Управление музеем: разработка политики и практическое регулирование



Pdf көрінісі
бет15/25
Дата13.02.2017
өлшемі11,83 Mb.
#4010
түріСборник
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
частью, конечно же, чтобы заинтересовать новое поколение музеем, необходимо,   чтобы 
музеи были живые и интерактивные. В этом плане через современные технологии можно 
реализовать  много  полезного  и  интересного.  Обладая  большим  удобством    и   
функциональностью, современные технологии оживляют экспонаты, дают более полную 
тематическую информацию. Так называемые аудиогиды позволяют самому посетителю, 
без  помощи  экскурсовода,  получить  полную  информацию  на  порядок  выше  и  шире, 
оставаясь наедине с Памятью, которая  не терпит суеты и шума. Как же дорога атмосфера 
отрешения  от  рутинных  забот,  наслаждения  тишиной  и  созерцания  экспонатов, 
переосмысления и возвращения к своему «я»
Мультимедиа   это решение проблемы сложности ориентации, поиска экспонатов в 
больших  музеях  с  многочисленными  залами,  разнообразия  вариантов  обслуживания 
посетителей. Информационно-справочные системы, базирующиеся на основе сенсорных 
киосков,    предоставляют  информацию  как  общего  характера,  так  и  подробную 
информацию по отдельным экспонатам. 
Уникальные  артефакты  в  окружении  тач-скринов,  мониторов,  мультимедийных 
систем  раскрываются  в  полной  мере.  Бесспорно,  баланс  присутствия  IT-технологий  и 
устоявшихся  музейных  стандартов  должен  соблюдаться  по  умолчанию,  внедрение 
новшеств  ни  в  коей  мере  не  умаляет  значения  огромного  багажа  знаний  и  опыта, 
накопленного в предыдущие десятилетия.
  Музей  призван  не  только  предоставлять  информацию,  но  заставлять  думать, 
размышлять,  обучаться,  в  современном  понимании  музей    это  интерактивный,  живой 
объект, предполагающий обратную связь. Когда присутствует взаимная работа, взаимное 
культурное обогащение, история становится наиболее интересной, вовлекая все большие 
слои  населения.  Диалог  музея  и  зрителя  взращивает  посетителя  анализирующего, 
задающего  каверзные  вопросы.  В  этом  случае  музей  как  образовательный  центр 
интегрируется в социум, становится потребностью человека, а не местом, посещаемым 
только  на  досуге.    Сегодняшний  музей  все  больше  становиться  не  только  научно-
образовательным,  но  и  общественно-культурным  центром.  Будучи  в  настоящем,  музей 
одновременно  сохраняет  культурное  наследие  прошлого  и  формирует  ценностные 
ориентиры для будущих поколений. 
 Другое преимущество современных технологий заключается в том, они дают новые 
возможности  и  для  музейных  работников:  цифровой  формат  позволяет  тщательно 
описывать и изучать фондовые и выставленные экспонаты. Электронная каталогизация и 
оцифровка  помогают  при  минимуме  кадров  облегчить  контроль  за  сохранностью 
экспонатов. Да, говорить о преимуществах информационных технологий в музее можно 
долго и много. 
Действительность  ставит  другие,  более  широкие  задачи  для  музеев.  Сбор, 
исследование,  хранение,  экспонирование    задачи,  присущие  вообще  музею.  Но  мир 
глобализуется, расширяются человеческие связи, углубляется взаимозависимость людей 
друг от друга, люди приходят к пониманию, что история одного этноса есть часть мировой 
истории.  Эти  социальные  процессы  находят  отражение  и  в  музейном  пространстве: 
открытость, сотрудничество, обмен экспонатами, выставками. 
Говоря  о  Казахском  Национальном  музее,  я  вижу  его  в  ряду  мировых  музеев, 
достойно  выполняющий  свою  миссию,  открывая  нашу  многовековую  историю 
посетителю: ребенку, школьнику, взрослому.  
 Если общая кладовая памяти вписывается в правила развития общества, идет в ногу 
со  временем,  то  она  востребована.  Поверьте,  казахская  земля  хранит  еще  много  тайн 
истории,  которые  ждут  быть  открытыми  и  займут    свое  достойное  место  в  Казахском 
Национальном музее.  
149

З
аман  талабына  сай  бүгінгі  күні  тəуелсіз  мемлекетімізде  жаңа  ақпараттық 
технологиялардың пайда болып оның қарыштап дамуына байланысты əлемде кез 
келген  елдің  кез-келген  саласы  бойынша  адам  айтқысыз  көптеген  өзгерістерге 
ұшырауда.  Жаңа  ақпараттық  технологиялардың  көмегімен  ескіні  жаңартуға, 
жандандыруға, уақытты үнемдеуге үлкен мүмкіндіктер туды. 
Осындай заманда, қоғамды əдемілік, əсемдік жағынан сəндеп, көркемдеп бейнелеп 
нəрлендіретін,  өткен  күн  мен  бүгінгі  болып  жатқан  оқиғалардың  тарихын  таразыға 
салып  салмақтап,  ұрпақтан  ұрпаққа  паш  етуге  жəне  оларды  əсірелеп  көрсетуге  күш 
жігерін аямайтын «өнер» саласының алатын орны ерекше. (автореф)
«Өнер  көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан 
дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. 
Өнер  өмірде  болған  оқиғаларды  қаз-қалпында  алмай,  өзгертіп,  түрлендіріп,  көркем 
образдарды  типтендіру  арқылы  сомдайтын  эстетикалық  құбылыс.  Оны  қоғамдық 
сананың  өзге  формаларынан  даралайтын  белгісі  де  адамның  шындыққа  деген 
эстетикалық  қатынасы  болып  табылады.  Өнердің  мақсаты    дүниені,  адам  өмірін, 
қоршаған  ортаны  көркемдік-эстетикалық  тұрғыдан  игеру.  Көркем  шығарманың  бел 
ортасында  нақты  бір  тарихи  жағдайда  алынған  жеке  адам  тағдыры,  адамдардың 
қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, 
көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тəсілі, құрылымдық келбеті, 
көркем  бейне  жасаудың  материялдық  арқауы  өнер  түрлерінің  ерекшеліктерін 
айқындайды.  Осыған  сай  өнердің:  көркем  əдебиет,  музыка,  мүсін,  кескіндеме,  театр, 
кино, би, сəулет өнері, т.б. түрлері бар.
Өнердің  қызметін,  қоғамдық  сананың,  адам  танымының  айрықша  формасы 
ретіндегі  ерекшелігін  айқындайтын  белгілі  бір  анықтама  беру  немесе  оның  адам 
өміріндегі  маңызы  мен  мəнін  анықтау  жайлы  тартыстар  бүкіл  мəдениет  тарихында 
тоқталған  жоқ.  Өнер  жайлы:  “табиғатқа  еліктеу”,  “Құдайды  тану”,  “шындықты 
бейнелеу”,  “сезім  тілі”,  т.б.  анықтамалар  берілді.  Көптеген  теорияшылар  өнердің 
күрделілігі  мен  санқырлылығына  сай  оның  мəн-маңызын  тек  танымдық  немесе 
идеялдық,  яки  эстетикалық  деп  біржақты  қарастырушылар  да  болды.  Осындай 
көзқарастарға  қанағаттанбай  өнертанушылар  өнердің  бойында  таным  да,  шындықты 
МЕРТЕНОВ Е.Б.
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер
 академиясының докторанты
ӨНЕР ЖƏНЕ ӨМІР 
150

көре білу де, жасампаздық та, көркем бейне де, рəміз сияқты көптеген мəселелер келісті 
үйлесімде,  тығыз  қарым-қатынаста  деген  тоқтамға  келді.  Өнер  жеке  тұлғаның  жан-
жақты дамып жетілуіне, оның эмоционалды күйіне, интеллектуалды өсуіне ықпал етіп, 
адамзаттың қордаланған сан ғасырлық мəдени тəжірибесінен, даналығынан сусындауға 
мүмкіндік  береді.  Өнер  туындысы  адам  сезіміне  қозғау  салумен  бірге,  баяндалған 
оқиғаны басынан өткізгендей тебіреніске, кейіпкердің қуанышына сүйінген, қайғысына 
күйінген толғанысқа əкеледі, эстетикалық лəззəтқа бөлейді. Ол ерекше көркем образды 
рəміздер жүйесі арқылы, айрықша көркем тіл ретінде көрініп, адамдардың санасына жол 
табады. Адамның көркем шығармашылдық əрекеті сан алуан қалыпта дамып, ол өнердің 
түрлері, тектері, жанрлары ретінде таратылады». [1]
«Өнер    дамудың  рухы  жəне  адамның  асыл  қасиеттерін  шыңдайды.  Оның  аса 
қуатты  мүмкіндігін  уысынан  шығарып  алған  бейбақ  дарындар  денесінің  жартысы 
жансызданып қалған сал адамдай өмір сүреді. 
Өнер  құпия  қазыналарды  ашатын  сиқырлы  кілт  сияқты.  Онымен  ашылған 
есіктердің  ар  жағында  бұғып  жатқан  ойлар  белгілі  бір  пішінге  айналып,  қиялдың  өзі 
нақты əрі шынайы бір мазмұнға ие  болады. 
Адамдарға теңіздің түпсіз тұңғиығындай, аспанның зау биігіндей мүлдем өзгеше 
əлемге шығуына мүмкіндік беретін ой-пікірдің пырағы  өнер. Адам өнер арқылы уақыт 
пен кеңістіктен қара үзіп, қалаған бағытына құстай ұшып, жұлдыздай ағады. 
Адамның  асыл  сезімдерін  көздің  қарашығындай  сақтай  отырып,  əрдайым  сол 
сезімдерге ұлы мақсаттардың ең биік шыңдарын нұсқап, сезімтал рухтарды тереңдіктен 
тереңдікке  жетелейтін  себептердің  басында  өнер  тұрады.  Өнер  болмағанда  біз  адам 
қолынан  туған  таңғажайып  туындылардың  біріне  де  куə  болмас  едік.  Сонымен  бірге 
шығармашылықтың шырағын қолына ұстаған, жүрегі жалын атқан жалындаған өнерпаз 
рух иелері, таңғажайып жобаларын өздерімен бірге көрге ала кетер еді...
Адам  баласының  жан  сарайын  жауқазынға  айналдыратын,  ішкі  тереңдігін 
бейнелейтін бірінші «сурет»   өнер. Иə, өнердің арқасында ең терең сезім мен ойлар, 
таңқаларлық жаңалықтар, ең шынайы тілектер таспаға жазылғандай жазылып, бейне бір 
мəңгілікке айналғандай болады.  
Өнердің  иманмен  серіктес  болуының  арқасында  емес  пе,  осы  керемет  əлемнің 
салтанатты,  көркем  ғибадатханалары,  көкке  сұғынған  мұнаралары,  əрқайсысы  өз 
алдына  ізгі  хабар  ұсынған  мəрмəрдағы  əдемі  түстер  мен  мотифтері,  жазу  өнерінің 
алтынмен  өрнектелген  тамаша  туындылары,  ескірмейтін  кестелер  жəне  көбелек 
қанаттары  сияқты  əсем  нақыштарымен  көз  тоймас  əсем  түстер  мен  заттардың 
көрмесіне  айналғаны. 
Шынайы  ғылым  өзін  өнерімен  танытады.  Өнер  айдынында  құлаш  ұрып,  жүзе 
алмаған адамды соншалықты көп нəрсе біледі деуге келмейді.  
Адамның аса нəзік, қылдай жіңішке, қауырсыннан жеңіл сезімдері өнер арқылы 
сергек тартып, өнер рухымен қанат қағып, қалықтай алады. Өнерсіз адам өлікпен тең. 
Сол  өнердің  майталман  шеберлері  тарапынан  мойындалмаған,  анық  бағасын 
алмаған  қандай  да  бір  өнер  туындысы  пішін  мен  рухты  бір-бірінен  ажырата 
алмаудан туындайды. 
Өнер туындысына деген құрмет пен игі ниет оның өзіне емес, оның рухындағы 
өнер мен шеберлікке тəн. 
Алтыннан  темірдің,  күмістен  жездің  бəсін  арттыратын    өнер.  Иə,  ең  құнсыз 
заттардың өзі өнер арқылы алтыннан, күміс пен алмастан да құнды затқа айналады. 
  Біздің ойлау жүйемізбен үндестік тапқан көркем туындылар жасампаз рухтардың 
адамзатқа  ұсынған  сый-сыяпатындай  болған,  уақытты  білдіретін  кəдімгі  сағаттан 
бастап, көзіміз нашарлаған кезде көзімізге қуат беретін көзілдіріктер, айшылық алысты 
жақындатқан  байланыс  құралдары,  əлемнің  түкпір-түкпірінде  болып  жатқан 
оқиғалармен  дер  кезінде  таныстыратын  теледидарлар,  діттеген  жерімізге  жеткізіп 
салатын  пойыздар,  автобустар  мен  ұшақтар,  спутниктер  мен  əуе  кемелеріне  дейін 
151

адамзаттың  бақыты  мен  игілігі  үшін  қызмет  ететін  бүкіл  құралдар  да    өнерге  ғашық 
сезімтал рухтардың туындысы. 
Өнерді  қабылдай  алмайтын  сезімсіз  рухтардың  бар-жоғы  бірдей.  Олардың  өз 
өміріне,  отбасыларына,  халқына  пайдасы  тимейді,  тіпті  зиянды  тобырдан  ешқандай 
айырмашылығы да жоқ» [2]. Өнер   өміріміздің ажырамас бөлігі екеніне осыдан-ақ көз 
жеткізуімізге болады.
Мемлекет басшысы рухани салаға азаттықтың алғашқы жылдарынан бастап көңіл 
бөлініп келе жатқандығын алға тартып жүр. «Рухы берік, санасы ояу, мəдениеті озық, 
əдебиеті  өрелі  елдің  болашағы  да  баянды  болады.  Сондықтан  біз  білім  мен  ғылым, 
мəдениет пен руханият саласына айрықша көңіл бөліп келеміз. Мемлекеттен де қомақты 
қаражат бөлініп, бағдарламалар қабылдануда. Елде жаңа театрлар мен мəдениет үйлері, 
кітапханалар салынуда»,  деп өз сөзінде үнемі айтып отырады.
Соңғы 10 жылда осы саладағы мемлекеттік шығыс 11 есе өскен. Елімізде 18 жаңа 
театр, 220-дан астам мұражай жəне 870-тен аса жаңа кітапхана ашылған.
  Ал  Мемлекеттік  стипендияларға  есімдері  отандық  өнердің  болашағымен 
байланысты нағыз дарындар ие болды.
Биыл мəдениет жəне өнер саласының қызметкерлері алғаш рет төл мерекелерін 
атап  өтті.  2012  жыл  мəдениет  саласы  үшін  айтулы  жыл  болып  отыр.  Қазақстан 
Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Жарлығымен тəуелсіз Қазақстанның 
мерекелер  тізбесіне  жаңа  кəсіби  мереке    қыркүйектің  соңғы  жексенбісінде  аталып 
өтілетін Мəдениет жəне өнер қызметкерлерінің күні қосылды. 
    Өнер    киелі  ұғым,  қасиетті  жол.  Оған  екінің  бірінің  қолы  жете  бермейтіндей 
қасиеті болу керек. Уақыттың өзі іріктейді, өнер жолы қиын жол. Бар қиындыққа төтеп 
беріп, өнерге жанын бергендер ғана осы жолда қалады. Көрермен алдында өз өнерін паш 
ету, халқына өнерін арнау жаны таза, көңілі кіршіксіз жандардың маңдайына бұйырған 
тағдыр. Ол күйкі тірліктің күйбеңін, өмірдің сан алуан қиындығын сыйқырлы өнердің 
сыры арқылы жеңіп жүрген жандарға, қазақ халқының дəстүрі мен салтын сүйген, тілі 
мен  өнерін  сақтауда  аянбай  еңбек  етіп,  өнер  өлкесінде  өзіндік  өз  үлесін  қосып  келе 
жатқан дарындыларға жасалған құрмет деп білемін. 
Елімізде тұңғыш рет аталып өтілетін осы кəсіби мерекенің күнтізбеден лайықты 
орын  алатынына  сенімдімін.  Біз  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Əбішұлы  Назарбаевқа 
Қазақстанның  рухани-мəдени,  жасампаздық  əлеуетін  одан  əрі  нығайту  жолындағы 
өлшеусіз  еңбегі,  өнер  адамдары  мен  таланттарға  деген  ерекше  ықыласы  үшін  шексіз 
алғысымызды  білдіреміз.  Өйткені  біз  биыл  кəсіби  мерекемізді  тұңғыш  рет  өткізгелі 
отырмыз. 
Қоғамның  бір  тірегі    рухани  құндылықтар.  Оны  шығармашылық  тұлғалар 
орнықтырады. Көркем дүниенің өзегінде идея болатынын бəріңіз білесіздер. Идеяның 
артында  іс  жүреді.  Шығарма  авторлары,  өнер  иелері  ел  бірлігі  идеясы  төңірегіне 
топтасқаны жөн. Көркем шығармалар мен өнер туындылары елді өркендетуге қызмет 
етуі керек. Өнердің сапасы елдің санасына əсер етеді Сондықтан бүкіл ұрпақ үшін мұра 
болып қалатын сүбелі дүниелерді туғызу керек. «Жемісті 20 жылымыздың əдебиет пен 
өнердегі  жылнамасын  жасауымыз  қажет.  Еліміздің  алдында  мəртебелі  міндеттер  тұр. 
Мақсатымыз    айқын,  бағытымыз    белгілі»  [4]    деген  Елбасы  сөзімен  өз  ойымды 
аяқтағым келіп отыр. 
Пайдаланған əдебиеттер:
1. Қазақ энцеклопедиясы
2. Фетхуллаһ Гүлленнің веб-сайты
3. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Өнердің сапасы елдің санасына əсер етеді 
   // Егемен Қазақстан, 12 қаңтар, 2012  
152

Б
үгінгі таңда əлемдік өркениеттің жетістіктерімен санаса отырып, нақтылы қоғам 
мен ұлттың мүддесіне бейімделген тəрбие жүйесін калыптастыру - болашақтан 
үміті бар кез келген қоғамның да, ұлттың да ең киелі міндеті.
Мұстафа  Шоқай  1931  жылы  «Ұлттық  мəдениеттен  жұрдай  рухта  тəрбиленген 
ұрпақтан халқымыздың қасиеті мен мүддесін жақтайтын пайдалы азамат шықпайды» - 
деп  жазған  екен  [1,152-153  б.б.].  Мұндай  ақиқат  ойларды  Қазақстандағы  бүгінгі 
жастарды тəрбиелеу  мəселесімен  байланыстыру қажет.
Біріншіден, жастарды ұлттық дүниетанымын əлемдік мəдени кұндылықтар мен 
диалектикалық тұтастықта жетілдіріп отыру қажеттігіне ден койылады.
Екіншіден, ұлттық құндылықтар жүйесін сақтай білуге жəне оны белсенді түрде 
басшылыққа алуға жастарды баулу мəселесі назар аудартады.
Үшіншіден, жас ұрпақты тəрбиелеу барысында бүгінгі өркенитті дүниеде болып 
жатқан өзгерістерді ескеріп отыруға, екінші жағынан, өз елінің этномəдени, тарихи, 
əлеуметтік-экономикалық ахуалын терең тануға айрықша көңіл бөлу қажет.
Қазақстан  -  көпэтникалык,  көпконфессиялық  мемлекеттердің  бірі.  Қоғамдағы 
қандай  да  болсын  мəселелерді,  оның  ішінде  жастарды  тəрбиелеуде,  этникалық 
факторды ескермеу қоғам өміріне көптеген теріс əсерін тигізетін салдарға алып келуі 
мүмкін. Осыған байланысты бұл проблеманы оңтайлы жəне жан-жақты шешудің əр 
түрлі  міндеттері  күн  тəртібіне  қойылады.  Республикамыздың  тарихи  ұлттық 
ерекшеліктерін  ескеру,  оның  ішінде,  жас  ұрпакты  өз  ұлтының  мəдени-рухани 
кайнарларынан  сусындату  міндеті  туындайды.  Бүгінгі  қолданыстағы  оку 
жоспарларының ұлттық негізі қандай, қазақ халқының келешегін, тарихы, мəдениеті 
ИСКАКОВА К. 
философия ғылымдарының 
кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы 
ЕҰУ-ң Қазақстан 
тарихы кафедрасының 
профессоры
МҰҢАЛБАЕВА Ү.Д.
 «Атамекен.Қазақстан картасы» 
этно-мемориалдық
кешенінің директоры
педагогика ғылымдарының  
докторы
«АТАМЕКЕН. ҚАЗАҚСТАН КАРТАСЫ» ЭТНО-МЕМОРИАЛДЫҚ 
КЕШЕНІНІҢ  ЖАСТАРДЫ ПАТРИОТТЫҚҚА ТƏРБИЕЛЕУДЕГІ РӨЛІ
153

мен тілін қорғап, дамытуға бағытталған ба, ел ертеңіне жұмыс істей ме? Ең алдымеи, 
осы көрсетілген міндеттерді   жүзеге   асырудың құралы   жəне   негізі студенттердің, 
жастардың     патриоттық     (отаншылдық)       сезімін     қалыптастыру оқыту жүйесінде 
кандай орын алады?
Елбасы қазақстандық патриотизм идеясын көптен бері алға тартып  келеді. Өзінің 
халыққа  арналған  Жолдауында  бұл  идеяны  ол  ұлттық    қауіпсіздік  стратегиясының 
құрамдас бөлігі ретінде атап корсетті. «Бесіншіден - делінген Елбасы Жолдауында, - Біз 
Қазақстанның  барлык  азаматтарының  отаншылдық  сезімі  мен  өз  еліне  деген 
сүйспеншілігін дамытуға тиіспіз».
Елдің  елдігі,  мемлеқеттің  дербестігі  халықтардың  отаншылдық  сезімінің, 
патриотизімінің  деңгейіне  тіқелей  байланысты.  Сондықтан,  Елбасы  қазақстандық 
патриотизмді  қалыптастыруды  стратегиялық  міндеттер  дəрежесінде  арнайы 
қарастырып отыр.
Отаншылдық  идеясы  өмірге  бүгін  келіп  отырған  жоқ.  Адам  қауымдасып  өмір 
сүргеннен  бастап,  өз  қоғамын,  өлкесін,  табиғатын  сүйген,  ұнатқан.  Соларға  деген 
айрықша  сезімді  бойына  сіңірген.  Кейін  отаншылдық  сезімі  біртіндеп,  саяси  мəн-
мазмұн  ала  түскен.  Патриотизм  гректің  раtrіs  -  отан,  ел  -  деген  сөзінен  шыққан. 
Кейінірек  бұл  термин  Отанға,  елге,  туған  жерге  деген  сүйіспеншілікті  білдіретін 
жиынтық ұғымға уласқан. Отаншылдық идеясы адам баласының баршасына дерлік тəн 
сезім  дейтін  болсақ,  ал  қазақстандық  патриотизм  Қ.Қалмырзаевтың  ойынша 
төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталады. Патриотизм - тарихи, əлеуметтік ұғым. 
Ол адамның бойында туа біткен сезім емес. Патриотизм дегеніміз - өз Отанына деген 
сүйіспеншілік,  өз  халқына  берілгендік,  өз  Отанының  мүддесі  үшін  кез-келген 
құрбандық пен ерлік жасауға дайын тұрушылық. Патриоттық сезім ген арқылы мұраға 
берілмейді, нақтылы-тарихи ортада ұзақ уақыттар бойына қалыптасады. Патриоттық 
сезімнің  обьектісі  мен  қайнар  көзі  Отан  болып  табылады.  Туған  жер,  табиғат  оның 
байлықтары, тіл, дəстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша қиелі орындар - 
жалпы ұлттық құндылықтар ешкмді де бейтарап калдыра алмайды. Олар сөзсіз адам 
көкірегінде  жылылық,  жақындық,  туыстық  сезімдерді  ұялатып  жатады.  Бір  сөзбен 
айтқанда, патриотизм қасиетті ұғым [2] .
Қазакстандық  патриотизмге  келсек,  ол  тек  қазақтардың  ғана  өз  отанына 
сүйіспеншілігі емес, онда мекендеген бүкіл ұлт пен ұлыс өкілдерінің бəріне қатысты 
дүние.  Бірақ  ешкімді  елін,  отанын  зорлатып,  күштеп,  үгіттеп,  жел  сөздің  күшімен 
алдап-арбап сүйгізе алмайсыз. Елін сүію əркімнің жеке, өз арының ісі. Қасиетті сезім 
ананың сүтімен өзі келмейді, ол адам өсе, есейе келе, өз ақылы өзіне жетіп, өз басымен 
тіршілік ете бастағанда, азаматтың бойында біртіндеп калыптасатын құдыретті сезім. 
Бұл  сезім  əркімде  əр  кезде  (яғни  əртүрлі  жаста)  оянып,  кейін  кəмелетке  келгенде 
біржола буыны қатып, тəжірибемен, жаспен, уақытпен, біліммен, коршаған ортаның 
ықпалымен, мемлекеттік жəне қоғамдық социологиялық институттардың (бала бақша, 
отбасы,  мектеп,  жоғаргы  оқу  орындары,  бұкаралық  акпарат  кұралдары,  коғамдық 
ұйымдар,  əртүрлі  саяси  ұйымдар  мен  қозғалыстар,мəдени  орындар,  оның  ішінде 
мзейлер де бар) əсерімен қалыптасады [3,266-270б.б.].
Жастарды  патриоттыққа  тəрбиелеуде  «Атамекен»  Қазақстан  Картасы»  этно-
мемориалдық кешенінің рөлі зор.
Қазақстанның бетке тұтар мақтанышы, жаңа жетістіктер мен мəдениеттің ошағы 
елордамыз  Астананың  қақ  ортасынан  орын  тепкен  «Атамекен»  Қазақстан  Картасы» 
этно-мемориалдық  кешені  Қазақстанның  байлығын,  тарихи  жəдігерлерін,  мəдени 
ескерткіштерін,  мемлекеттің  тыныс-тіршілігін  əлемге  паш  етіп,  жас  ұрпақты 
отаншылдық  рухта  тəрбиелеу  мақсатында  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
Н.Ə.Назарбаевтың  бастамасымен  2001  жылдың  8  қыркүйегінде  Астана  қаласының 
154

əлеуметтік-мəдени  саласындағы  маңызды  орталықтардың  бірі  ретінде  ашылған 
болатын.  Ашық  аспан  атындағы  мұражай  деп  те  аталатын  «Атамекен»  Қазақстан 
Картасы»  этно-мемориалдық  кешені  мəдени  жəне  ағартушылық  бағытта 
жұмыс жасайды.
«Атамекен»  Қазақстан  Картасы»  этно-мемориалдық  кешені  туралы  толық   
мағұматты  МұналбаеваҮмітхан  Дəуренбековнаны  «АТАМЕКЕН.  Этномемориалдық 
кешен» атты иллюстрацияланған альбомынан табуға болады [4].
«Атамекендегі» тарихи ескерткіштер мен ежелгі қалалар макеттері қазақ жерінің 
тарихының  тым  тереңде  екенін  ұқтырады.  (Отырар,  Ақыртас,  Ақтөбе,  Сарайшық, 
Тараз,  Үшарал,  Уəлібай  мешіті,  Бекет  ата  мешіті,  Шопан  ата  мешіті,  Арыстанбаб 
кесене-мешіті,  Қарахан  кесенесі,  Алаша  хан,  Жошы  хан  кесенесі,  Қарашаш  ана, 
Бəйдібек  баба  кесенесі  т.б.).  Сонымен  қатар  қазақтың  ірі  тұлғалары    Қорқыт  ата, 
Ш.Уəлиханов, А.Құнанбаев, Шəкəрім, Қожа Ахмет Йассауи, Алаша хан, Есет батыр, 
Ə.Молдағұлова,  М.Мəметова  т.б.  жəне  егеменді  еліміздің  тəуелсіздік  нышандары 
көрсетілген. Еліміздің тарихын терең зерттеп білуде өзіңнің шыққан ортаңды білудің 
маңызы зор: сен қайда тудың, сенің ата-бабаларың кім болған, олар саған қандай мұра 
қалдырды,  міне,  осыларды  əрбір  саналы  азамат  білуге  тиіс.  «Атамекен»  Қазақстан 
Картасы» этно-мемориалдық кешенінің жастарға берер тарихы да, тəрбиелік мəні де 
зор мəдени мұра. Этнотарихи құнды экспонаттар саны жыл сайын өсуде. Егер этно-
мемориалдық кешен ашылған жылы олардың саны 100 болса, 2012 жылы 500 ден асты. 
Кешеннің  атқаратын  қызметі  еліміздің  өткен  тарихымен,  əрбір  облыстарда 
орналасқан  негізгі  ескерткіштердің  архитектурасымен  таныстыру  арқылы  келешек 
ұрпаққа  ұлттық  ождан  мен  абыройды  сіңірту.  Қазақ  қоғамының  оянуына,  сілкінуіне 
ұлтының  мəңгілігін  ойлаған  ұлы  азаматтардың  жүріп  өткен  жолын,  ерлікке  тартар 
еңбектерін  бағалай  алатын  есі  бар  ұрпақ  тəрбиелеу,  зерттеу  біліктерін,  проблеманы 
анықтау,  ақпарат  жинау,  бақылау,  тəжірибе  жүргізу,  талдау,  жорамал  жасау, 
қорытындылау дағдыларын игерту. 
  «Атамекен»  Қазақстан  Картасы»  этно-мемориалдық  кешені  тек  демалыс  жəне 
мəдениет  ошағы  ғана  емес,  Қазақстанның  болашақ  ұрпақтарын  тəрбиелеп  отырған 
үлкен ғылыми-əдістемелік орталық. Осыған орай кешен Астана қаласының жоғары оқу 
орындары,  колледлицейлері жəне мектептерімен тығыз қарым-қатынаста. 
Бүгінгі білім беру  барлық жағынан жаңартуға ұмтылыс жасалатын əлем. Қазіргі 
таңда  қоғамның  əлеуметтік-экономикалық  жағынан  дамуы  барысында  əлеуметтік 
сұраныс  негізі  жан-жақты  дамыған  тұлғаның  белсенді  əрекеті  мен  ғылыми  саналы 
көзқарасын қалыптастыруды қажет етеді. Оның бүгінгі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, 
жан-жақты  жетілген,  бойында  ұлттық  сана,  ұлттық  психология  қалыптасқан  ертеңгі 
қоғам иегері боларлық, парасатты азамат тəрбиелеп өсіру- отбасының, мектептің жəне 
барша халықтың міндеті. Этнокешен əкімшілігі де өздеріне осындай міндетті жүктей 
отырып, көптеген іс-шаралар өткізеді. 
Сонымен қатар, мұнда халықаралық жəне республика деңгейіндегі форумдар, on-
line  конференциялар  жəне  мерекелік  іс-шаралар  ұйымдастырылып,  ел  тарихының 
тұғырлы  кезеңдеріне  арналған  шаралар  да  өткізіліп  тұрады.Этнокешен  ұжымы  ҚР 
тарих  институтының  ғалымдары,  қаладағы  ЖОО-лардың  оқытушыларымен  тығыз 
шығармашылық  қарым-қатынас    орнатты.ЕҰУ-ң  Қазақстан  тарихы  кафедрасының 
оқытушылары этнокешенде дəрістер оқып, семинарлар мен тренингтер өткізді.
   «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалды кешен базасында қоғамдық 
«Атамекен»  патриоттары»  жасөспірімдердің  қалалық  клубы  ашылды  (2008  жылы). 
Клуб мақсаты  жасөспірмнің бойына ұлттық сезімді, ождан мен абыройды сіңірту. Ел, 
жел  тарихы  туралы  жеткіліксіз  білімді  əр  түрлі  ақпарат  көздерінен  балалардың  өз 
бетінше жəне ықыласпен оқып үйренуіне əрі жеткізу дағдыларын қалыптастыру. Клуб 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет