65
қабылданған уақытына, денсаулық жағдайына, ішек бездерінің
қызметіне қарай ауытқып отырады.
Тоқішек.
Бұл – ас қорыту жүйӛсінің соңғы бӛлімі.
Жоғары
сынып оқушыларының тоқ ішегінің ұзындығы ересектермен
бірдей дерлік (150-160 см) болады. Онда келіп түскен заттың. суы
сорғып, нәжіс түзіледі. Тоқ ішекте болатын ашытқы кӛпіршіктер
қант қалдықтарының ашуына себепші болады. Бұл В витаминінің
қорын едәуір кӛбейтеді. Кейбір зерттеушілер сол жерде К
витамині де түзіледі деп есептейді. Яғни, адамның ішегінде
ауыртпайтын микробтардың қалыпты нормада болуы пайдалы
рӛл атқарады.
Оқушылардың асқазан-ішек ауруларының гигиенасы.
Оқушыларға профилактикалық егулер эпидокӛрсетілімдер
бойынша жүргізіледі. Балалардың
гельминттермен зақымдануы
географиялық жағдайға, жергілікті жағдайларға, халықтың
тұрмысына, әсіресе тамақтануға байланысты.
Асқазан-ішек аурулары әртүрлі ұзақтықта болады. Ішек
инфекцияларынан балалар мен жасӛспірімдерде бактериялық
дизентерия, іш сүзегі және А және Б паратифтері кездеседі.
Науқастардың басым бӛлігі жазғы-күзгі кезеңде байқалады.
Ішек инфекциясын тудыратын
бактериялар науқастардан
(бактерия тасымалдаушылардан) су, тамақ ӛнімдері, сүт,
ластанған
қолдар
арқылы
беріледі,
шыбындармен
тасымалданады. Жұқтыру науқаспен (тасымалдаушымен) тікелей
қарым-қатынас арқылы немесе іш киім, ыдыс арқылы жүргізіледі.
Алдын алу шараларының қатарына мыналар кіреді: тамақ ішер
алдында қолды мұқият жуу, кӛкӛністер мен жемістерді жуу және
тазалау, әсіресе оларды шикі күйінде пайдаланар алдында, тек
зарарсыздандырылған ауыз суды пайдалану, ас үй, асхана және
шай ыдыстарын үнемі
мұқият жуу, ас үйде тағамдарды дұрыс
сақтау Оқушыларға профилактикалық егулер эпидокӛрсетілімдер
бойынша жүргізіледі. Балалардың глисталармен (гельминттермен)
зақымдануы географиялық жағдайға, жергілікті жағдайларға,
халықтың тұрмысына, әсіресе тамақтануға байланысты.
Паразиттік құрттар балалар
денсаулығының бұзылуына
әкеледі. Ішектің ішінде гельминттер интерорецепторларға әсер
етеді, жиі ішек, жүйке жүйесі және басқа да мүшелер
66
қызметтерінің бұзылуына әкеледі. Жиі паразиттермен ыдырау
ӛнімдерінің бӛлінуі нәтижесінде созылмалы улану пайда болады.
Балалар арасында ең кӛп таралған: аскаридоз (дӛңгелек
құрттармен — аскаридтермен зақымдану), энтеробиоз (үшкір
тудыратын), трихоцефалез.
Балалар
және
жасӛспірімдер
ұжымдарындағы
құрт
инвазиясына қарсы күрес жаппай іс-шараларды жүргізіп,
зақымдаған балаларды анықтауды және оларды емдеуді қамтиды.
Барлық ауруға қарсы іс-шаралар балалар мекемесінің дәрігері
аудандық эпидемиологпен
және гельминтологпен бірлесіп,
педагогтар мен сынып жетекшілерінің кӛмегімен жоспар
бойынша жүргізіледі.
Негізгі әдебиеттер. [1-2-4-9]
Қосымша әдебиеттер. [2-3-8-10]
Достарыңызбен бөлісу: