Қушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы



Pdf көрінісі
бет22/54
Дата06.10.2023
өлшемі0,85 Mb.
#113267
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   54
Байланысты:
16d00f73201d940052140be0d417d975

Дыбыс талдағышы

Дыбыс талдағышының шеткі 
бӛліміне – ішкі құлақта орналасқан 
Корти мүшесі
, ӛткізгіш 
бӛліміне – 
дыбыс нерві
, қыртыс бӛліміне – самай тұсында 
орналасқан 
дыбыс есту орталығы
жатады. Дыбыс 
талдағышының ең шеткі бӛлімі – құлақ үшке бӛлінеді: 
сыртқы, ортанғы және ішкі құлақ болып. 
Құлақ күрделі құрылысты мүше. 
Сыртқы құлақ
құлақ 
қалқаны мен сыртқы құлақ түтігінен тұрады. Құлақ қалқаны 
дыбыс толқындарын жинап, сыртқы дыбыс түтігі арқылы 
дабыл жарғағына жібереді. Дыбыс толқындары екі құлаққа 
әртүрлі мерзімде жетуіне байланысты құлақ қалқандары 
дыбыстың бағытын, шыққан орынын анықтайды. 


45 
Дабыл жарғағы
сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бӛліп 
тұрады. Ол ішіне қарай ойыңқы құрылыс. Оның қалыңдығы 
ересек адамда 0,1 мм, кеңістікте 45 градусқа кӛлбеу 
орналасқан. Ортаңғы құлақ самай сүйегінің қуысында 
орналасқан дабыл қуысынан тұрады. Сол қуыста 3 дыбыс 
сүйектері бар: балғаша, тӛсше, үзеңгіше. 
Ішкі құлақта 
екі талдағыштың шеткі бӛлімдері 
орналасқан: біріншісі, вестибулярлық аппарат бір-біріне 
перпендикуляр орналасқан жартылай айналмалы 3 каналдар 
мен олардың табалдырығынан тұрады; екіншісі, ұлу сүйегі – 
есту мүшесі. 4-6 жаста ересек адамның түтігіндей болады. 
Дабыл жарғағының орналасуы 4-6 жаста 45 градусқа 
теңеледі. Ортаңғы құлақтың құлақтың кӛлемі 4-6 жаста 
ересек адамдардың ортаңғы құлағының кӛлеміне жетеді. 
Евстахи түтігі 6 жастан асқанда ғана ересек адамдардың 
түтігіндей болады. Ішкі құлақ 2-3 жастың арасында-ақ 
ересек адамның құлағымен теңеседі. 
Дыбыс талдағышының ерекшеліктері.
 
Адам ағзасына 
әсер етуші шудың ықпалын азайтып, есту қабілетін ұзақ 
мерзім жоғары дәрежеде сақтап қалу үшін бала кезден 
бастап есту гигиенасының талаптарын дұрыс орындап 
отыру керек. 
Мектеп бӛлмелеріндегі айқай-шудың мӛлшері – 40-100 
децибелден 
артығырақ 
болады. 
Ер 
балалардың 
шеберханасындағы шудың шамасы 60-110 децибел, сынып 
бӛлмесінде – 40-90 децибел. 40 децибел шамасындағы шу 
балаларға зақым келтірмейді. 50 децибелден асқанда 
балалардың еңбек қабілеті тӛмендейді. Әсіресе 60 
децибелдегі шу оқушылардың зейінін тӛмендетіп, еңбек 
қабілетін нашарлатады. Осыған байланысты баланың еңбек 
шеберханасында шулы жұмыспен кӛп шұғылданбағаны 
жӛн.
Соматикалық-сенсорлы жүйе деп, температуралық, 
тактилді және ауырсыну сезімдерін қамтамасыз ететін 


46 
рецепторлық 
құрылымдардың 
жиынтығын 
айтады. 
Температуралық рецепторлар дененің температурасының 
тұрақтылығын сақтауда маңызды рӛл ойнайды. Тактилді 
рецепторлар механикалық әсерді, қысымды сезіну, жанасу 
мен 
дірілді 
сезінуді 
қамтамасыз 
етеді. 
Түйсіну 
табалдырығының тӛмендеуі 18-20 жаста ӛтеді. Ауырсыну 
бос 
нерв 
ұштары 
ретінде 
танылатын 
арнайы 
рецепторлармен қабылданады. Ауырсыну сезімдері 5-7 
жастар аралығында жылдам ұлғаяды. 
Дәм сезудің сенсорлы жүйесінің шеткі бӛлігі – дәм сезу 
рецепторлары тілдің ұшында, түбінде және екі қапталына 
орналасқан. Иіс сезудің сенсорлы жүйесінің шеткі бӛлігі – 
иіс сезудің рецепторлары мұрын қуысының жоғарғы 
жағына, 5 см
2
жерге орналасқан. Балалардың иіс сезу 
талдағыштары дүниеге келісімен қызмет етуді бастайды. 5-6 
жасқа дейін иіс сезу талдағыштарының сезімталдығы 
жоғарылап, одан кейін ақырындап тӛмендей бастайды. 
Негізгі әдебиеттер. [2-3-8] 
Қосымша әдебиеттер. [1-3-5] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет