Қушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы



Pdf көрінісі
бет35/54
Дата06.10.2023
өлшемі0,85 Mb.
#113267
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54
Байланысты:
16d00f73201d940052140be0d417d975

Түнгі несеп ұстамау.
Түнгі үйқы кезінде 
еріктен тыс несеп 
шығару энурез
немесе 
түнгі несеп ұстамау
деп аталады. Алайда, 
мүндай жағдай мектеп жасына дейінгі балалардың күндізгі 
ұйқысы кезінде де байқалады, сондықтан оны «еріксіз несеп 


72 
шығару» деп атаған дүрысырақ болады. Ер балаларда энурез қыз 
балаларға қарағанда жиірек және жазда қыстағыдан гӛрі 
сирегірек болады, Түнгі несеп ұстамаушылыққа ұйықтар алдында 
кӛп мӛлшерде сұйық ішу, психикалық жарақат, шаршап-шалдығу, 
тоңу т. б. жағдай әсер етеді. 
Энурездің алдын алудың басты шараларының бірі оған әсер 
ететін себептерді жою болып табылады. Олар: түс қайтқаннан 
бастап балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігі мен олар 
пайдаланатын сұйықты шектеу, диета сақтау, сондай-ақ түнде бір-
екі рет зәр ұстау үшін ояту. 
Энурезге шалдыққан балалар 
түнде кӛпке дейін 
ұйықтамайды, ал сонан соң қалың ұйқы кезінде несеп шығарып 
қойғанын сезбей де қалады. 
Терінің құрылысы мен маңызы.
Адамның терісі 3 
қабаттан тұрады: 1.Эпидермис – сыртқы қабат. 2.Дерма – 
ортаңғы қабат. 3.Гиподерма – ішкі қабат. Ең қалың – 
сыртқы қабат, қалыңдылығы 1-2,5 мм. Бұл қабатта меланин 
ӛндіріледі. Сондықтан терінің түсі ӛндіретін пигментіне 
байланысты, егер ол аз ӛндірілсе тері ақшыл, кӛбірек болса 
– қоңырлау, ал тым кӛп болса – қара қоңыр болады. 
Дерма қабатының жасушалары тығыз дәнекер ұлпадан 
тұрады. Онда капиллярлар мен нерв ұштары болады. 
Дерманың бүршікті қабатында тер ӛндіріледі, ал торлы 
қабатындағы дәнекер жасушалар теріге беріктік қасиет 
береді. Терінің гиподерма қабаты қорғаныс қызметің 
атқарады. 
Тері асты клетчаткада тері бездері орналасқан. Олардың 
ӛзегі терінің сыртына жіңішке саңлау түрінде ашылады. Тер 
бездері алақан, маңдай, қолтық, мойын, арқа және шап 
терісінде кӛбірек болады. Теріде май ӛндіретін май бездері 
болады. Олар алақан, табан терісінен басқа жердің бәрінде 
бар. Тер бездері арқылы денеден сыртқа шығарылатын 
судың мӛлшері 50%, яғни 500-900 мл болады. Термен бірге 
мочевина, несеп қышқылы, креатинин, гиппур қышқылы, 
хлорлы натрий, калий және фосфаттар мен сульфаттар 


73 
шығарылады. Терлеу тәулік бойы үнемі үздіксіз жүреді, 
бірақ сыртқы ортаның температурасы жоғарылағанда
шынықтыру жаттығулары кезінде тер безінің ӛзектері 
кеңейеді де, тер үздіксіз кӛп шығады. Тер бездерінің 
реттелуі симпатикалық жүйке жүйесімен қамтамасыз 
етіледі. Симпатикалық нерв талшықтарының теріге келетін 
холинэргиялық ұштарынан екі түрлі медиатор бӛлінеді: 
ацетилхолин және адреналин. Егер ацетилхолин бӛлінсе, 
жылы тер шығады, ал адреналин бӛлінсе салқын тер 
шығады –адам қатты абыржып, қиналғанда, жағымсыз 
эмоция 
кезінде. 
Қалыпты 
жағдайда 
+18...+-20°C 
температурада тері жамылғысы арқылы ағзаға 1,5% оттегі 
түседі. Алайда, қарқынды физикалық жұмыс кезінде 
оттегінің тері арқылы түсуі 4-5 есе артуы мүмкін. 
Бала терісінің сыртқы эпидермис қабаты ӛте жұқа, 
терінің қан тамырлары кең және кӛрініп тұрады. Терісі тегіс, 
қыртыссыз болады.
Зақымданбаған тері ағзаға кӛптеген химиялық заттар 
мен микроорганизмдердің енуін тежейді. Дененің таза 
болуы терінің барлық қызметтерін қалыпты жағдайда 
қамтамасыз етеді. Терідегі кір артық тері майымен және 
сілекей эпителиймен ұсталады. Терінің жіңішке саңлаулары 
кірмен бітелуі тер және май бездерінің қалыпты бӛлінуіне 
кедергі жасайды. Ластану тері қышуын, бұл тері 
қабаттарының бүтіндігін бұзуға және инфекцияның енуіне 
ықпал етеді. Жуылмаған лас қолдар арқылы кӛптеген 
жұқпалы аурулар беріледі және 
гельминттер
жұғады. 
Сонымен қатар, лас терінің бактерицидтік қасиеттері күрт 
тӛмендейді, олар таза теріге қарағанда 17 есе тӛмен болады. 
Негізгі әдебиеттер. [4-5-6-9]
Қосымша әдебиеттер. [5-7-8-10] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет