Қушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы


Ағзаның ӛсуіне гормондардың тигізетін әсері



Pdf көрінісі
бет25/54
Дата06.10.2023
өлшемі0,85 Mb.
#113267
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   54
Байланысты:
16d00f73201d940052140be0d417d975

Ағзаның ӛсуіне гормондардың тигізетін әсері
Ағзадағы ӛсу үдерістері бірқатар гормондық факторлардың 
әрекеттерімен 
анықталады. 
Олардың 
негізгідерінің 
бірі, 
гипофиздің алдыңғы бӛлігінің гормоны – соматотропин. Оның 
әсерімен эпифиздік аумақтың шеміршегінің жаңа құрылуы мен 
түтік тәрізді сүйектердің ӛсуі іске асады. Сонымен қатар, 
соматотропиннің әсерімен жұмсақ қоспа ұлпалардың құрылу 
белсенденеді және ол ӛсуші қаңқаның қосу бӛліктерінің 
сенімділігін қамтамасыз етеді. Ол қаңқа бұлшықеттерінің 
дамуына да әсер етеді. 
Инсулиннің рӛлі де ӛте маңызды. Мысалы, ол мембраналар 
арқылы амин қышқылдарының тасымалдануын ұлғайтады және 
құрылыс материалдарының ақуыздық түзілуін қамтамасыз етеді. 
Сонымен қатар, инсулин жасушалардың кӛмірсумен нәрленуіне 
ықпал етеді. 
Тестостерон бойдың ӛсуіне жалпылама әсер етеді. Ол 
шеміршек пен сүйек ұлпасында, қаңқа бұлшықеттерінде, 
миокардта, бауыр мен бүйректерде ақуыздың түзілуін 
ынталандырады. Ол жыныстық жетілу кезінде анық байқалады. 
Бойдың ӛсуіне әсерді ынталандыру ӛсудің эпифиздік аумағы 
жабылғанға дейін жалғасады. 
Эстрогендер ағзаның жалпы ӛсуіне түтік тәрізді сүйектердің 
эпифизді аумақтарының сүйектенуін белсендендіре отырып, 
тежегіш ретінде әсер етеді. Эстрогендер әйелдердің жыныс 
мүшелеріндегі ӛсу мен ақуыздың түзілуін қамтамасыз етеді. 
Сонымен қатар, ӛсу үдерістерінің қалыпты жағдайда ӛтуін 
паратгормон, кальцитонин және Д

дәруменінің гормондық түрі 
қамтамасыз етеді. Гормондардың аталаған тобы сүйек ұлпасын 
қалыптастыруда және ағзаның ішкі ортасы мен жасушалардағы 
кальцидің алмасуының гомеостазын сақтауда маңызды рӛл 
ойнайды. Кальцитонин мен паратгормон, азықпен түскен 
холекальцифиролдан құрылған Д
3
дәруменінің гормонды түрімен 
ӛзара тығыз байланыс орната отырып, кальцидің алмасуына әсер 
етеді. 


53 
Ағзаның ӛсуіне глюкокортикоидтар қарама-қарсы бағытта 
әсер етеді. Мысалы, балалар мен жасӛспірімдерді глюкокорти-
коидтармен емдегенде бойдың ӛсуінің тежелетіні байқалады. 
Ағзаға стрестік факторлар әсер еткенде бойдың ӛсуінің 
тежелетіндігін осымен түсіндіруге болады. Мысалы, стресс 
кезінде 
кортиколиберин-кортиктропин-глюкокортикоидтардың 
барлық жүйесі белсенденеді. 
Осы жағдайды ескере отырып, балалардың ағзасына ұзақ 
уақыт стрестік факторлардың әсер етуін болдырмау керек. Оған 
үлкен мӛлшердегі дене жүктемесі мен жарыстарды жатқызуға 
болады. 
Жүйке жүйесі мен жүріс-тұрыстың дамуына гормондардың 
әсері.
ОЖЖ-нің дамуына әсер ететін гормондық факторлардың 
ішінде 
қалқанша бездің маңызы 
зор. 
Тироксин 
мен 
трийодтирониннің 
жетіспеушілігі 
нерв 
жасушаларының 
тармақталуын тежейді. Егер аталған гормондардың жетіспеушілігі 
18 айдан кейін пайда болса, онда бойдың ӛсуі бұзылады. Ал 
ақылдың кемістігі онша байқала қоймайды.
Бүйрек бездерінің гормондары нерв үдерістерінің күшін 
ӛзгерте отырып, нерв жүйесіне едәуір әсер етеді. Бүйрек безінің 
қабатын алып тастау, барлық ЖЖЖ-нің қызметінің бұзылуына 
әкеліп соғады. 
Жыныстық гормондар қозу мен тежелу үдерістерінің ара-
қатынасына әсер етеді. Жүйке жүйесінің жұмыс істеу қабілетіне 
еркектің жыныстық гормондары кӛп әсер етеді. Сондай-ақ 
батылдық, қияңқылық еркектің жыныстық гормондарының 
мӛлшерімен анықталады. Балалық шақтағы жыныс бездерін алып 
тастау немесе олардың патологиялық әлсіздігі психиканың 
бұзылуын тудырып, кӛбінесе ақыл-ойдың жетіспеушілігіне әкеліп 
соғады. 
Жыныстық тәрбие - балалардың жыныстық сана-сезімі мен 
тәртібін қалыптастыруға жүйелі, саналы жоспарланып жүзеге 
асырылатын ықпал, оларды отбасылық ӛмірге дайындау. 
Негізгі әдебиеттер. [1-2-5] 
Қосымша әдебиеттер. [4-8-10] 


54 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет