55
де кейіннен қайта кӛтеріліп ересек адамдікіндей болып, ӛмір
бойы сол мӛлшерде сақталады.
Қанның
пішінді
элементтеріне
эритроциттер,
лейкоцитер
және
тромбоциттер
жатады. Бұлардың
ішіндегі ең кӛбі
эритроциттер
, яғни қанның қызыл
клеткалары.
Олардың
саны
адамның
жынысына
байланысты: ер адамда 1 мкл қанда 4,5-5 млн., әйелде 4- 4,5
млн.
Лейкоциттер – ядросы бар қан клеткалары. Ересек
адамның 1 мкл қанында 6-8 мың лейкоциттер болады.
Баланың иммундық қабілеті (ауруға қарсы тұру, қорғану
қабілеті) лейкоциттерге байланысты.
Лейкоциттер бала
организмінің жұқпалы, яғни инфекциялық ауруларға қарсы
тұруын қамтамасыз етеді. Қан клеткаларының бұл маңызды
қызметін Нобель сыйлығының лауреаты орыс ғалымы И.И.
Мечников ашқан. Лейкоциттердің бірнеше түрлері бар: а)
дәнді лейкоциттер немесе гранулоциттер; ә) дәнсіз
лейкоциттер, яғни агранулоциттер; б) моноциттер.
Қанның құрамындағы үшінші пішінді элементтер –
тромбоциттер немесе қан пластинкалары. Олар сопақша
немесе диаметрі 2-5 мкм дӛңгелектеу пішінді келеді.
Тромбоциттердің жалпы саны 1 мкл 300 мыңнан 400 мыңға
дейін. Тромбоциттер сүйек кемігінде пайда болады.
Олардың ӛсіп жетілу мерзімі 7-8 күн, ал
қан айналымында
5-11 күндей болады. Тромбоциттердің саны тамақ ішкеннен
кейін, ауыр дене жұмысымен шұғылданғанда, әйел екіқабат
болғанда кӛбейеді. Оның мӛлшерінің тәуліктік ӛзгерісі де
бар: күндіз кӛбірек, түнде азырақ болады.
Қандағы гемоглобиннің мӛлшері жас келе ӛзгереді. Жаңа
туған баланың қанындағы гемоглобиннің мӛлшері 110%-дан,
140%-дейінгі аралықта болады. 5-6 жасқа келгенде ол кӛрсеткіш
тӛмендейді. 6-7 жаста гемоглобиннің мӛлшерінің ӛсуінің
тӛмендеуі байқалады. 8 жасқа қарай қайтадан ұлғайып, 13-15
жаста 70-90% құрайды, яғни ересек адамның кӛрсеткішіне жетеді.
56
Эритроциттердің санының 3 млн. дейін тӛмендеуі және
гемоглобиннің 60% дейін тӛмендеуі анемиялық күйді (қанның
аздығы) білдіреді.
Қанның аздығы
– қандағы гемоглобиннің жылдам тӛмендеуі
мен эритроциттердің санының азаюы. Түрлі сипаттағы аурулар
және балалар мен жасӛспірімдердің қолайсыз жағдайда ӛмір сүруі
– қан аздыққа әкеліп соғады. Ол бас ауыру, бастың айналуы, естен
танумен байқалады және жұмыс істеу қабілеті мен сабақ оқуға
теріс әсер етеді. Сонымен қатар, қаны аз оқушыларда ағзаның
қарсы тұру қасиеті тӛмендейді және олар жиі әрі ұзақ ауырады.
Қаназдыққа қарсы қолданылатын
іс-шаралардың ең
алғашқыларының бірі мыналар: күн тәртібін дұрыс құру,
минералды тұздармен және дәрумендермен бай тамақтармен
дұрыс тамақтану, оқу, сабақтан тыс, еңбек және шығармашылық
іс-әрекеттерін
қатаң тәртіппен орындау, таза ауада белсенді
қимылдау және табиғи факторларды ұтымды пайдалану.
Эритроциттерде ерекше заттар –
антигендер
немесе
агглютиногендер
, ал сарысудың ақуыздарында
агглютининдер
болады.
Ол
заттардың
белгілі
жағдайда
үйлесуінде
эритроциттердің жабысуы –
агглютинация
болады. Жасқа сай
физиологияға қажетті агглютиногендердің маңыздыларының бірі
резус-фактор
болып табылады. Ол адамдардың 85%-да болады
(оң резус) және 15%-да болмайды (теріс резус). Оң-резусты қанды
теріс-резус
адамға құйғанда, қанда теріс-резусты антиденелер
пайда болады және оң-резусты қанды қайтадан құйғанда
агглютинация түріндегі күрделі қиындықтар туындауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: