білім алушылардың бір – біріне кӛмектесу, үйрету арқылы жолдастық, достық
қарым – қатынастары арта түседі;
5.
Топтық жарыстар кезінде ұйымдастырушылық қабілеттері артады;
6.
Бағалау жұмысын салыстырмалы түрде жүйелі жүргізе алады.
Сабақта топтық жұмысты қолданудың артықшылықтары:
-мақсат дәл болғандықтан түпкі нәтиже дәл анықталады, яғни оны анықтауға
мүмкіндік бар;
-
мәтін түсінікті және қысқа болуы керек,яғни қысқаша түрде негізгі ақпарат берілу
керек;
-мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстардың нәтижесі объективті тексерілуі қажет;
-әдістемеде білім алушылардың оқу іс-әрекетінің түрлері жасалады;
-
интерактивті технологияларды қолдану жақсы ойластырылған және дайындалған
болуы тиіс.
Әдістеме бойынша әр оқытушы сабақ жоспарын ӛзінше жасайды, демек сабақтарда
білім алушылардың іс-әрекеті де түрліше ұйымдастырылады.Білім алушының деңгейі
бұрынғы деңгейімен салыстырылады,сосын жаңа мақсат қойылады,егер мақсат анық
болмаса оқу үдерісінің жетілдірілуіне кедергі жасалады. Ӛзіміз сабақ беретін топтарда
математиканы оқытудың тәжірибелік және дамытушылық мақсаттарына да тоқталып
кетсек,яғни:
-
білім алушылардың алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге,
мамандыққа сәйкес қолданбалы есептерді шығаруға үйрету;
-
білім алушылардың ӛз бетінше білім алуына кӛмектесу, яғни оқулықтар
және ғылыми әдебиеттермен жұмыс жүргізулеріне кӛмек беру;
-
математикаға ықыласын, ӛз бетімен нәтижелі ойлау интеллектісін дамыту;
-
математикалық есте сақтау және ізденушілік, шығармашылық
қабілеттерін дамыту;
-
математикалық объектілерді, қатынастарды, амалдарды тез және
кеңінен
қорытындылай білу қабілетіне баулу.
Әрбір сабақтың соңында кері байланыс кезеңі қолданылады, яғни оқытушының
білім алушылармен үздіксіз ӛзара әрекет етуін жүзеге асыруға, нәтижесінде оқу үдерісін
түзетіп, сабақты әрі қарай жоспарлауына мүмкіндік береді. Кері байланыс кезінде
оқытушылар мынаны ескергендері жӛн:
-
білім алушылардың жақсы жақтарын ескеруі;
-
тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып, «олай емес»,
«дұрыс емес» деген сӛздерді қолданбауы;
-білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілік тұстарын жӛндеудің
жолдарына ұсыныс беруі.
Қорытынды: білім беру үдерісінде оқытушы мен білім алушының қарым-қатынасы
қандай маңызды болса, олардың арасындағы байланысты нығайтуда практикалық
сабақтың да маңызы соншалықты болмақ, яғни практикалық сабақтар оқытушы – білім
алушы, білім алушы– оқытушы арасындағы байланысты нығайтып қана қоймастан,
пәннің білім алушының алдына қоятын мақсаты мен міндетін айқындауда, дәріс
барысында аталған мәселелерге жауап іздеп, шешу жолдарын іздестірудегі тығыз
байланысын байқатады. Математика пәні бойынша жүйелі, жан-жақты терең білім
берілсе, жаңа ақпаратты технология арқылы білім алушылардың шығармашылығы
қалыптасса,онда олардың түскен ақпаратты талдау іскерлігі және алынған деректер
негізінде нақты шешімдер шығаруға үйренуі және математикалық білім деңгейлерінің
кӛтерілуі, қажетті ой сапаларының қалыптастырулары уақыт талабына сай, бәсекеге
қабілетті маман болуларына ықпал болады деп ойлаймыз.