Қушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы


-11]  Қосымша әдебиеттер. [4-8]



Pdf көрінісі
бет28/54
Дата06.10.2023
өлшемі0,85 Mb.
#113267
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   54
Байланысты:
16d00f73201d940052140be0d417d975

7
-11] 
Қосымша әдебиеттер. [4-8] 
 
8.9. Оқушылардың тыныс алу жүйесінің анатомиясы, 
физиологиясы. Оқу бӛлмесіне қойылатын гигиеналық 
талаптар. 
Дәріс тезистері 
 
Тыныс мүшелері мұрыннан басталады. Тыныс жолдары 
екіге бӛлінеді: а) дем алғанда және дем шығарғанда ауаның 
жылжитын қуыстары; ә) 
ауа 
мен 
қанның 
арасында 
газдардың алмасатын орыны - ӛкпе альвеолалары (лат. 
альвеолус
– ойма қуыс, науа). 
Тыныс алуға қатысатын мүшелер 
тыныс алу
жүйесін 
құрады. Бұл жүйенің мүшелерін екіге бӛледі: 
тыныс 
жолдары
және басты тыныс алу мүшесі - 
ӛкпе
.
Ауа сырттан ӛкпеге және ӛкпеден сыртқа қозғалатын 
қуыстар – тыныс жолдарына мұрын қуысы, кӛмей, кеңірдек, 
және бронхылар жатады. Дегенмен, тыныс жолдарының 
қызметі ауаны ӛткізу ғана емес. Мұрын қуысында, кӛмейде, 
кеңірдекте және бронхыларда дем алғанда ішке кіретін ауа 
шаңнан, микробтардан тазартылып, тыныс жолдары мен 
ӛкпе қуысының шырышты қабаты кеуіп қалмау үшін 
ылғалдандырылып, ӛкпені суық ауаның әсерінен сақтау 
үшін жылытылады. 
Тыныс алу жүйесінің маңызды бӛлігі - 
ӛкпе
. Бұл 
бронхылардың ұсақ тармақтарының қуыстарынан жасалған 
альвеолалар
мен серпімді дәнекер ұлпалардан тұратын жұп 
мүше. Альвеолалар немесе ӛкпе қуыстары ӛте ұсақ, шар 
тәрізді домалақ, оларды микроскоп арқылы ғана кӛруге 
болады. Олардың қабырғалары жұқа, кӛптеген қан 
тамырларының 
капиллярларымен 
қоршалған. 
Ӛкпе 
альвеолаларының жалпы ауданы 200 м². Мұндай құрылыс 
альвеолалардағы ауаның және қанның құрамындағы 
газдардың тез алмасуын қамтамасыз етеді. 


59 
Жаңа туған сәбидің ӛкпесінің ұлпасы нашар дамыған, 
бірақ қан тамырларына ӛте бай болады. Алғашқы 3 айлық 
ӛмірінде және жыныстық жетілу шағында ӛкпе қарқынды ӛ 
ӛседі. Ӛмірінің алғашқы кезінде барлық нәрестелер ішпен 
дем алады (еркекке тән дем алу), бірақ жүре бастағанда 
баланың кеудесі тӛмен түседі де, диафрагмалық-кеуделік 
дем алу пайда болады. 3-7 жаста ғана кеудемен деа алу 
басым болады. Дем алудың минуттік мӛлшері дене 
салмағымен салыстырғанда бала ӛсе келе азаяды: жаңа 
туған сәбиде – 200 см ³, 6 жаста 168 см ³, 14 жасқа таман 128 
см ³, ал ересек адамда 96 см ³. 
Ӛкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӚТС).
Ӛкпенің тіршілік 
сыйымдылығы, яғни ӛкпеге кіретін және шығатын ауаның 
мӛлшері адамның жасына сай ӛзгереді. Адам қалыпты жай 
дем алғанда ӛкпеге 300-500 мл ауа кіреді. Мұны дем алу 
ауасы деп атайды. Қалыпты жағдайда жай ғана дем 
алғаннан соң, демін шығармай тұрып, тағы да 1,5-2 литрдей 
ауаны сіміруге болады. Мұны 
қосымша ауа
деп атайды. 
Қалыпты дем шығарудан кейін дем алмай тұрып, тағы да 
күшпен дем шығарып 1-1,5 литрдей ауаны сыртқа айдауға 
болады. Бұл – 
қордағы
ауа. Егер дем алу, қосымша және 
қордағы ауаны қосса, ӛкпенің тіршілік сыйымдылығы 
шығады.
Ӛкпенің тіршілік сыйымдылығы 6-7 және 15-16 
жастарда дереу және айтарлықтай кӛбейеді. 16-17 жаста 
ӛкпенің тіршілік сыйымдылығы ересек адамдармен бірдей 
болады. Балалардың ӛкпе алвеоласындағы газ бен дем 
шығарғандағы газдың құрамында айырмашылық бар. 
Балалардың альвеолалық газының құрамында оттегі кӛбірек 
болып, кӛмірқышқыл газы азырақ болады. Бала неғұрлым 
жас болса, соғұрлым бұл айырмашылық кӛп болады. 
Тыныс алу мүшелерінің қызметінің реттелуі әр 
дәрежедегі реттеу жолдарымен іске асады. 
Тӛменгі дәрежелі 
тыныс орталығы
сопақша мида орналасқан. Ол бір-бірімен 


60 
тығыз байланыстағы дем алу мен дем шығаруға жауапты екі 
бӛлімнен тұрады. 
Тыныс алу мүшелерінің бәрінің физиологиялық 
кӛрсеткіштеріне дене еңбегі мен спорт әсер етеді. Мысалы: 
ӚТС футболистерде – 4,2 л, боксшыларда - 4,8 л, 
қайықшыларда – 5,5 л. Тыныс алу жиілігі 1 минӛтте 
спортшыларда - 6-8 рет, ал жаттықпаған адамдарда – 14-18 
рет. Тыныс алу мүшелерін жаттықтыру, шынықтыру 
балалар мен жастардың тыныс мүшелері арқылы пайда 
болатын ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. 
Баланың дұрыс отыра білуі де маңызды. Бүкірейіп, кеудесін 
үстелдің немесе партаның шетіне тақап отырғанда кеудеге 
қысым жасалып, тыныс мүшелерінің қызметін тӛмендетеді, 
жүрек-қан тамырлардың ӛсуіне кедергі болу арқылы 
баланың бойының ӛсуіне бӛгет жасайды. Салқын тию, 
тыныс мүшелерінің аурулары бала ағзасыныңбарлық 
мүшелерінің ӛсіп дамуына, қызмет етуіне жағымсыз әсер 
ететінің естен шығармаған жӛн.
Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырған кезде есте 
сақтайтын жағдай – дене еңбегі мен дене шынықтыру және 
ой еңбегі кезінде балалардың тынысын тарылтады, 
сондықтан оның дұрыс болуын қадағалау қажет. Балаларға 
дұрыс демалуды жастайынан үйрету керек. Сонымен қатар, 
ой еңбегі мен дене еңбегің кезектестіру аса маңызды. 
Мектепте сабақ кестесін жасағанда, бұл ерекшеліктерді есте 
сақтау керек. Сынып бӛлмелерін, еңбек сабағының 
бӛлмелерін жиі желдетіп отыру қажет. Жоғарғы сынып 
оқушылары далада таза ауада тәулігіне 3 сағаттан, ал 
бастауыш сынып оқушылары 4 сағаттан кем болмауы тиіс. 
Әсіресе ауасы таза бӛлмеде ұйықтау аса маңызды, 
сондықтан балаларды терезе ашық бӛлмеде ұйықтауға 
әдеттендіру керек. Балалардың киімі жеңіл, денесін 
қыспайтын, қимыл-қозғалысына бӛгет етпейтін болған жӛн. 
Ырғақты тыныс гимнастикасы баланың ақылының артуына 


61 
жағымды әсер етеді. Бастауыш сынып оқушыларына сабақ 
кезінде 1-2 минӛттік демалыс беріп, тыныс гимнастикасын 
ұйымдастырған жӛн. Мұндай гимнастика баланың сабаққа 
ынтысын арттырады. 
Негізгі әдебиеттер. [6-9]
Қосымша әдебиеттер. [7-8-10] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет