Қушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы


  Оқушылардың тірек-қимыл аппаратының



Pdf көрінісі
бет11/54
Дата06.10.2023
өлшемі0,85 Mb.
#113267
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54
Байланысты:
16d00f73201d940052140be0d417d975

8.3. 
Оқушылардың тірек-қимыл аппаратының 
анатомиясы, физиологиясы. Оқушылардың тірек-
қимыл аппараты бұзылуының гигиенасы және алдын 
алу. 
Дәріс тезистері
Тірек-қимыл жүйесіне адамның қаңқасы мен бұлшық 
еттері жатады. Қаңқа 200 астам сүйектерден тұратын 
адамның негізгі қатты тұлғасы. Олардың кӛбі бір-бірімен 
буын арқылы жалғасып, қозғалмалы келеді. Қаңқаға 
бұлшық еттер бекітілген. Ет пен сүйек адамның негізгі 
тірегі және оның қозғалуы, еңбек етуі осы сүйек-ет 
жүйесінің қызметіне байланысты. Ол жұлынның, мидың 
және кӛптеген ішкі мүшелердің сауыты болғандықтан, 
қорғану қызметін де атқарады. Соңғы кезде бұл жүйе зат 
алмасуына, әсіресе минерал заттарының мӛлшерін бір 
деңгейде сақтауға қатысатыны анықталды. Еттердің негізгі 
қызметі – сүйектерді қозғау. Сонымен, сүйек-ет жүйесі 
негізінен тірек, қимыл-қозғалыс, қорғаныс, тұздардың 
алмасуына қатысу арқылы адам ағзасында ӛте маңызды 
орын алады. 
Адам қанқасының негізі-
сүйек.
Сүйек қан тамырлары 
мен нервтер ӛтетін сүйек каналдарының айналасында 
орналасқан остеон деп атайтын жұқа пластинкалардан 
тұрады. Сүйектің сыртында сүйек қабы бар.Остеондардың 
орналасуына қарай сүйек 2 түрлі заттардан тұрады: тығыз 
және кемік заттар.Сүйектің химиялық құрамы: кальций- 
1200 грамм, фосфор - 530 грамм, магний – 11 грамм. 
Балалардың сүйек ұлпасында органикалық заттар кӛбірек 
болады, сондықтан олардың қаңқасы иілгіш, серпімді 
болады. Демек, сүйектің жылтырлығы, серпімділігі оның 
органикалық заттарға, ал мықтылығы бейорганикалық 
заттарға байланысты. Мектеп жасына дейінгі балалардың 
омыртқалары ұзарып, жуандайды. 5-7 жастағы балалардың 


25 
омыртқа 
жотасы 
тез 
қисаяды. 
Сондықтан 
түрлі 
жағдайлардың әсерінен омыртқаның ӛсуі тез бұзылып, 
омыртқа жотасының патологиялық сколиозы, лордозы, 
кифозы т.б. ӛзгерістер пайда болады. Сүйектердің дұрыс 
ӛсіп жетілуіне, мезгілінде қатаюына тамақтың құрамындағы 
минерал заттарының, витаминдердің әсері кӛп. Адам 
қанқасы бас, тұлға, аяқ-қол сүйектерінен тұрады. Тұлға 
сүйектеріне омыртқа жотасы, 12 қос қабырғалар мен кеуде 
сүйегі жатады. Омыртқа жотасы – бүкіл дененің тірегі. Ол 
33-34 омыртқадан тұрады. Омыртқа жотасының ӛсуі 
баланың алғашқы 1 жасында жедел жүреді. Нәрестенің 
омыртқа жотасында физиологиялық иілімдері болмайды. 2-
3 айда балада мойын лордозы (лат. лордоз- алға қисаю,иілу), 
6 айдан кейін кеуде мен сегізкӛз кифоздары (лат. кифоз – 
артқа қарай қисаю, иілу), 1 жасқа қарай бел лордозы пайда 
болады. 4-5 жасқа дейін балаларда омыртқалар тез ӛседі, 
иілістері толық қалыптасады. Бас сүйектері 2 негізгі 
бӛліктен тұрады: ми сауыты мен бет сүйектері. Балаларда 
ми сауыты бет сүйектерінен ертерек дамиды. Бет сүйектері 
1 жаста және жыныстық жетілу мерзімінде ӛседі.
Бұлшық еттер
адам денесінде 600-ден астам. Олар бір-
бірімен тарамыс ұштары арқылы жақын орналасқан қаңқа 
сүйектеріне бекітіледі. Қаңқа еттері негізінен кӛлденең 
салалы еттерден тұрады, құрамында дәнекер ұлпасы, 
нервтер және тамырлары бар мүшелер деп есептейді. 
Бұлшық еттердің қызметі олардың негізгі қасиеті – 
жиырылуға байланысты орындалады. Жиырылу арқылы ет 
қысқарып, оның жиырылу қабілетін кӛрсетеді. Еттің 
қозғыштығы оның қызмет дәрежесін, яғни жұмыс атқару 
қабілетін кӛрсетеді. Қозған еттің жасушаларының зат 
алмасуы, биоэлектірлік қасиеттері ӛзгереді. Еттің қызметі 
оның лабильділігіне де байланысты, яғни оның қозуды 
ӛткізу жылдамдығы мен қозу уақытын айтады. Бұлшық 


26 
еттер жиырылғанда кӛп қуат жұмсайды. Еттің күші деп 
оның ширау қабілетін айтады. 
Алғашқы дұрыс бағытталған қимылдары баланың 2-3 
айлық ӛмірінде кӛріне бастайды. Кеңістікте белсенді 
қозғалуға байланысты пайда болатын дененің еркін 
қимылын локомоция деп атайды. Жүру, жүгіру, секіру, 
шапқылау т.б. күрделі қимылдар және оларды дұрыс 
бағыттау қабілеті 3-5 жаста жетіледі. Дегенмен мектепке 
дейінгі жастағы және 1-2 сынып оқушыларының 
қозғалысын дұрыс үйлестіру механизмдері еркін жетіле 
қоймайды. Қозғалудың ең күшті дамуы 3- 6 жаста 
байқалады. 
Бұлшықет 
күшінің 
біршама 
ұлғаюы 
жасӛспірімдік кезеңде байқалады. Ұлдардың күшінің кӛбеюі 
13-14 жаста басталады, қыздарда сәл еретерек – 10-12 жас. 
Балалардың қимыл-қозғалыс тәртібі. Балалардың тәуліктік 
қимыл-қозғалыс белсенділігі кәдімгі, табиғи локомоциялар 
кӛлемімен анықталуы мүмкін. Бала ӛз еркімен, жазғы 
уақытта тәулігіне 12-16 мың қимылдар орындайды. 
жасӛспірімдердің тәуліктік локомоциялары жоғарылайды. 
Мысалы, 14-15 жасар балалар, 8-9 жасар оқушылармен 
салыстырғанда 35% артық белсенді қимылдайды, ал сол 
кездегі жұмыстың атқарылатын кӛлемі 160% артық. 
Ұйымдастырылған қозғалыстар аз болуына байланысты 
соңғы жылдары балаларда гиподинамияның белгілері пайда 
бола бастады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет