69
тәртібі бойынша таңертеңгі ас тамақтың тәуліктік мӛлшерінің
20-25%, 2 сағаттан кейінгі жеңіл тамақ 10-15%, түскі тамақтану
40-45%, ал кешкі 20-25%болу керек. Ал 3 мезгіл тамақтанғанда
таңертеңі ас 25-30, түскі –45-50, ал кешкі 20-25% болады.
Тәулектік азықтың құрамындағы қоректік заттардың
арасында тепе-тендік қатынасы сақтаулы тиіс. Академик Т.Ш.
Шармановтың қағидасы бойынша, ақуыз, май, кӛмірсу,
дәрумендер, минерал тұздары мен судың тәуліктік азықтығы
үлес қатынасы организм тіршілігі үшін қажетті мӛлшерде болу
керек. Оның ішінде валин, лейцин т.б. маңызды амин
қышқылдары және қанықпаған май қышқылдары мен
витаминдер жеткілікті мӛлшерде болуы тиіс.
Ӛсіп дамуына байланысты балалардың тамақтану тәртібі
ерекше. Олардың тамағының тәуліктік мӛлшерінің құрамында
ақуыздың үлесі жасына сай болуы тиіс:1-3 жаста –55г, 4-6
жаста-72г, 7-9 жаста-89г, 10-15 жаста 100-106.
Балалардың рационында кӛкӛніс, сүт, айран үнемі болуы
керек, ӛйткені оларда
дәрумендер
мен минерал тұздары
жеткілікті шамада болады. Белокты тағамдарды балаларға түске
дейін берген жӛн, себебі ол жүйке жүйесінің қызметіне ӛте
қажет. Ал кешкілікте ол ӛте аз мӛлшерде болуы тиіс, ӛйткені
баланың ұйықтауына бӛгет жасайды. Ұйықтар алдында 1, 5 – 2
сағаттай бұрын сүт, жеміс сияқты жеңіл тамақты ғана берген
дұрыс.
Негізгі әдебиеттер. [3-4-6]
Қосымша әдебиеттер. [2-3-9]
Достарыңызбен бөлісу: