Қушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы



Pdf көрінісі
бет17/54
Дата06.10.2023
өлшемі0,85 Mb.
#113267
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54
Байланысты:
16d00f73201d940052140be0d417d975

8.5. 
Оқушылардың 
жоғары 
жүйке 
қызметінің 
анатомиясы, физиологиясы. Оқушыларда неврозды 
алдын алу. 
Дәріс тезистері
Жоғары жүйке әрекетіне
(ЖЖӘ) ми сыңарлары мен 
оның қыртысының қызметі жатады. ЖЖӘ адам ағзасының 
сыртқы ортамен қарым-қатынасының тиімді қалыптасуын 
зерттейді. ЖЖӘ: ес, сана, ойлау, ұйқы, түс кӛру, кӛңіл-күй. 
Мұғалімдер ЖЖӘ түсіну арқылы балалардың мінез-
құлықтарын біліп, жан-жақты білімді, дұрыс дамыған 
жастарды тәрбиелей алады.
И.М.Сеченов 
«Ми 
рефлекстері»(1863) 
еңбегінде 
психикалық әрекеттердің рефлекторлы табиғатын алғаш рет 
дәлелдеген. И.М.Сеченовтың бұл ілімін И.П.Павлов шартты 


36 
рефлекстер тұрғысынан дәлелдеген және дамытқан. 
И.П.Павлов барлық рефлекстерді екі топқа шартты және 
шартсыз рефлекстер деп бӛлді.
Шартсыз рефлекстер
– ағзаның іштен туа болған, тұрақты, 
тұқым қуалай берілетін әсерлер. Мысалы, қарашық, тізе, ахилла 
және басқа рефлекстер. 
Шартты рефлекстер
-бейімделуші, уақытша және қатаң 
түрдегі жеке рефлекстер. Олар үйретілетін •немесе табиғи 
ортаның әсеріне ұшырайтын түрдің бір немесе бірнеше 
ӛкілдеріне ғана тән болады.
Шартты рефлекстер
тұқым қуаламайды, тек ӛмір 
тәжірибесінің негізінде, сыртқы ортамен байланыстың арқасында 
пайда болып отырады.
Шартты рефлекстердің түрлері 
Экстерорецепті
шартты 
рефлекстер 
сыртқы 
орта
тітіркенулерін қабылдайды. Оған жататындар кӛздің торлы 
қабығының, құлақтың, терінің, иіс және дәм сезудің жасушалары..
 
Проприорецепті
 
шартты рефлекстер қаңқаның бұлшықет-
терін тітіркендіргенде, яғни оның проприорецепторларына әсер 
еткенде пайда болады. Бұлшықеттердің созылып, жиырылуын 
қабылдайды, яғни дененің қимыл-қозғалыстарын білдіреді. 
Интерорецепті
шартты рефлекстер ішкі мүшелерді 
тітіркендіргенде олардың рецепторына әсер ету арқылы пайда 
болады. 
Олар 
ағзаның 
ішкі 
ортасындағы 
ӛзгерістерді 
қабылдайды.
Шартсыз рефлекстер 
алғашқы кезде ағзаның тірлігін 
сақтау үшін қажет. Баланың алғашқы апталық ӛмірінен 
бастап оның шартты рефлекстері пайда болады. 5-10-шы 
күндері тамақтануға байланысты шартты рефлекстері 
қалыптасады, кеңістікте дұрыс орын алу шартты 
рефлекстері байқаладыы. 5-7 жас арасында қозу мен тежелу 
күшейе түседі. 6 жаста ішкі тежелуі жақсарады, ми 
қыртысының жұмысы артады. Бала 16-20 мин. бір нәрсеге 
зейінің тоқтата алады, сӛзге байланысты санасы 5-7 жаста 
жақсы дамиды. 


37 
И.П.Павлов ЖЖӘ топтарын ми қыртысындағы қозу мен 
тежелудің негізгі 3 қасиетіне байланысты 4 топқа бӛледі. Ол 
қасиеттер: қозу мен тежелудің күші, теңдігі, алмасуы. Қозу 
мен тежелудің ми қыртысындағы осы қасиеттеріне қарай 
ЖЖӘ 4 түрлі топтарын атаған: 
1. Күшті, ұстамсыз, қозуы тежелуден басым топ – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет