Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика



Pdf көрінісі
бет82/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   527
Байланысты:
TaimanovMatem

Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
77 
ГРНТИ 27.01.45 
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕГІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫ 
ҦЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ 
 
ЕРБОЛАТОВА ЗАРИНА БАҚТЫБАЙҚЫЗЫ 
ҚорқытАта атындағы 
Қызылорда Университеті магистранты 
 
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім жүйесінде жаңа ақпараттық технологиялар 
кеңінен қолданыла бастады. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі 
арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық 
технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы негізгі қозғаушы 
күші — адам, сол себепті білімнің негізгі принциптері іске асырылуы тиіс. Осыған 
байланысты адамның шығармашылық потенциалын дамыту үшін қажетті жағдай 
жасалуы тиіс. 
Сауатты ӛмір – дамудың жаңа фазасына енеді, бұл жаңа сауатты оқыту 
технологиясын құруға біртіндеп кӛшуді талап етеді. Оқытудың жаңа технологиясына 
кӛшу ұзақ уақыт алады. Компьютерлік технология білім ортасына ене отырып, оқыту 
процесін жақсарту үшін құралдар мен әдістерді қолдануға әкеп соқтырады. Оқыту 
процесінде қолданылатын жаңа әдістердің бірі қашықтан оқыту әдісі болып табылады. 
Негізгі базалық білім беру аймағында қызмет кӛрсету жағынан да қашықтан оқыту 
мүмкіндіктері үкімет тарапынан қолдау тауып жатыр. Осы технологияны пайдалану 
ауылдық жерлерді де жылдам ақпараттандыруға кӛмектесуде. 
Қашықтықтан оқыту – бұл оқытушы мен білім алушы ақпараттық 
технологиялардың кӛмегімен ара қашықтықта ӛзара әрекеттесетін білім алу түрі. 
Қашықтықтан оқыту кезінде білім алушы ӛз бетінше әзірленген бағдарлама бойынша 
айналысады, вебинарлардың жазбаларын қарайды, тапсырмаларды шешеді, оқытушыдан 
онлайн-чатта кеңес алады және ӛз жұмысын тексеруге белгіленген мезгілдерге сай 
ұсынып отырады. 
Елде тӛтенше жағдай енгізілген жағдайда қашықтықтан сапалы оқытуды 
ұйымдастыру ӛте ӛзекті болып саналады. Еліміздің білім беру жүйесінің алдына үздіксіз 
білім беру үшін мүмкіндік жасау міндеті қойылған. Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде 
білім алушыларға арналған түрлі білім беру платформалары бар, мысалы: Bilimland, Daryn 
Online, Kundelik, Platonus, Univer, Edupage, BTS education, U-study, AGS. Бүгінгі күні 
"Zoom" стримингтік сервисі, "Coursera"ең ірі платформасы ӛз қызметтерін тегін ұсынды. 
Мұнан басқа Google Classroom, Hangouts, Kundelik, Moodle жүйелерін қолдануға болады. 
Bilimland ӛз контентінің 40 мың бірлігін тегін ұсынды. 
Орта мектепте оқушылар білімдерінің негізі қаланатын болғандықтан, олар жан- 
жақты білімді болу, әлемде болып жатқан ӛзгерістерден тыс қалмау үшін ауқымды желіге 
қосылу, қажетті ақпаратты іздеп табуға дағдылануы және ақпараттарды қажеттілігіне 
қарай қолдана алуды үйренуі тиіс. 
Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдалану: білім мазмұнының 
заман талабына сай болуына, оқушылардың болашақта қажетті білімді толығымен 
алуына, білімді ӛздігімен меңгеруіне, ӛзін-ӛзі бағалай алуына, ӛз күшіне сенімділіктің 
болуына бағыттайды. Оқыту үрдісінде мектептер, жоғары оқу орындары компьютерлік 
техниканы пайдаланудың локальді және ғаламдық жүйе мүмкіндіктерін кеңінен 
қолдануда. Оның ішінде электронды кітапхана, электронды басылымдар, электронды 
оқулықтар және т.б. оқушының ғылыммен және мәдениетпен қарым қатынасы үшін 
бірден бір мүмкіндікті бүкіләлемдік компьютерлік интернет жүйесі береді. Сондықтанда 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет