Қушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы



Pdf көрінісі
бет38/54
Дата06.10.2023
өлшемі0,85 Mb.
#113267
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   54
Байланысты:
16d00f73201d940052140be0d417d975

 
8.15 
Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарына қойылатын 
гигиеналық талаптар

Дәріс тезистері 
 
Мектептегі оқу тәрбие жұмыстарының басты міндеті-
оқушылардың ой ӛрісін дамыту, сабақ үлгеріміне қажетті 
жағдай тудыру, денсаулығын сақтап, денесін шынықтыру. 
Ол үшін мектептегі барлық жұмыстар оқушылардың жасына 
лайық , ағзасының ерекшеліктеріне сай жасалады. Оқу-


80 
тәрбие жұмыстарының ұзақтығы, ауырлығы оқушылардың 
жұмыс қабілетіне, жыл маусымдарының ағзаға әсеріне 
байланысты жоспарланады.
Оқу бағдарламасы оқушылардың жасына қарай жылдан 
жылға күрделеніп отырады. Оқу жылы ішінде әрбір тоқсан 
сайын оқушыларға демалыс беріп тынықтырады. Жазғы 
демалыстан соң оқушылар еңбекке біртіндеп үйрене 
бастайды. Бірінші тоқсанның басында оқушылардың 
сабаққа зейіні тӛмен болғандықтан оқу жылының алғашқы 
апталары ӛткен тақырыптарды қайталап, бекітуге арналады 
да, жаңа тақырыптарды ӛте бастайды. Оқу жылының 
барысында барлық пәндерден мектеп бағдарламасы 
біртіндеп қиындап, жыл аяғында балалар шаршаған кезде 
қайта жеңілденеді. 
Оқу жоспары оқушылардың жыл бойындағы еңбек 
қабілетін де ескереді. Қыркүйек айында және сәуір мен 
мамыр айларында еңбек қабілеті тӛмендейді. Яғни қыркүйек 
айында ӛткен оқу жылындағы, сәуір мен мамыр айларында 
жыл бойында оқыған материалдарды қайталайды. Қазан-
наурыз айларының арасында еңбек қабілеті күшті 
болғандықтан негізгі материалдарды, жаңа тақырыптарды 
ӛтеді. 
Сабақ кестелеріне
қойылатын талаптар оқушылардың 
апталық, айлық, тоқсандық және оқу жылындағы еңбек 
қабілетіне сай жасалады. Ол аптаның дүйсенбі-сәрсенбі 
күндері жоғары болады. Бейсенбі күнінің аяғында шаршау 
белгілері пайда бола бастайды. Жұма, сенбі күндері апталық 
шаршау белгілері айқындала түседі, жұмыс қабілеті 
тӛмендейді.
 
Осыған байланысты оқушы жексенбі күні 
жақсы демалу үшін аптаның аяғында қиын тапсырма 
берілмейді. Демалыстан соң, дүйсенбі күні оқушының 
сабаққа зейіні тӛмен болады. Осыны ескеріп мектептегі оқу 
бӛлімінің меңгерушісі бұл күні сабақ кестесінде қиын 
пәндердің санын азайтып, сейсенбі-бейсенбі күндері оларды 


81 
кӛбірек қояды. Жұма-сенбі күндері сабақ санын және қиын 
пәндердің мӛлшерін азайтқан жӛн. Бұл күндері жеңіл 
пәндерді кӛбірек қояды. Жеңіл пәндерге әдебиет, тарих, ән-
күй, дене шынықтыру, сурет-сызу пәндері жатады. Қиын 
сабақтардың алдында дене шынықтыру пәнін қоюға 
болмайды. Себебі денешынықтыру сабағында балалар спорт 
ойындарын ойнап, жүйкелері тозады да, келесі сабаққа 
зейіні тӛмен болады. Мектептегі қиын пәндерге физика, 
математика, грамматика, химия пәндері жатады. Дене еңбегі 
пәндеріне денешынықтыру, еңбек сабақтары жатады. 
Әдебиет, тарих, физика, астрономия, биология пәндерін 
ауызша пәндерге жатқызады. Мұндай бӛлу шамамен 
жасалған.
Әрбір оқу күнінің 2-3-сабақтары балалар үшін нәтижелі 
келеді, 5-6-сағатта шаршау белгілері үдей түседі. Бастауыш 
сыныптарда шаршау белгілері 3-ші сабақтың соңында 
басталып, 4-ші сабақта анық білінеді. Жоғарғы сынып 
оқушыларында шаршау белгілері тӛртінші сабақтың 
соңында басталады. 
Оқушылардың шаршауын ескере отырып, 1-4-ші 
сыныптарда күніне 4 сабақтан, 5-7-ші сыныптарда 5-6, 
жоғарғы сыныптарда 6 сабақтан аспауы тиіс. Бағдарламадан 
тыс, мамандандыруға байланысты факультативтік саьақтар 
апталық 36 сағат қалыпқа сыймаса, мектептегі мұғалімдер 
кеңесінің шешімі бойынша арнайы күндері (аптасына 2 
реттен асырмай) ғана жоғарғы сыныптарға 7 сабақ қоюға 
болады. Бақылау жұмыстарын соңғы сабаққа қалдырмай, 
қиын тақырыптарды баланың тың кезінде ӛтеді, қосарланған 
сабақты (қатарынан екі әдебиет немесе математика т.с.с.) 
күнде қоюға болмайды. Себебі баланың ми қыртыстарының 
нерв клеткалары біртекті ұзақ жұмыстан соң тез шаршайды. 
Оқушылардың шаршауын азайту үшін ән-күй, дене 
шынықтыру пәндерінің маңызы зор. Бұл пәндерден кейін 
оқушының миы тынығады. 1-ші сынып оқушылары алғаш 


82 
мектепке келген кезде ұзақ уақыт еңбек ете алмайды. 
Олардың ағзасы тез шаршайды. Сондықтан толық сабақ 
уақытына (45 минутке) біртіндеп үйрету керек. Алғашқы 1-
2-ші аптада сабақ ұзақтығы 20-25 минуттен басталып, содан 
кейін 45 минутке созуға болады. Сабақты ұзарту үшін 
оқушылардың психикасын алдын ала дайындап, ескертіп 
қойған жӛн. Дегенмен сабақ ішінде физүзілістер жасап, 
оқушыларды демалдырып отыру мұғалімнің міндеті. 
Негізгі әдебиеттер. [6-7-9]
Қосымша әдебиеттер. [7-8-11] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет