48
күллі организмге әсер етеді. Осыған байланысты ішкі
секрециялық бездер қан тамырларына бай келеді.
Гормондардың қасиеттері: а) олар ӛте белсенді, тым
азғантай мӛлшерде (микрограмм, нанограмм, пикограмм)
әсер ете алады; ә) әсері арнайы бағытталған, бір гормон
жетіспегенде екінші бездің гормоны немесе басқа бір
белсенді химиялық зат оның қызметін атқара алмайды; б)
ұлпаларға, мүшелерге ӛзінің пайда болатын жерінен
дистантты, яғни қашық тұрып, алыстан әсер етеді.
Ішкі секрециялық бездердің қызметі ӛзара тығыз
байланысты. Олар бір-бірінің қызметіне белсенді түрде
тікелей де, жүйке жүйесі арқылы жанама да әсер етеді.
Мұндай ӛзара байланыстың нәтижесінде олардың қызметі
жүйке жүйесі арқылы кері байланыс жолымен реттеліп
отырады да, денедегі гормондар мӛлшері тұрақты мӛлшер
қалпында сақталады. Егер бұл байланыс бұзылса,
организмде түрлі зат алмасуға байланысты аурулар пайда
болады.
Ішкі секрециялық бездердің қызметі соншама жақсы
реттелгенімен олардың қалпына және қызметіне түрлі
аурулар әсер етеді. Гормондардың ӛндірілуі нашарлағанда
гипосекреция
(грек.
гипо
– аз, тӛмен) және күшейгенде
гиперсекреция
(грек.
гипер
– артық, жоғары, шегінен тыс)
байқалады. Демек, ішкі секрециялық бездердің қызметінің
бұзылуы организмнің тіршілігіне әсер етіп, қауіп тӛндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: