Эндокринді қызметтің қалыптасуы
Гипофиз үш бӛлшектен тұрады. Аденогипофиз (алдыңғы
бӛлік) басқа эндокринді бездердің қызметтерін реттейтін тропты
гормондар, сондай-ақ ақуыздың синтезі мен майдың ыдырауына
қатысатын соматотропин (бойдың ӛсуінің гормоны) гормондарын
бӛліп шығарады. Соматотропты гормон (ӛсу гормоны) балалар
мен жасӛспірімдердің ӛсу процестерін реттейді. Бұл гормонның
гиперфункциясы балалардың күрт ӛсуіне алып келуі мүмкін
49
(алып ауруы), ал гипофункция керісінше ӛсудің баяулауына алып
келеді (ергежейлік ауруы). Ақыл-ой дамуы қалыпты деңгейде
сақталады.
Лактотропин жасӛспірімдерде бірқатар маңызды қызмет-
терді атқарады. Ол еркектің ағзасында қуықасты безі мен шәует
кӛпіршіктерінің ӛсуін ынталандырады. Лактотропиннің аса кӛп
бӛлінуі тестостерон секрециясының тӛмендеуі мен жыныстық
құштарлықтың тӛмендеуіне әкеліп соғады. Әйел ағзасында бұл
гормон гонадотропиндердің секрециясын тежейді.
Сондай-ақ, аденогипофиз қалқанша бездің қызметін ретейтін
тиротропин ӛндіреді. Тиротропин секрециясының біршама
күшеюі бала дүниеге келісімен және жыныстық жетілудің
алдында байқалады. Ұлғаюы жыныс бездерінің қызметінің
күшеюі арқылы гормондық қайта құрылу кезіне сәйкес келеді.
Гонадотропин
(аналық бездің қызметін ынталандыратын
гормон) және
лютропин
(аналық бездегі сары затты шығаратын
гормон). 7-8 жасқа дейін деңгейі тӛмен болып, 14 жасқа қарай 2-
2,5 есе кӛбейеді. 18 жасқа келгенде оның құрамы ересектермен
бірдей болады.
Гипофиздің аралық бӛлігі тері мен шаштың түсін (пигмент)
реттейтін интермединді ӛндіреді. Гипофиздегі оның құрамы
әрдайым тұрақты болады.
Гипофиздің артқы бӛлігі (нейрогипофиз) вазопрессин және
окситоцин секілді гормондардың депосы болып табылады. Қан-
дағы бұл гормондардың құрамы бала дүниеге келгенде жоғары,
сосын 1 тәуліктен кейін оның құрамы жылдам тӛмендейді.
Қ
алқанша без
тироксин және трийодтрионин секілді
тиреоидты гормондар ӛндіреді. Олар жатырдағы ӛмірдегі
ұрықтың ӛсу және даму онтогенезін ынталандырады. Нерв
жүйесінің толыққанды дамуында маңызды рӛл ойнайды.
Тиреоидты гормондар жылу ӛнімдерін ұлғайтып, ақуыз, май және
кӛмірсулардың алмасуын белсендендіреді. Сонымен қатар,
қалқанша безде С-жасушалар қандағы кальцидің мӛлшерін
тӛмендететін кальцитонин деген гормонды ӛндіреді.
Бала 7 жасқа келгенде қалқанша бездің секрециялық қызметі
күшейеді. Сондай-ақ салмақтың біршама ӛсуі мен бездің
секрециялық белсенденуі жыныстық жетілу кезеңінде де
50
байқалады. Қалқанша бездің гормондарының синтезі мен
секрециясы жыныстық гормондарға байланысты.
Балаларда
қалқанша
без
қызметінің
жеткіліксіздігі
кретинизмге әкеледі. Бұл ретте бойының ӛсуі тежеліп, дененің
пропорциясы бұзылады, жыныстық дамуы тежеледі, психикалық
дамуы артта қалады. Қалқанша безінің гипофункциясын ерте
анықтау және тиісті емдеу айтарлықтай оң нәтиже береді
Қалқанша маңындағы без
кальцитонин және D дәруменімен
бірігіп ағзадағы кальцидің алмасуын реттейтін паратгормон
ӛндіреді. Дүниеге жаңа келген сәбидің ағзасындағы парат-
гормонның мӛлшері ересектердің деңгейіне жақын. Қалқанша
маңындағы без 4-7 жаста белсенді қызмет етеді. Қандағы
паратгормонның деңгейі 6-12 жас аралығында тӛмендейді.
Ұйқы безінде
ішкі секрециялық белсенділікке ие жасуша-
лардың шоғыры (Лангерганс аралшықтары) бар. Жасушалардың
үш түрі бар: инсулин ӛндіретін
в
-жасушалар, глюкагон ӛндіретін
б
-жасушалар, инсулин мен глюкагонның секрецияларын тежейтін
соматостатин құратын
д-
жасушалар.
Инсулин қандағы глюкозаның мӛлшерін тӛмендетіп, бауыр
мен бұлшықеттердегі гликогеннің сақталуын қамтамасыз етеді.
Глюкозадан майдың құрылуын ұлғайтып, оның ыдырауын
тежейді. Инсулин ақуыздың синтезін белсендендіріп, жасуша-
лардың мембраналары арқылы амин қышқылдарының тасымал-
дануын ұлғайтады.
Глюкагонның әсерінен бұлшықет пен бауырдағы гликогенді
глюкозаға дейін ыдырайды және қандағы глюкозаның мӛлшері
жоғарылайды. Глюкагон май ұлпасындағы майды ыдыратуды
ынталандырады.
Қант диабеті
в
-жасушалар нашар қызмет еткенде дамиды.
Ондай жағдай балаларда 6-12 жас аралығында байқалады. Қант
диабетінің дамуында тұқым қуалаушылық пен қоршаған ортаның
соған итермелейтін, әсер етуші факторларының (жұқпалы
аурулар, жүйкенің тым ширығуы мен артық тамақтану) маңызы
зор.
Бүйрек бездері
екі түрлі ұлпадан тұрады: қабат пен милы зат.
Ол
қабат
минералды кортикоидтарды секрециялайтын –
сауытшалы, глюкокортикодты ӛндіретін – шоқты және жыныс
51
бездеріне ұқсас гормондарды ӛндіретін – торшалы үш аумақтан
тұрады. Негізгі глюкокортикоид – кортизон болып табылады.
Глюкокортикоидтар зат алмасуға әсер етеді. Олардың әсерімен
ақуыздың ыдыраған ӛнімдерінен кӛмірсулар құрылады. Олардың
қабынуға қарсы және аллергияға қарсы тұратын қасиеттері бар.
Минералды кортикоидтар ағзадағы минерал мен судың алмасуын
реттейді. Бұл топтың негізгі гормоны – альдостерон. Кортикосте-
роидтар қосалқы жыныстық белгілердің қалыптасуына қатысады.
Бүйрек бездерінің милы заттары норадреналин мен
адреналин ӛндіреді. Адреналин жүректің жиырылу ырғағын
жиілетіп, артериалық қысымды ұлғайтады және қаңқа бұлшық-
еттерінің жұмыс істеу қабілетін жоғарылатады. Оның әсерімен
бауырдағы гликогеннің ыдырауы күшейеді. Норадрениалин
негізінен артериалық қысымды жоғарылатады.
Жыныстық бездер
еркек ағзасында аталық без, әйелде
аналық без түрінде кӛрінеді. Еркектердің жыныстық бездерін
андроген деп атайды. Тестостерон – нағыз еркектердің гормоны.
Аталық безде әйелдердің жыныстық безі – эстрогендер де аздаған
мӛлшерде ӛндіріледі. Тестостеронның атқаратын қызметі –
жыныс белгілерінің қалыптасуына әсер ету. Әйелдердің жыныс-
тық гормондары (эстрогендер) әйелдердің ағзаларында жыныс-
тық жүйенің ӛсуі мен дамуын ынталандырады.
Эпифиз
мелатонин гормонын түзеді. Ұрықтың жатырдағы
ӛміріннің 5-7-аптасында без пайда болады. Секреция 3-айда
басталады. Емшектегі жаста бездің қызметтік белсенділігі
жоғары. Бірақ шамамен 1жасқа толған кезде оның құрылымы
қайта құрылады: белсенді паренхиманың жасушаларының саны
азаяды, қанмен қамтамасыз ету тӛмендейді. Сосын жас келе
эпифиздің қызметтік белсенділігі тӛмендейді. Егер қандайда бір
себептерге байланысты бездердің ерте инволюциясы байқалса,
онда ондай жағдай жыныстық жетілудің жылдам қарқынымен
жалғасады.
Айыршық без (тимус)
балалық шақта жақсы дамитын
лимфоидты мүше болып саналады. Тимозиндер (
d-
тимозин және
в-
тимозин) айыршық бездің гормондары болып табылады.
Тимозиндер иммундық үдерістерді ынталандырады. Олар анти-
52
гендерді арнайы ажырататын жасушалардың құрылуын қамта-
масыз етіп, оған иммундық реакциямен жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: |