70
ағзаның ішкі ортасының қалыпты тұрақтылығы сақталады.
Тіршілік үшін, денсаулық үшін сыртқа шығару мүшелерінің
қызметінің маңызы зор.
Сыртқа шығару мүшелерінің ішінде бүйрек ерекше орын
алады. Адамның бүйрегі жұп мүше, салмағы 120-150 г.
Сырты дәнекер ұлпасымен қоршалған. Бүйректі қалың
бүйрек майы қаптап тұрады. Нәрестенің бүйрек массасы 11-
12 грамм, 1 жаста-37-38 грамм, 5 жаста-55-57 грамм. Бүйрек
ұлпаларының ӛсу қарқыны алғашқы 3 жыл ішінде,
жыныстық жетілу кезеңінде және 20-30 жас аралығында
жоғары болып, ӛсіп жетіледі.
Бүйректе сыртқы қызғылт қоңыр түсті
қыртыс қабаты
және ішкі
ортаңғы ақшыл
милы қабаты
болады. Бүйректің
қыртыс қабаты нефрондардан, яғни бүйрек денешіктерінен
құралған. Бір бүйректегі нефрондар саны 1-1,2 млн.
Бүйректің қызметі қан плазмасын зиянды,
қажетсіз
заттардан тазартудан басталады. Натрий, калий, кальций
иондары сияқты тіршілікке қажетті заттар кӛп мӛлшерде
болса, гомеостаз қалыпты деңгейінен ӛзгере бастайды.
Бүйрек электролиттік және қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті
үйлестіріп, реттеп отырады. Бүйрек ұлпасында ренин және
эритропоэтин ферменттері ӛндіріледі.
Ренин артерия
қысымын және қан тамырларындағы қанның мӛлшерін
реттеуге қатысады. Ал эритропоэтин эритроциттердің
ӛндірілуіне әсер етеді.
Несеп нефронда түзіледі және екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде алғашқы несеп, ал екінші кезеңде соңғы
несеп түзіледі. Несептің түзілуі күрделі уш
қызметтің
нәтижесі:
1.
Фильтрация
-
нефронның
капилляр
шұмағындағы сүзілу. 2. Реабсорбция - иірімді каналдардағы
кері сүзілу. 3.Екінші деңгейлі иірім каналдардың эпителий
клеткаларының белсенді секрециялық қызметі.
Тәулік бойы бүйректен 2000 л қан айдалады, одан 150-
180 л алғашқы несеп ӛндіріледі, бірақ соңғы несептің
71
мӛлшері 1,5 л ғана. Мұндай қарқынды сүзілу бүйрек
каналшаларының ӛте ұзын болуына байланысты.
Олардың
жалпы ұзындығы 120 км, ал сүзілуге қатысатын бетінің
ауданы 40-50 м. Құыққа айдалатын соңғы несеп сарғыш
түсті сұйықтық . Құрамының негізі 98-99% -су, ал 1-2% -
кӛптеген химиялық заттар – мочевина,
несеп қышқылы,
креатинин. Дені сау адамның несебінің құрамында белок
пен глюкоза қанты болмауы тиіс. Несептің тәуліктік
мӛлшері 1300-1500 мл.
Бүйрек қызметінің реттелуі.
Бүйрек ұлпаларының
рецепторларынан афференттік жүйке
импульстері ОЖЖ,
гипоталамус және ми қыртысы орталықтарына беріледі. Ал
афференттік нерв импульстері нейрогипофизге беріліп,
ондағы несептің түзілуін реттейтін вазопрессин гормоның
қанға шығарады. Вазопрессин қан айналыс жолымен бүйрек
үсті безіне барып, альдестерон гормонының ӛнімін арттады.
Н
есеп шығару актісі.
Нефрондарда түзілген несеп иір канал-
дар арқылы түбекшеге түсіп, одан ағып түтікшелер
арқылы
қуыққа келеді.
Несеп шығару күрделі рефлексті акті болып табылады және
мезгіл-мезгіл жүзеге асып отырады. Жинақталған несеп қуықтың
кенересіне және сонда орналасқан рецепторларды қосады. Осы
жағдайда пайда болатын афференті импульстер миға келіп жетеді
де, одан қуықтың бұлшықетті қабаты мен оның жапқышына
бағытталады. Сонан кейін қуық бұлшықеттерінің жиырылуы
нәтижесінде оның кӛлемі кішірейіп жапқыш ашылады да несеп
сыртқа шығарылады.
Нѐсеп шығарудың рефлексті орталығы жүлынның II-IV крест
тәрізді сегменттеріне орналасқан және оған сопақша, ор-талық ми
мен үлкен жарты сыңарлар ықпал етеді. Осылайша, несеп шығару
актісі еріксіз және ерікті болады.
Достарыңызбен бөлісу: