Управление музеем: разработка политики и практическое регулирование



Pdf көрінісі
бет17/25
Дата13.02.2017
өлшемі11,83 Mb.
#4010
түріСборник
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25

162

қазыналарымыздың бірі, ал біздің мақсатымыз   осыншама ұшан теңіз халық мұрасын 
аман сақтап, қалың көпшілікке таныстыру, болашақ ұрпаққа өнеге тұту. Осы мақсатты 
көздей  отырып,  экспозиция  тарауларында  тарихи  көне  ескерткіштерді,  дəлірек 
айтқанда  көне  замандарда  өмір  сүрген  халықтардың  (сақтар,  үйсіндер,  түркі 
халықтары, қазақтар) тұрмысы, өнері, діни нанымдары, тұрмыста пайдаланған құрал 
жабдықтары, қарулар мен бұйымдары, көрнекті түрде көрсетілген. Оңтүстік өңірінде 
XVII  XIX ғасырларда өлкемізді мекендеген ежелгі тайпалардың мəдени жетістіктерін 
бойына  сіңірген  қазақ  халқының  тұрмыс-тіршілігінде,  əдет-ғұрпында  ерекше  орын 
алған  дəстүрлі  қолөнердің  жан-жақты  салалары  дамып,  əйгілі  халық  шеберлері 
жасаған сан алуан тамаша бұйымдар осы уақытқа дейін сақталып келеді. Зал төрінде 
осы дəстүрлі қолөнердің биік туындысы, ата-бабаларымыздың сан мыңдаған жылдары 
төлбаспанасы  алты  қанатты  киіз  үйі  өзінің  жиһаздарымен  жартылай  көлемде 
көрсетілген.  Киіз  үйдің  ішінен  орын  алған  бұйымдар-  асадал,  адалбақан  төсекағаш, 
кебеже  бедерлі  ою-өрнектермен  сан  алуан  табиғи  бояулардың  үйлесімді 
қолданылуымен  ерекшеленеді.  Көшпелі  заманның  салт-дəстүрімен  жалғасып  келе 
жатқан қолөнердің аса бай қазынасының бірі- қазақтың ұлттық киімдері экспозицияда 
жергілікті жердің ерекшеліктеріне бейімделіп орындалған ер адамдардың жазғы жəне 
қысқы киім үлгілері, музейдің аса құнды жəдігерлері   XX ғ. бас кезінде тігілген əйел 
адамдардың алтын, күміс жіптермен зерленген сəнді киімдері, қазір музейлер қорында 
сирек кездесетін өкшесі биік əйел кебісі, барқыттан тігіліп, əртүрлі жібек жіптермен 
зерленген əйел белдемшесі қойылған. 
Өте  ерте  заманнан  келе  жатқан  сəндік  өнердің  бір  түрі    зергерлік  өнер.  Музей 
қорындағы  зергерлік  бұйымдар  алуан  түрлілігі  жөнінен  жəне  сапасы  жағынан 
Республикадағы  ең  елеулі  жиынтық,  мəдени  мұра,  мемлекеттік  қазына  болып  отыр. 
Биік талғамды ата-бабаларымыздың эстетикалық сұранысына сай келген қайталанбас 
ерекшеліктерімен жасалған қос бауырлы бас жүзік, сырға, қапсырма, шолпы, құдағи 
жүзік,  өңіржиек,  түйме,  тұмарша,  айсырға,  үзбелі,  кісе,  кемер  белбеулер  жəне  т.б. 
əшекейлер ауқымды көлемімен, сыртын сіркелеу, алтындау, асыл тастардан көз орнату 
тəсілдерімен көркемделуімен асқақ əрі салтанатты көрінеді. Қолданбалы өнердің аса 
іскерлік пен шынайы талғамды талап ететін түрі   сүйек ұқсату. Экспозицияда сүйек 
əшекейлермен  əсем  безендірілген  қолсандықтар,  кебежелер,  ожаулар,  əшекей 
бұйымдары орын алған.Сонымен қатар, ел арасында жиі кездесетін тоқымашылық, ою-
өрнек  сияқты  əйелдер  үлесіне  тиген  қолөнер  түрлерін  ашып  көрсетуге  көп  көңіл 
бөлінген. Ежелгі қазақ тарихының кіндік өлкесі   Оңтүстік өңірі ертеден ұлтымыздың 
ерекше  қасиеттері  батырлық  пен  биліктің,  шешендік  пен  ақындықтың  дəуірлеген 
ортасы болған жер. XVII - XVIII ғ.ғ. қазақ халқына  жоңғар шапқыншылығы қисапсыз 
қайғы-қасырет  əкелді.  Қазақ  жəне  жоңғар  билеушілерінің  арасындағы  күрес  бір 
ғасырдан  астам  уақытқа  созылды.  Ұлттық  тəуелсіздіктен  айырылып  қалу  қаупі 
қазақтарды бірігуге мəжбүр етті. Қазақ жүздерінің бірігуі 1727 ж. Ордабасыда болған 
бүкілқазақтық құрылтайда іске асты. Үш жүздің төбе билері  Төле би, Қазыбек би жəне 
Əйтеке би сияқты данышпан бабаларымыздың арқасында қазақтар бірігіп жауға қарсы 
шықты. Біріккен халық жасағы құрылды, оны кіші жүздің ханы Əбілхайыр (1693- 1748) 
басқарды. 1729-1730 жылдары басқыншыларға бірнеше мəрте күйрете соққы беріліп, 
кіші  жүз  бен  орта  жүз  жерлерінің  біраз  бөліктері  жаудан  тазартылды.  Көрермен 
қауымның  назарына  ежелгі  қазақ  жауынгерлерінің  қару-жарақтары:  садақ,  айбалта, 
сойыл, шоқпар, дойыр, босмойын, сондай-ақ, қазақтың көне тұрмыстық бұйымдары 
мен ыдыс-аяқтары, бүркітпен аң-аулау құралдары мен ұлттық ойындарға байланысты 
заттар  қойылған.Экспозиция  көрнектерінің  бір  бөлігі  дін  тақырыбына  байланысты 
жасақталған.  Дін    кез  келген  мəдени  өркениеттің  өзегі,  қоғамның  қай  дəрежеде 
дамығандығының көрсеткіші. Қазақстанның оңтүстік аймағын мекендеген көне түркі 
163

тайпаларының, кейінгі қазақ халқының басынан кешірген діни-рухани баспалдақтары 
мен  ұрпақтар  арасындағы  сабақтастықты  көрсету  мақсатында  өз  заманының  ұлы 
ойшылы, түркі халықтарының рухани бастауларының бірі болған Қожа Ахмет Яссауи 
мұрасын,  өмірі  мен  шығармашылығы  туралы  зерттеулер,  қорытындылары  туралы 
мағлұматтар мен Қ.А.Яссауи негізін салған сопылықтың түрлілік бағыты «Иасауийа» 
тариаты, оның таралу бағыттары, сонымен қатар, осы бөлімде Оңтүстік Қазақстандағы 
əулиелер, олардың тарихи қалыптасу жүйесі туралы баяндалады.
Өлкеміздің  саз  дəстүрі,  оның  бүгінге  жеткен  тарихынан  сөз  етсек,  өзгелерден 
бөлек қабілет дарыған күйшілік, шешендік, жыраулық дəстүрді жалғастырған өнерпаз  
жандар  аз  болмаған.  Күй  өнерінде  өз  орындау  дəстүрін,  қолтаңбасын  қалдырып 
дараланған  тума  таланттар    қобызшы  Ықылас  Дүкенов,  күйші    Сүгір,  т.т.  туралы 
сондай-ақ ата-бабамыздан қалған сарқылмас бай мұра қазақтың ұлттық аспаптары мен 
қазақтың ұлттық ойындарына арналған арнайы экспозиция жасақталған. 
2004-2006 жылдар аралығында  музейдің  ІІ-ші қабатында жаңа экспозиция  құру 
жұмысы  жүргізілді.  Жаңа  құрылған  экспозиция,  негізінен  Оңтүстік  Қазақстан 
облысының  тарихына  байланысты  XIX  -  ғасырдың  екінші  жартысы  мен  XXI-ғасыр 
Тəуелсіз  -  Қазақстан  тарихы  аралықтарын  қамтиды.  Жаңа  экспозицияны    құру 
барысында,  оның  ғылыми  тұжырымдалған  тақырыптық  құрылымы  бойынша 
көрнекілік  кешендері  жасалды.  Музей  көрнегінде  тақырыптық-  экспозициялық 
жоспар  бойынша  ғылыми    іріктелген  жəдігерлер,  олар  туралы  мағлұматтар,  түп 
нұсқалары мен көшірмелері, ғылыми қондырғылар, қосалқы құжаттар т.т. қойылған. 
Тақырыптық жоспарға сəйкес жаңа құрылған экспозиция негізгі 4 бөлімнен тұрады, ол:
1.  XIX  ғ.  басы    XIX  ғ.  ІІ-ші  жартысындағы  Қоқан  хандығының  қол 
астындағы өлке..
2. Ресей империясының құрамындағы өлке. Қазақстандағы Ресей империясының 
отаршылдық саясаты.
3. Тоталитарлық жүйе кезеңіндегі өлке. (ХХ ғ.басы- 1991ж)
4.  Тəуелсіз  Қазақстан  жылдарындағы  Оңтүстік  Қазақстан  облысы.  (  1991ж.   
қазіргі кезең).
XIX ғасырдың алғашқы жартысы  Қазақстан үшін саяси, мемлекеттік еркіндіктен 
біржола айырылып, отарлық тəуелділіктің дəм-тұзын тату кезеңіне енді   XIX ғ. І-ші 
жартысында  жүргізілген  əкімшілік  реформалар,  1868  жылғы  жаңа  басқару  жүйесі   
музей  экспозициясында  архивтерден  келіп  түскен  Жарғы,  Ережелердің  көшірмелері 
фотоматериалдар  арқылы  берілген.  XVIII    XIXғғ.  тоғысында  Орта  Азияда  Қоқан 
хандығы құрылды. Əлімхан (1801- 1809 жж) Қазақстанның оңтүстігіне əлденеше рет 
басқыншылық жорық жасап, көптеген елді мекендерді басып алды.
Экспозицияның   бірінші бөлімінде XVIII   XIX ғасырларда Орта Азияда Қоқан 
хандығының  құрылуы  жөнінде  жəне  оның,  Қазақстанның  оңтүстігіне  бірнеше 
басқыншылық жорықтарын жасап, көптеген елді мекендерді, оның ішінде Шымкентті 
басып  алуы  жөнінде  баяндалады.  Экспозициядан  орын  алған  «XIX  ғасырдың  бас 
кезеңіндегі  Қазақстан»  картасында  Қоқан  хандығының  1821,  1858  жылдардағы 
жорықтары бейнеленген, сондай-ақ Қоқанның соңғы ханы Құдиярдың, оның ұлдары 
мен туыстарының суреттері, сол кезеңнің қару-жарақтары көрсетілген. XVIIIғ. соңы 
мен  XIXғ.басында  орта  жүз  бен  кіші  жүз  аймақтарының  басым  бөлігі  Ресей 
империясының  құрамына  енгізілген  болатын.1824  жылы  оның  құрамына  Жетісу 
аймағы  да  кірді.  Тек,  Оңтүстік  Қазақстанның  аумағы  ғана  Қоқан  хандығының  қол 
астында  болды.  XIX  ғ.  екінші  жартысында  патша  өкіметі  өзінің  Орта  Азиядағы 
əрекеттерін белсенділендіре түсті. Орыс əскерлерінің шабуылы 1864 жылы басталды. 
Жаз бойына орыс əскерлері қоқан əскерлерін талқандап, Түркістан, Əулиеата(қазіргі 
Тараз)  жəне  Мерке  қалаларын,1864жылы  22  қырқүйекте  шабуылмен  Шымкент 
164

қаласын басып алды. Сөйтіп, Қазақстанды Ресейге қосып алу процесі Ұлы жүзді толық 
жаулап алумен аяқталды. 1867 жылдан бастап Шымкент Сырдария облысының уездік 
қаласына айналды.
Экспозиция  сөрелерінде  көрермен  назарына  XIX  ғасырдың  бас  кезеңіндегі 
Шымкент қаласының ескі көріністері мен XIX ғасырдың ІІ-ші жартысындағы Ресейдің 
Орта  Азия  мен  Қазақстанды  жаулап  алуы  жөнінде  мəліметтер,  карталар  ұсынылған. 
Осы экспозиция төңірегінде «Уезд басшыларының кабинеті» көрініс алған. XIX ғ. 60-
шы жылдарынан Қазақстанды отарлаудың жаңа кезеңі  қоныс аудару саясаты басталды. 
Ресейде  басталған  аграрлық  дағдарыс  жағдайында  қазақ  жерінен  28-30  млн. 
десятинадай  жер  «  артық  жер»  болып  жарияланып,  орыс  шаруаларына  үлестіріле 
бастады.  Олар  қазақтың  ең  шұрайлы,  құнарлы  жерлеріне  орналасып,  дəстүрлі  мал 
шаруашылығын  күйретуге  əкелді.  Келімсектердің  көбеюіне  байланысты  қазақ 
шаруаларының  жерлері  тарылды,  олар  шұрайлы  жерлерінен  айырылып,  тау-тасты 
аралап, құнарсыз жерлерге қарай қуылды. 1875-1895 жылдары Сырдария облысында 52 
орыс  елді  мекені  құрылып,  оның  ішінде    Шымент  уезінде  18  орыс  селолары  пайда 
болды. Қоныс аудару демографиялық жағдайды ушықтырып, қазақтар өз тарихи ата 
мекенінде саны аз халыққа айнала бастады. Отарлаушылар алдында қазақ халқын саяси 
жағынан ғана емес, рухани жағынан да құлдыққа түсіру міндеті тұрды. Патша өкіметі өз 
мақсатына  жету  үшін  орыс-қазақ  мектептерін  ашуды  таңдап  алды,  өйткені  халық 
бұқарасының идеологиясы мен мəдениетіне оқу орындары арқылы ғана ықпал етуге 
болатын еді.
Экспозициядан  Уезд  орталықтарындағы,  болыстық,  ауылдық  мектептердің 
ашылуы жөнінде көрнектерде қойылған фотоматериалдармен танысуға болады. Саяси 
үстемдік орнатқан отарлаушылар қазақ даласын экономикалық жағынан да өз уысында 
ұстап  тұрды.  Олар  өз  тауарларын    өткізудің  рыногына  айналдыру  үшін  сауданы 
дамытуға  мүдделі  еді.  Россияның  капиталистік  өнеркəсібі  мен  Қазақстандағы 
ауылшаруашылық өндірісі арасында делдал ретінде əрекет еткен Россияның сауда жəне 
өсімқорлық  капиталы  Россияның  орталық  губерниялары  мен  Қазақстан  арасындағы 
ғана емес, сонымен бірге өлкенің ішінде де товар айналысының өсуін шапшаңдатты.
Мұражай көрермендері сол кезеңнің суреттері мен құжаттарын, сондай-ақ Россия 
империясының қағаз ақшаларын көре алады. Қазақ даласы ежелден қазба көздерінің 
орны  болды.  Арзан  шикізат  көздерін  Ресейге  тасудың  қажеттігі  Орынбор-Ташкент 
темір жолын салуға алып келді жəне өлкеміздегі өндіріс орындарының өсуіне үлкен 
ықпал  етті.Осыдан  бастап,  Ресейден  Оңтүстік  өңіріне  арзан  өнеркəсіп  тауарлары 
қаптап, бұл жақтан арзан шикізаттар кетіп жатты. 1915 жылы Бурное стансасына барып 
барлығы  327  шақырымдық  темір  жол  салынып,  іске  қосылған  еді.  1920  жылы 
Əулиеатадан,  1924  жылдың  тамызында  Луговой  арқылы  Пішпекке  дейін  жетті.  Осы 
темір жолдың картасы, суреттері мен сол кезеңнің заттай ескерткіштері де осы залдан 
орын алған. 
Патша  өкіметінің  отарлау  саясатының  мəні  мен  маңызын  жете  түсініп,  оған 
төзбеген қазақ зиялыларының бір тобы :
«Көзіңді аш, оян қазақ көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты
Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым енді жату жарамас-ты» 
деп,  күреске  шақырып,  «Алаш»  партиясын  құрды.  Осы  партияның  рухани 
көсемдері Ə.Бөкейханұлы, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М. Дулатовтардың атқарған 
қызметі, «Алаш Орданың» жалпы саясаты туралы мəліметтер жұртшылық назарына 
ұсынылған.  Патшаның қанқұйлы зұлымдығы туралы хабар қазақ даласына тез тарады. 
Қалалар мен селоларда жұмысшылар мен қала кедейлерінің жиналыстарында, сондай-
165

ақ  кедей  шаруалардың  жиындарында  патшаның  озбырлығына  қарсы  наразылық 
көрсетілген  үн  көтеріліп  жатты.  1905  жылы  ақпанның  ортасында  бүкіл  Орынбор-
Ташкент  темір  жолы  бойында  Түркістан,  Перовск,  Жосалы,  Қазалы,  Шалқар 
стансаларында  жұмысшылардың  өздерінің  экономикалық  жағдайын  жақсартуды, 
жұмыс  күнін  қысқартуды  талап  еткен  ереуілдері  болып  өтті.  1905  жылы  жазда 
Сырдария  облысының  Шымкент  жəне  Əулиеата  уездерінде  толқу  бұрқ  ете  түсті. 
Мұражай көрнек залында келушілердің назарына сол кезеңнен көріністер жəне 1910 
жылдың  үлгісіндегі  «Максим»  станокты  пулеметы  (ұңғысының  кеңдігі  7,62мм.  Ату 
шапшаңдығы  минутына  250-300  атыс)  көрсетілген.  Ресейде  жұмысшылардың 
революциялық  бас  көтеруі  1913  жылдан  одан  əрі  кең  өріс  алды.  Өкімет  пен 
еңбекшілердің  арасындағы  қатынастардың  осындай  шиеленіскен  жағдайында 
патшаның  1916  жылғы  25  маусымдағы  жарлығы  шықты,  онда  соғыс  жүріп  жатқан 
аудандарда  «қорғаныс  бекіністерін»  жасау  үшін    тылдағы  жұмыстарға  «бодан 
халықтарды»  мобилизациялау  көзделген  еді.  Оған  19-дан  43  жасқа  дейінгі  еркектер 
шақырылды.  Ашу-ыза  кернеген  шаруалар  мен  жұмысшылар  көтеріліске  шықты. 
Қазақстандағы  көтеріліс  патшалық  əкімшілік  үшін  де,  сондай-ақ  жергілікті  үстем 
феодалдар тобы үшін де күтпеген жерден басталып кетті. Көтерілісшілер шоқпарды, 
қанжарды, орақ пен шалғыны, балтаны, қолдан соққан мылтықты, қылышты   қолына 
түскеннің  бəрін  алып  бай-шонжарлардың  ауылын  шапты,  малдарын  айдап  əкетті, 
шақырылатындардың тізімдерін тартып алып, өртеді.Ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған 
жəне  табанды да, ұйымдасқан көтеріліс Торғай даласында болды, оған жұрт арасында 
танымал халық батыры Амангелді Иманов басшылық етті.
Мұражай көрнегінде көрсетілген құжаттардан қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-
азаттық  көтерілісі  патшалық  режимнің,  отарлау  жүйесі  дағдарысының  бір  көрінісі 
екендігі  айқын  байқалады  жəне  ол  Ресейдегі  азаттық  күрестің  жалпы  тасқынына 
ұласқандығы жөнінде де осы көрнекте қойылған материалдарды көру арқылы мəлімет 
алуға  болады.Өлкеміздің    1917-1940  жылдар  аралығындағы  кеңестік  дəуірде  жүріп 
өткен  кезеңі  экспозицияда  ықщамдалып  қайта  құрылған.  Əсіресе  бұрын  айтылмай 
келген  ұжымдастыру  кезіндегі  тəркілеу,  1929-1931  жылдар  аралығындағы  Созақ 
көтерілісі,  1932-1933  жылдардағы  ашаршылық,  1937-1938  ші  қуғын-сүргін 
жылдарындағы  өлке  тарихын  ашып  көрсетуге  ерекше  назар  аударылған.  Оңтүстік 
Қазақстан  облысындағы  саяси-қуғын-сүргін  1937жылы  өзінің  шарықтаған  шегіне 
жеткен  еді.Осы  жылдың  маусымында-ақ,  жергілікті  атқару  комитеті  мен  Кеңестік 
Одақтардың басшылары, ірі кəсіпорындар мен мекеме басшылары жаппай тұтқынға 
алынды.  Бірінші  болып  облыстық  атқару  комитетінің  төрағасы  В.Случак,  оның 
орынбасары  К.Кулетов,  облыстық  жер  басқармасының  бастығы  Ə.Бөкейханов, 
облыстық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі Андижанов жəне тағы басқалары 
тұтқындалды.1937 жылғы 28 қырқүйекте «Казахстанская правда» газетінде «ҚК (б)П 
Оңтүстік Қазақстан облысының шіріген бағыты» атты мақала жарық көрді. Ол газетте « 
Оңтүстік Қазақстанның облыстық жетекші ұйымдарында ұзақ уақыт бойы халықтың 
қас  жаулары  жұмыс  істеп  келді»  деп  жазылды.  Республика  баспасөзінің  мұндай 
жариялымынан кейін облыстағы жағдай күрт шиеленісті.Зорлық-зомбылық толқыны 
басталды.  Осы  мақсаттарды  іске  асыруды  қамтамасыз  ету  үшін  елде  атышулы 
«социалистік  индустриялизациялаудың»  ең  сорақы  бейне  көрінісі  болған    ОГПУ- 
НКВД-нің  лагерлер  жүйесі  ашылды,  онда  КСРО-ның  бүкіл  аймақтарынан  қуғын-
сүргінге  ұшырағандарды  жаппай  ұстады.  1930-1960  жылдары  Қазақстанда  осындай 
лагерлердің  біразы  пайда  болды.  Солардың  бірі  Қарағанды  жəне  Ақмола 
облыстарының 2095239 гектар жерін алып жатқан «Карлаг» болды. Оның иелігінде 26 
бөлімшеге  біріктірілген  1000  лагерлік  бөлімшелер  орналасқан.  Басты  бөлімшелері- 
«Алжир»  жəне  «Гулаг».  1930-1957  жылдары  бір  миллионға  дейін  сотталғандар  өз 
166

жазаларын  өтеп  шықты.  Карлаг  тұтқындары  санының  38  пайызы  қайта  сотталып, 
қосымша  қамау  мерзімдеріне  немесе  атуға  кесілді.Оңтүстік  Қазақстан  облысы 
бойынша  36-сы  ең  жоғары  жазаға  кесілді.Олардың  ішінде  Оңтүстік  Қазақстан 
облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы А.И.Досов, облыстық атқару Кеңесінің 
төрағасы  В.И.Случак,  облыстық  атқару  Кеңесінің  жауапты  хатшысы  Б.С.Иржанов, 
облыстық  партия  Кеңесінің  ауыл  шаруашылығы  бөлімінің  меңгерушісі  А.Ф. 
Грушицын т.б. болды. Қалалық, аудандық партия комитеттерінің 13 хатшысының 9-ы 
ату  жазасына  кесілген.Сондай-ақ,олардың  арасында  өлкемізде  туып  өскен,  қазақ 
ұлтының  маңдайына  біткен  жерлестеріміз  көрнекті  қоғам  жəне  мемлекет 
қайраткерлері Тұрар Рысқұлов, Нəзір Төреқұлов, Сұлтанбек Қожанов т. б. болды.
Көрнек  залындағы  «Облыс  1941-1945  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында»атты 
тақырыбы жерлестеріміздің соғыстың алғашқы күнінен бастап, жеңіспен аяқталғанға 
дейінгі  майдан  мен  тылдағы  ерліктері  туралы  баяндайды.  1941жылғы  23  маусымда 
Шымкент  қаласында  өткен  жалпықалалық  митингіде  қала  еңбеккерлері  қарар 
қабылдап, онда шымкенттіктердің өз туған жерін кеудесімен қорғап, жауды тас талқан 
еткенше аянбай күресетіндігі мəлімделді. Ұлы Отан соғысының барлық шебінде біздің 
жерлестеріміз  ерлік  пен  батылдықтың  жарқын  үлгісін  көрсетті.  Оңтүстік 
Қазақстанның 52 даңқты ұлына «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді, 9-ы «Даңқ 
орденінің  толық  кавалері»  атанды.  Мыңдаған  солдаттарымыз  бен  офицерлеріміз 
жауынгерлік  ордендермен,  медальдармен  наградталды.  Мұражай  көрермендерінің 
назарына  сол  жылдардағы  əскери  комиссариатқа  түрлі  ұлт  өкілдерінен  соғысқа  өз 
еркімен аттануға тілек білдірген өтініш қағаздардың түп нұсқалары мен көшірмелері, 
сондай-ақ  төл  құжаттары,  жауынгерлердің  əскери  киімдері  мен  заттары,  қару-
жарақтары, ірі калибрлі пулеметтердің ұңғылары, роталық минометтердің миналары 
т.т.  қойылған.Тылда  қалғандар  да  барынша  жанқиярлықпен  еңбек  етті.  Оңтүстік 
Қазақстан  облысаралық  еңбек  резервтері  басқармасының  мектептері  мен 
училищелерінде оқушылар құрамы үш еседен астам өсті. Соғыс жылдарында 13 мың 
жас  жұмысшы  əртүрлі  кəсіптерге  даярланды.  Олардың  ішінде  2379  шахтер,  3870 
металлист жəне металлург, 5766 теміржолшы, 1315 байланысшы, 520 станок жасаушы 
т. б. болды.
Көрнек  залының    келесі  тақырыптары  соғыстан  кейінгі  жылдардағы  кезеңде 
облыс  экономикасының,  мəдениетінің,  халыққа  білім  беру,  денсаулық  сақтау 
салаларының өркендеуі кеңінен көрініс алған. Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталып, 
облыс еңбекшілері бейбіт құрылысқа көшті. Соғыс жылдарында Оңтүстік Қазақстанға 
көшірілген өндіріс орындары оның экономикасын көтеретін базаға айналды.
Келесі көрнектерде қойылған жəдігерлер мен құжаттарды көру арқылы көрермен 
қауым өлкеміздегі соғыстан кейінгі жылдары түсті металл, энергетика, машина жасау, 
құрылыс материалдары өндірісі, сондай-ақ күрделі құрылыс жедел қарқында өркендеп 
дамығанын,  сонымен  қатар  облыста  жаңа  өндіріс  орындары  салынып,  бұрынғы 
көптеген өндіріс орындары қайта құрылғаны жөнінде толық мəлімет ала алады. 1947 
жылы  Шымкент  қаласында  Қазақстанда  ол  кезде  бірінші  болып  есептелетін  мақта-
мата  комбинатының  құрылысы  басталды  да,  1952  жылдың  аяғында  алғашқы  өнімін 
бере  бастады.  1950  жылдарда  Шымкент  қорғасын  зауытының  қайта  құрылысы 
басталды,  бірақ  1946  жылдың  өзінде  ол  қорғасын,  висмут,  Доре  металын,  прокат 
шығаруды,  шикізаттан  қорғасын  алуды  ұлғайтып,  жоғары  маркалы  қорғасын 
шығаруды  екі  есе  көбейткен  болатын.  Пресс-автомат  зауыты  да  едəуір 
ұлғайтылды.1950  жылдан  бастап  суық  жəне  ыстық  күйінде  қалыптайтын  пресс-
автоматтар, ұсталық жəне шкифтік машиналар шығара бастады.Сексенінші жылдан 
зауыт құрамында үш өндіріс орны бар (Шымкентте, Ленгірде, Түркістанда) ұстахана-
пресстерін  шығаратын  өндірістік  бірлестікке  айналды.  1955  жылы  Шымкентте 
167

қаракөл зауыты іске қосылды. Осы зауыттың іске қосылуына орай бағалы аң терілері 
Халықаралық  аукционда  «Қазақстандық»  деген  жаңа  маркалы  қаракөлдер  орын  ала 
бастады. 1958 жылы Шымкент цемент зауыты өзінің алғашқы өнімін шығара бастады. 
1958 жылы қазан айының ортасында техникада қолданылатын этил спиртін шығаратын 
гидролиз  зауыты  Шымкентте  өзінің  алғашқы  өнімін  бере  бастады.  Осы  жылы 
автомобиль жөндеу зауытының негізінде жалпы өнімі 533 мың сомдық кардан біліктері 
зауыты құрылды. 1960 жылдары Шымкент қаласында жоғарғы қуатты сөндіргіштер 
жəне  жоғары  вольтты  аппараттар  шығаруға  мамандандырылған  «Электроаппарат» 
зауыты, Кентау қаласында эксковатор (1968), трансформатор (1959), зауыттары   іске 
қосылды. 1961 жылы іске қосылған Ташкент-Шымкент газ құбырларының құрылысы 
жалғасты.  1965  жылы  Фосфор  зауытының  бірінші  кезеңі  іске  қосылды.  Бұл  зауыт 
фосфор,  фосфор  қышқылын,  триполифосфат  натрий,  фосфор  тұздарын,  мырыш 
фосфоридын,  ал  1979  жылдан  синтетикалық  кір  жуғыш  өнімдерін  шығара  бастады. 
1976  жылы  «  Шымкентшина»  бірлестігі  өз  өнімдерін  бере  бастады.  Сондай-ақ,  осы 
жылы  тамақ  өнеркəсібі  кеңінен  өркендеді.  1976  жылы  сүт  комбинатының  негізінде 
Шымкент(1959), Кентау (1983), қалалық сүт комбинаттарын, Түркістан (1973), Ильич 
(1954), Сарыағаш (1981), май зауыттарын, Қарасу(1952), Георгиевка (1973), Азатлық 
(1963), сүт цехтарын біріктіретін Шымкент өндіріс бірлестігі құрылды.
1980 жылдың басында мұнай өңдеу зауыты салынды, сол жылы Омск-Павлодар-
Шымкент  мұнай  айдайтын  жүйе  іске  қосылды.1985  жылы  Шымкентте  балық 
комбинаты іске қосылып, əртүрлі балық тағамдары сауда орындарына жөнелтілді.1987 
жылы  облыста  173  өндіріс  орны  мен  бірлестіктер  900  түрлі  зат  шығарып,  оның  40 
түрлісі шет елдерге жіберілді. 1950-1980 жылдары игерілген жаңа өндіріс қуаттары, 
жұмыс  істеп  тұрған  өндіріс  орындарын  қайта  құру,  техникалық  жағынан  қайта 
жабдықтау облыстың өндірген өнімдерін, тек ғана халық шаруашылығына емес, басқа 
да шет елдерге жөнелтуге мүмкіндіктер туғызды. Мысалы, пресс-автоматтар өндіріс 
бірлестігі  шығаратын  автоматты  фрикционды  престерді,  горизонтальды  кавочты 
машиналарды  Қытай,  Польша,  Чехославакия,  Венгрия,  Африка  елдері,  Латын 
Америкасы шын ықыласпен сатып алады. Ал, Шымкент қорғасын зауыты шығаратын 
қорғасын  прокаты  Финляндияға,  Ауғанстанға,  Индияға  ,  Еуропа  елдеріне 
жөнелтіледі.Химфарм  зауыты  шығаратын  Шымкент  сантонині  Англияға,  Иранға, 
Вьетнамға, Кореяға, Югославияға жəне басқа елдерге жөнелтілуде.1991 жылы облыста 
өндірістің жалпы өнім көлемі 6.385910 мың сом болды, ал халық тұтынатын тауарлар   
251323 мың сом, 1992 жылдың басында облыста 3 акционерлік қоғам, 18 ассоциация, 5 
коммерциялық  фирма,  52  коммерциялық  жəне  кооперативті  банктер,  26  консорциум 
мен концерндер жұмыс істеді.
Бүгінде Оңтүстік Қазақстан   - елімізде қарқынды дамып отырған облыстардың 
бірі.  Аймақтың  таңдаулы  кəсіпорындарының  экономикалық  көрсеткіштері  тұрақты 
дамудың  айғағы  болып  отыр.Экономиканың  табысты  дамуының  тағы  бір  дəлелі    ол 
жаңа  кəсіпорындар  мен  жаңа  жұмыс  орындарының  пайда  болуы,  бұл  əсіресе  мақта 
өңдеу саласында елеулі көрініс тапты. Ірі өнеркəсіптердің дамуы ұсақ жəне орта бизнес 
кəсіпорындары  санының  артуымен  қоса  іске  асырылуда.  Облыс  кəсіпорындары 
Қазақстанның  барлық  өнеркəсіп  өнімдерінің  5%-ын  шығарады.  Мақта  мен  мақта   
майы, экскаватор түгелдей, трансформаторлардың 98% -ы, фармацевтика өнімдерінің 
75%-ы оңтүстікте шығарылады.
Облыс орталығы Шымкент   Қазақстанның инфрақұрылымы жақсы дамыған ірі 
өнеркəсіпті   индустриялы қаласы. Қалада 40 аса өнеркəсіп орыны бар. Мұнай химия 
өнеркəсібі  саласындағы  ірі  кəсіпорындар:  «Петро  Казахстан  Ойл  Продактс»(мұнай 
өңдеу, бұрынғы ШНОС)ААҚ жəне «Интерком Шина»(шина шығару) ААҚ. Құрылыс 
өнеркəсібі    «Шымкент-цемент»ААҚ(«портланд»  маркалы),  «Дыш  Тиджарет  ве 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет