8.13. Мектеп гигиенасы.
Дәріс тезистері
74
Мектеп гигиенасы
– балалар мен жасӛспірімдердің
денсаулығын қорғау және нығайтуға, үйлесімді дамуына
және дұрыс тәрбиелеуге бағытталған ғылым. Соның
негізінде оқушылар ағзаларының қызмет ету мүмкіндіктерін
үйлесімді дамыту мен жетілдіруге бағытталаған гигиеналық
нормативтер мен талаптар құрылады.
Балалар
мен
жасӛспірімдердің
гигиенасы
оқытушыларды оқушылардың күн тәртібі, тамақтануы, оқу
үдерісін жоспарлау және оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру
бойынша гигиеналық нұсқаулармен қаруландырады.
Тұтас алғандағы бүкіл оқу-тәрбие жұмысы, сондай-ақ оның
жеке бӛлімдері оқушылардың дене және психикалық жағынан
дамуының ең жақсы нәтижелерін қамтамасыз ететіндей етіп
ұйымдастырылуы керек.
Оқу-тәрбие жұмысының гигиена мәселелері балалар мен жас
ӛспірімдердің күн тәртібімен, оның ішінде оқушыларға ақыл-ой
жүмыстарын тапсыру нормалары туралы мәселемен тығыз
байланысты.
Балалар мен жасӛспірімдердің оқу жұмысы, негізінен
алғанда, ми қыртыстарының және сезім мүшелерінің қызметімен
байланысты ақыл-ой еңбегі болып табылады.
Ми қыртысы жасушаларының жұмыс істеу қабілетінің
белгілі бір шегі бар, сондықтан да бұл шектен артық тапсырма
беру оқушыны шаршатады.
Қазіргі заманғы физиология шаршау деген терминді тек
жұмыс істеуші мүше ғана емес, сондай-ақ бүкіл ағзаның
қызметінің уақытша нашарлауы деп түсінеді. Бұл шаршау белгілі
бір уақыт бойы жүмыс істеудің нәтижесінде үлкен ми сыңарлары
қыртыстарының жасушаларында тежелудің пайда болуына
байланысты туады. Сонымен, ағза қызметінің кез келген түрі
белгілі бір уақыт ӛткеннен кейін шаршау тудырады.
Жалпы қимыл тынышсыздығының пайда болуы шаршаудың
басталуының алғашқы белгісі болып саналады. Бұл әсіресе
тӛменгі сынып оқушыларында айқын байқалады: балалар жан-
жағына алаңдап, сӛйлесе бастайды, есінейді, керіледі.
75
Егер бұл қозғалыс қозуын таратпаса және басқа жұмыс
түрлеріне ауыспаса, егер ақыл-ой жұмысы әрі қарай жүргізіле
берсе, ал мұғалім шаршауды сӛзбен ғана таратуға әрекет жасаса,
тежелу үдерісінің жайыла түсуі айқын байқалады. Шаршаудың
одан әрі күшейе түсетінін ескертуші тежелу құбылыстары жалпы
енжарлықтың және маужыраудың дамуымен кӛрінеді.
Шаршауды қалжыраумен шатастыруға болмайды. Қалжы-
рау - шаршаудың субъективтік кӛрінісі, әрі ол ағзаның әлсіреуі,
аздап мең-зеңдікті сезінуі және жұмыс істегісі келмеушілікпен
ілесе жүреді.
Шаршаудан және қалжыраудан басқа, болдырғыштық бар.
Бұл терминмен адамның шаршауға азды-кӛпті бейімділігін
немесе қаібілетін білдіреді.
Ағзаның шаршағыштығы бірқатар факторларға, ең алдымен
денсаулық жағдайына, тамақтануға, педагогика-лық үдерісті
ӛткізудің сыртқы орта жағдайларына да (ауа жағдайына, жарыққа
және т. б.), сондай-ақ оқу мате-риалының мазмұны мен оқыту
әдістеріне де байланысты. Ой еңбегі мен дене еңбегі кѐзінде
ағзаның шаршағыштығын азайту және шаршаудың басталу кезін
кешеуілдету, елеулі дәрежеде жұмыстың бұл түріне жаттығуға
және машық-тануға байланысты болады.
Ой жұмысы кезінде қанның миға құйылатыны белгілі. Ой
жұмысы күшейген кезде, әсіресе бір нәрсеге зейінді
шоғырландырған кезде, тыныс алудың баяулайтыны және
әлсірейтіні байқалады. Кейде едәуір шаршағанда, балалар мен
жасӛспірімдердің басы ауырады, мұрнынан қан кетеді және т. б.
жағдайлар болады. Сондай-ақ ерекше зейін қоюды қажет ететін
сабақтардан кейін балалар мен жасӛспірімдерде бұлшықет
күшінің әлсіреуі басталады. Ол демалғаннан кейін немесе
оңайырақ жұмысқа ауысқаннан кейін тез кетеді.
Шаршау, ең алдымен мектеп оқушыларының жұмыс
қабілетінің тӛмендеуімен байқалады.
Шаршаудың нәтижесінде кӛздің ӛткірлігі тӛмендейді, естуі
нашарлап, айқын кӛру тұрақтылығы мен кӛздің электр сезгіштігі
ӛзгереді.
Шаршау - кез келген қызу жұмыстың заңды салдары, сон-
дықтан да одан қауіптенбеген жӛн. Жұмыс істемегӛн адам ғана
76
шаршамайды. Жұмыс істемейтін мүшенің қай-қайсысының болса
да біртіндеп ӛлетіні белгілі. Балалардың миы даму және жетілу
үшін үздіксіз жаттығуы, яғни жұмыс істеуі тиіс.
Бірақ істелетін жұмыс баланың жас мүмкіндіктеріне сәйкес
келуі және зорықтырмауы тиіс. Егер ми қыртысының
айтарлықтай шаршауы әдеттегі нәрсеге айналса және мұндай
жағдайда қажетті демалыс болмаса, онда шаршау зорығу деп
аталатын паталогиялық күйге айналуы мүмкін. Зорығу
созылмалы ауру болып табылады. Оның бірқатар белгілері бар:
психикалық қызметтің (ойлаудың, қабылдаудың, түсінудің, есте
сақтаудың, зейіннің және басқалардың) нашарлауы, бастың
ауруы, қалыпты ұйқының бұзылуы, ұйқысыздық, тамаққа
зауқының соқпауы, енжарлық және басқалар.
Балалар мен жасӛспірімдердің зорығуына оларды қоршаған
ортаның антигигиеналық жағдайлары (тазартылмаған ауа, жоғары
ылғалдылық, шаң-тозаң, жарықтың жеткілікті болмауы және т.
б.), тамақтың сапасыздығы, ұйқының қанбауы немесе жайсыз
ұйқы, ақыл-ой жұмысы-ның шамадан тыс ауыр болуы, нервтік-
психикалық ауыр күйзеліс және басқалар әсерін тигізеді.
Зорыққан мектеп оқушыларын емдеу үшін айрықша жағдай
және ұзақ емдеу қажет. Емдеу кӛп жағдайда мектептегі оқуды
тоқтатумен немесе оқушыларды нерв ауруына ұшыраған бала-
ларға арналған мектептерге орналастырумен байланысты болады.
Зорыққанда қалыпты ұйықтауға жағдай жасаудың айрықша зор
маңызы бар. Зорығу аса қауіпті, ол жүйке ауруларының пайда
болуының бір себебі болып табылады. Осы айтылғандармен
қатар, зорыққан балалар мен жасӛспірімдер ағзаның жұқпалы
ауруларға және басқа да қолайсыз факторларға қарсы тұру
қабілеті күрт нашарлайтынын есте сақтау керек.
Күн тәртібін (соның ішінде мектеп тәртібін), оқу жылының
тәртібін, сабақ кестесін дұрыс құру, қиын және оңай пәндерді
және сабақтың басқа түрлерін дұрыс ұштастыру, үзілістер
ұйымдастыру, оқушылардың үй тұрмысындағы қолайлы
жағдайлар және т. б. мидың үлкен сыңарлары қыртысының
ғылым негіздерін ойдағыдай игеруді, сондай-ақ саналы, әрі
тәртіпті мінез-құлықта болуды қамтамасыз ететін қалыпты жұмыс
қабілетінің аса маңызды алғы шарты болып табылады.
77
Негізгі әдебиеттер. [6-7-9]
Қосымша әдебиеттер. [7-8-11]
Достарыңызбен бөлісу: |