Қушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы


  Оқушылардың жүйке жүйесінің анатомиясы



Pdf көрінісі
бет13/54
Дата06.10.2023
өлшемі0,85 Mb.
#113267
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   54
Байланысты:
16d00f73201d940052140be0d417d975

8.4 
Оқушылардың жүйке жүйесінің анатомиясы
физиологиясы және гигиенасы. 
Дәріс тезистері
 
Жүйке жүйесінің құрылысы мен әрекеттік негізі - нерв 
жасушасы немесе 
нейрон
. Орталық жуйке жүйесінде (ОНЖ) 
нейрондарды қосымша жасушалар – 
глиялар
қоршаған. 


29 
Нейрондар мен глиялар нерв ұлпасын құрайды. Нейронның 
денесін сома деп атайды. Оның пішіні әртүрлі: сопақша, 
ұршық тәрізді, жұлдыз тәрізді және т.б. Денесінен ұзынды-
қысқалы ӛсінділері – нерв талшықтары шығады.Ұзын 
талшығын аксон (грек тіліннен- тірек деген мағынаны 
білдіреді), қысқа талшықтарын дендриттер деп атайды 
(дендрон-ағаш). Аксон арқылы нерв жасушасының 
денесінен басқа нейрондарға, жұмысшы мүшеге нерв 
импульстері тасылады. Дендриттер-тармақталған қысқа 
ӛсінділер. Олардың ұштары сәл жуандап бұдырланады. Бұл 
– нейрондардың басқа жасушалармен ұштасу ауданын 
үлкейтеді. Дендриттердің бүртіктері бала тұғаннан кейін 
кӛбейе түседі. Нейрондардың бір-бірімен байланысы синапс 
деп аталатын арнайы ерекше құрылым арқылы іске асады. 
Нерв талшықтары ағзада топтасып дәнекер ұлпадан тұратын 
қабықпен қапталып нервтерге айналады. Бір нервтің 
құрамында қозуды ОЖЖ ӛткізетін және орталықтан 
жұмысшы мүшеге әкелетін талшықтар болады. Қозуды 
орталыққа ӛткізетін нервтерді 
орталыққы тепкіш
немесе 
афференттік
нервтер деп атайды, ал қозуды орталықтан 
жұмысшы мүшеге таситын нервтерді 
орталықтан тепкіш
немесе 
эфференттік 
нерв дейді. Нервтердің кӛпшілігі 
аралас нервтер. Олардың құрамында афференттік және 
эфференттік нервтер болады.
Адам денесіндегі кӛпшілік тірі жасушалардың тітіркену 
қасиеті бар. 
Тітіркену
деп сыртқы және ішкі орталардың 
түрлі әсерлеріне жауап беру қабілетін айтады.Сыртқы және 
ішкі орталардың әсерлерін 
тітіркендіргіш
деп атайды. 
Олардың әсерінен ағза, оның жеке ұлпалары физиологиялық 
тыныштықтан белсенділікке ауысады.
Жалпы алғанда, жүйке жүйесінің қызметі екі нерв 
қызметіне – нейрондағы 
қозу мен
тежелуге
негізделген. 
Қозу мен тежелу екеуі де нейрондардың белсенді қызмет 
қабілеті. Тек қозу кезінде ғана нейрондардың қызметі пайда 


30 
болады, ал бұрын жасап жатқан қызметі күшейеді. Тежелу 
кезінде, керісінше, нейронның қозуы тӛмендеп, сосын мүлде 
тоқтап қалады да оның қызметі ӛшеді. Қозу мен тежелудің 
пайда болуы нейрондарда жүріп жататын зат алмасуының 
ӛзгеруіне байланысты. Қазіргі кезде қозу мен тежелудің 
барлық жағы жақсы зерттелген. Дегенмен балалардың 
жүйке жүйесінің ерекшеліктерін түсіну үшін, қозу мен 
тежелудің пайда болуына байланысты ағзаның қызметі 
басталып немесе күшейіп және нашарлап, не тоқталатынын 
білсек жеткілікті. 
Нерв жүйесінің қызметінің негізі – рефлекс. 
Рефлекс 
деп сыртқы ортаның тітіркендіргіштерінің әсеріне нерв 
жүйесінің қатысуымен ағзаның берген жауабын айтады. 
И.П.Павлов барлық рефлекстерді 
шартты және шартсыз 
рефлекстер
деп бӛлген.
Рефлекс кезінде қозудың жүретін жолын рефлекторлы 
доға деп айтады. Ол 5 бӛлімнен тұрады: сезгіш бӛлім, 
афференттік жол, нерв орталығы, эфференттік жол, 
эффектор.
Белгілі бір қызметті бірігіп орындауға қатысатын 
нейрондар тобын 
нерв орталықтары
деп атайды. Адам 
ағзасындағы қандай да болмасын әрекеттер жүйке жүйесінің 
қызметіне байланысты және соған қатысатын нерв 
орталықтарының, ондағы нейрондардың қызмет қабілетінің 
жағдайына байланысты. Кӛптеген мүшелердің қызметтерін 
біріктіріп, байланыстырып, сыртқы ортаныңәсерлеріне 
бейімделуін ОНЖ -дегі ағзаның қызметін –
үйлесімділік 
дейді. ОНЖ-дегі бір нерв орталығында пайда болған қозу 
мен тежелудің кӛрші орталықтарына жайылуын, таралуын 
иррадиациялану
дейді. Нерв орталықтарында қозу мен 
тежелуге керісінше, тежелу қозуға жылдам ауысады. 
Сонымен қатар, бір нерв орталығының қозуына байланысты 
екінші бір нерв орталығының қозуы тежеледі және 
керсінше, бір нерв орталығы тежелгенде, екіншісінің қозуы 


31 
күшейеді. Мұны қозу мен тежелудің 
индукциясы
(лат.индукция-орнату, кіргізу) дейді. Бірнеше нерв 
орталығындағы 
қозу 
мен 
тежелу 
бір 
орталыққа 
жинақталады. Мұны қозу мен тежелудің 
жинақталуы 
дейді. 
Нерв 
орталықтарының 
қызмет 
атқаруының 
негізгі 
қасиеттерінің біріне 
доминанта 
жатады(лат.доминанта - 
басым). Оның негізін ең алғаш А.А.Ухтомский ұсынған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет