Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 332
n ГРНТИ 83.77.23
ОПТИМАЛДЫ СТРАТЕГИЯНЫ ТАҢДАУДАҒЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ ЕСЕПТЕРІ ДЖАЛБИРОВА Ж.Т., АБУОВА А.Ӛ., СМАХАНОВА А.Қ. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, «Математика және қолданбалы механика» кафедрасы Оптималды стратегияны таңдау процесінде шешім қабылдау маңызды орын алады.
Шешім қабылдау басқару қызметінің міндетті бӛлігі болып табылады. Басшының кез
келген әрекеті қандайда бір шешім қабылдаудан басталады. Кәсіпорын және оның
бӛлімшелері қызметінің нәтижелері ең алдымен басшының дұрыс шешімді уақтылы
қабылдау мен жүзеге асыра білу қабілетіне, ал оның жеделдігі мен дұрыстығы оның
тәжірибесі мен біліміне байланысты. Егер ол ӛндірісті, технология мен адамдарды жақсы
біліп, жұмыс тәжірибесі мол болса, онда оған шешім қабылдау қиынға түспейді.
Басшы жете ойластырып, жоқ мәліметтерді толықтыра білуі, дұрыс қорытынды
жасап, соның негізінде жағдайға сәйкес келетін шешім қабылдауы тиіс [1,68б.].
Шешім қабылдау - бұл қолда бар нұсқалар немесе баламалар ішінен ең қолайлысын
таңдау. Маңызды ұйымдық шешім қабылдау үшін жауапкершілік басқарудың жоғары
деңгейлерінде айқын кӛрінетін ауыртпалық болып табылады/2/. Қабылданған шешім
бүкіл ұжымның, әрбір қызметкердің экономикалық және әлеуметтік нәтижелеріне оң
немесе теріс әсер етеді. Сондықтан да шешім қабылдаған адам үлкен жауапкершілік
тартады.
Зерттелетін құбылыстар немесе процестердің математикалық модельдері
элементтері жүйенің қызмет жасау тиімділігінің жеке критерийлерінің мәндері болып
келетін кесте түрінде беріледі. Элементтері әрқайсысына сыртқы жағдайда
салыстырылатын стратегиялардан есептеледі. Қарастырылатын шарттар үшін шешім
қабылдау:
-
бір критерий бойынша;
-
бірнеше критерий бойынша.
Мысалы, қандай да бір фирмаға жаңа ӛндірісті ӛндіріс құрал-жабдықтарымен
қамтамасыз ету үшін оптималды стратегия таңдау қажет. Тәжірибелі бақылаулар
кӛмегімен 3 ӛндіруші зауыт ӛндіретін әр сәйкесті құралдың (
a ij ) жеке критерийлерінің
мәні анықталады.
Сараптық бағалаулар негізінде жеке критерийлердің
j ; j =
1,4
үлесі анықталады:
1
= 0,4 ;
2
= 0,2 ;
3
= 0,1;
4
= 0,3
Бір критерий бойынша оптималды стратегияны есептеу еш қиындық тудырмайды.
Мысалы, егер құралды сенімділігі бойынша бағаласақ, онда ең жақсысы болып 1 зауыт
табылады ( стратегия
х 1 ).
Бірнеше критерий бойынша оптималды шешімді таңдау – кӛпкритериялы есеп
болып табылады. Басқарудың кӛпкритериялы есебін шешуге бір тәсілі F
i
(a
i1
;a
i2
;a
i3
…a
in
)
функциясын құру мен a
i1
; a
i2
; a
i3
…a
in
критерияларында. Олардың бірнеше түрі бар:
-аддитивті оптимизация әдісі;
-кӛпмақсатты оптимизация әдісі және т.б /3/.
Аддитивті оптимизация әдісін толығырақ қарастырайық. Айталық
F i (
a i 1
) =
j a i 1
(1)
j =1