44
Кӛз бұршағының
аккомодация күші
жасына лайық
ӛзгереді: 1 жаста 25 диоптрия, 3 жаста – 20, 5-6 жаста – 15,
7-15 жаста – 12, ересек адамда 10 диоптрияға тең.
Кӛру гигиенасы.
Кӛру гигиенасының талаптары:
- кітапты оқығанда, қағазды жазғанда баланың кӛзі мен
қағаз аралығы 35-40 см болуы тиіс. Ең тиімдісі 37 см;
- баланың жұмыс орнының жарығы дұрыс қосылуға тиіс.
Ең тиімді жарық мӛлшері 150-300 люкс шамасында.
- үстелде, партада бала дұрыс отыруы керек.
- жүріп келе жатқан кӛлікте кітап оқуға болмайды.
- теледидар кӛрсетулерін қарағанда ең кемінде 2,5-3 м
қашықта отырған жӛн.
- баланың жасына лайық жазу,оқу еңбектерінің,
теледидарды қарау ұзақтығын, әсіресе кӛзге күш түсіретін
еңбектің түрлерін, олардың ұзақтығын мұқият қадағалаған
жӛн.
- баланың жасына лайық кітапты оқу ұзақтығын сақтау:
6 -7 жаста – 10 минут, 7-10 жаста – 15 минут,
10-12 жаста – 20 минут, 12-15 жаста – 25 минут,
15-18 жаста – 30 минут, яғни осы кӛрсетелген уақыттан
соң аз да болса, кӛзді демалдырып отыру қажет немесе кӛз
талмайтын жұмыспен айналысқан жӛн.
Достарыңызбен бөлісу: