Устойчивое развитие: язык, межкультурная коммуникация



Pdf көрінісі
бет179/238
Дата15.11.2022
өлшемі5,1 Mb.
#50154
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   238
Кілт сөздер: прагматика, прагматикалық құзыреттілік, шетел тілі, ағылшын тілі, адресат-
адресант. 
 
Резюме: В статье изложены основы прагмтики для того, чтобы те, кто изучает иностранный 
язык как второй, не попадали неблагоприятные условия, чтобы не было недопонимания. Обмен 
информацией или передача сообщения другим с помощью речи на самом деле является методом 
прагматики. Однако, максимальное использование английского языка для тех, кто изучает его как 
второй язык, требует прагматического навыка. В статье рассматривается насколько прагматические 
знания важны для изучении иностранного языка. 
Ключевые слова: прагматика, прагматическая компетентность, иностранный язык, 
английский язык, адресат. 
 
Summary: The article sets out the basics of pragmatics to ensure that those who study a foreign 
language as a second language do not fall into unfavorable conditions, so that there are no 
misunderstandings. Sharing information or communicating a message to others through speech is actually a 
method of pragmatics. Likewise, maximum usage of English for those who learn it as a second language 
requires a pragmatic skill. The article examines how pragmatic knowledge is crucial for English as second 
language learners.
Key words: pragmatics, pragmatic competence, foreign language, English language, addressee. 
Бүгінгі күні ағылшын тілі жаһанданған әлемде «Халықаралық тіл» статусына ие, 
сонымен қатар әлем бойынша қарым-қатынас тілі ретінде қолданылады. Бұл жаһандық 
талқылаудың, өнер, әдебиет, музыка әлеміндегі жалпы қабылданған тілдің, кәсіпкерлік, 
сауда, білім беру, ғылымның, кино және спорттық іс-шараларға арналған халықаралық 
нарықтардың негізгі қайнар көзі. Сонымен қатар, ағылшын тілі әлеуметтік желілерді 
қоспағанда, әлемнің барлық дерлік елдерінде баспа және электронды БАҚ – тың назарын 
аударды және бұл тілде бірқатар газеттер шығарылады, көптеген жаңалықтар арналары 
жаңалықтар бюллетендерін таратады және ток-шоулар өткізеді. Қазіргі кезде шет тілі тек 
қана ағылшын халықтарының игілігі мен атрибуттары болып танылмайды, сонымен қоса 
дүние жүзінде бұл вербальды қарым-қатынас халықаралық өнім ретінде маңызға ие болды.
Көптеген полиглоттар әр түрлі жағдайларда ақпарат пен білімнің басым түрлерін атап 
өту үшін құзыреттілік сөзін енгізген болатын. Лингвистиканың атасы болып танылған Ноам 
Хомский бастапқыда «құзыреттілік» сөзін қолдана бастады. Ол өзінің «Синтаксис 
теориясының аспектілері» деп аталатын кітаптарының бірінде «құзыреттілік» терминін өте 
орынды түрде былай сипаттайды: « Тілдік тұжырымдама белгілі дәрежеде біртекті және 
өзгеріссіз дискурстық ортада, яғни ешқандай кедергісіз тілдік қарым-қатынаспен сөйлеуші-


тыңдаушы ретінде байланыс орнатады. Грамматикалық тұрғыдан орынсыз қателіктер әсер 
етпейді және тілдік мінез құлықтың сипаттамасы лингвистикамен танысу барысында нақты 
акт аясында қолданылады». [1] 
Бәріміз білетіндей, биосфера қабатында тірі организмдер өсіп, өніп дамитыны сияқты, 
адамзаттың да өсіп, өніп дамитын ортасы болады, ол ортада адамның атқаратын рөлі орасан 
зор және оны – әлеуметтік орта деп атаймыз. Әлеуметтік орта – өзімізді қалай ұстау керек 
екенін үйрететін, мәдени нормалардан құралған белгілі бір орта. Адамзат өзге тілді үйренуге 
құлшынысы ашылғанда лингвистикалық жүйеден басқа, қарым-қатынас алмасуды реттейтін 
әлеуметтік және мәдени нормаларды білуі қажет. Әр тілдің өзара әрекеттесу стилін 
сипаттайтын тілдік нұсқалар, прагматикалық мазмұнның өзара әрекеттесуі – прагматикалық 
құзыреттілікті құрайтын дағдылар болып келеді. Прагматикалық құзыреттілік – шет тілін әр 
түрлі жағдайларда орынды пайдалана алатын білімнен құрылады. Сөйлеушінің не айтып 
тұрғанын түсіну, қандай мағынада қатынас орнағанын ұғыну прагматикалық құзыреттіліктің 
мақсаты.
Көп ғалымдардың қызыққан және лингвистика саласында көп талқыға салынған 
тақырыптардың бірі – прагматика. Прагматика сөзі грек тілінен келген және мағынасы 
«әрекет, іс» болып аударылады. Прагматикада сөйлемнің дұрыс пайдалануы, қандай 
таңбалар, белгілер қолданылғаны, сөйлеушінің бастапқы ниетін білу, прагматикалық 
ережелерді сақтауы, сөйлеуші қай жерде, қай уақытта айтқаны бәрі бір-бірімен тығыз 
байланысты. Прагматика – тілдік таңбалардың субъектке әсерін зерттейтін семиотиканың бір 
бөлімі. «Прагматика» терминін Ч.У. Моррис ХХ ғасырдың 30-шы жылдарының соңында 
семиотиканың (синтаксис және семантикамен қоса) үш бөлімінің біреуін анықтау 
мақсатында енгізген. Алайда, прагматикалық аспектінің символдық жүйелерін алғаш рет 
ХІХ ғасырдың соңында Ч.С. Пирс мұқият қарастырды. Ч.С. Пирс прагматикалық 
компонентті белгінің мәнін анықтаудағы негіз деп санады. Таңба – өзінің физикалық 
қасиетінің арқасында емес, оны қандай да бір қатынас аясында пайдаланғаннан кейін 
осындай қасиетке ие болады. Сондықтан символдық құрылымдарды (синтаксис) құру әдісі, 
таңбаның белгіленген объектілерге қатынасы (семантика) – таңбалардың негізгі функциясын 
орындау құралы болып табылады, яғни : адамдар арасындағы байланысты қамтамасыз ету. 
Ч.С. Пирстан кейін шамамен он жыл көлемінде таңбалық жүйеге және осы тематикаға 
жеткілікті қызығушылық болғанымен, зерттеушілер жақтан прагматикаға жеткілікті көңіл 
бөлінбеді. Семиотика, лингвистика және философиялық тіл салаларында біршама жұмыстар 
синтактика-семантикалық әдіске бағытталды. Прагматикаға деген қызығушылықтың өсуі ХХ 
ғасырдың екінші жартысында аналитикалық философия шеңберіндегі дамулармен тікелей 
байланысты болды. Біріншіден бұлай болуының себебіне куәлік ететін, әрі елеулі 
оқиғалардың бірі Л. Витгенштейнның соңғы еңбектері, екіншіден, Дж. Остинның сөйлеу 
актілері теориясы.
Прагматика термині лингвистикада пайдаланғанымен, оның қолданылуы мен мағынасы 
әрқилы болып келеді. Бұл жайында « Языковая деятельность в аспекте лингвистической 
прагматики» кітабында: Прагматика является одним из тех слов, которые создают 
впечатление, что их содержание определенно, хотя это не соответсвует практике их 
употребления. На самом деле прагматика представляет собой область лингвистических 
исследований без каких либо четких границ. Прагматика как аспект изучения вообще 
пронизывает все уровни языка»,-деп айтылады. Бұлай деуіміз, прагматика сөзінің қолдану 
аясының кеңдігін көрсетеді, әрі лингвистика саласының зерттелімінде шектеулік 
болмайтынын көрсеткісі келді. Прагматиканың қазіргі кездегі қалпын: «представляет собой 
междисциплинарную проблемную область, в которой «задействованы» практически все 
лингвистические, 
многие 
лингвофилософские, 
социологическое, 
психологическое, 
этнографические и некоторые кибернетические (связанные с созданием искусственного 
интелекта) направления. Интерес к прагматике во многом определяется тем, что в ее рамках 
обеспечивается возможность проведения содержательного диалога между представителями 
различных областей знаний» [2, 13], - деп түсіндіреді.


Қарым-қатынас пен сөйлеу әрекеті – прагматиканың бір-бірінен ажырамас бөлігі. 
Прагматикалық сөйлеу әрекетінің негізінде адамдардың бір-біріне тіл арқылы ықпал ету, 
әрекетке итеру ұғымдары жатады. Бұл ұғымдар қарым-қатынасқа қатысушы 
коммуниканттардың мақсатынан туындайды. Демек, сөйлеу әрекетін тудыратын – 
сөйлеушінің мақсаты. Жалпы қайсыбір сөйлесімнің прагматикасы болмасын, нақты 
жағдайдағы адамдардың қандай мақсатпен сөйлеп тұрғанын анықтауды мақсат тұтады. [3, 
57] 
Зерттеу барысында кейбір ғалымдар прагматикадағы негізгі рөлді адресант факторына, 
кейбірі адресат факторына, ал басқа жағдайда лингвистикалық контекске негіздеп зерттеуді 
қарастырады. Адресант – тілдік таңбаның басты кейіпкері, қарым қатынасты құрушы, 
коммуникативтік үдерісті басқарушы. Адресат – ақпаратты қабыл алушы, оқырман не 
тыңдарман сөз мәдениетінің, психологияның, лингвистиканың іргелі ұғымы. 
Тақырыптың өзектілігіне келсек, шет тілін меңгеру барысында автор сөзін түсіну, 
сөйлеушінің негізгі ойын талқылау оны ұғыну, адресаттың хабарламаны дұрыс қабылдауы 
маңызды және өзекті. Тілдік бірліктер прагматикалық жақтан зерттегенде маңызды 
компоненттердің бірі ретінде қарастырылады. Тіл үйрену барысында автордың шын мәнінде 
нені меңзегенін, нені айтып түсіндіргісі келгенін, айтылған хабарламаның мәнеріне, 
уақытына, интонациясына да мән беріліп, тілдік таңба арқылы, яғни прагматиканың 
көмегімен анықтай аламыз.
Прагматикада адресант автордың кейпін сомдайды, бұлай дейтініміз автор өзінің сөзін 
адресантқа не тыңдарманға дұрыс жеткізілуін, арада ешқандай кедергі болмауын қамтамасыз 
етеді. Адресанттың көздеген мақсаты – өз ойының, сезімінің тындаушыға емін-еркін, толық 
жеткізілуі. Бұл жағдайда екінші жақтың да атқаратын қызметі есепке алынады. Екінші жақ, 
ол – тыңдарман, адресат, ақпаратты қабыл алушы. Адресаттың білімдік деңгейі автормен 
тепе-тең болуы керек немесе автордың ойлау қабілетімен санасуы қажет. Өйткені, оқырман 
не тыңдаушы автордың не айтқысы келгенін, мағынасын толық түсіне алмаса, автор мен 
оқырманның арасында қажетті қарым-қатынас қалыптаспайды. Алайда, адресанттың 
көздегені оқырманға барынша түсінікті тілмен жеткізіп, ортада жақсы келісім, қарым-
қатынас орнату, адресатқа әрекет етуіне ықпал жасау. 
С.С. Искакова лингвистикалық прагматика «таңба мен пайдаланушының» барлық 
қырын зерттеумен айналысатындықтан, оның зерттеу пәніне сөйлеу субъектісімен 
(сөйлеуші, адресант), адресатпен (реципиент, қабылдаушы) байланысты, қарым-қатынас 
ситуацияларындағы, коммуникацияларындағы өзара байланыстары тәрізді көптеген 
мәселелер жататындығын айтады. [4, 192]
Прагматиканы басқаша түсіндірсек: таңбалық белгілердің қатынасын бақылау немесе 
реттеу арқылы зерттейтін пән, ал тілдік мағынаны зерттеу (семантика) таңбаның қатынасын 
заттармен байланысын зерттейді. 
Біршама зерттеушілер, сөйлеу акты сөзін өздерінің зерттеулерінде сөйлеу мәнерін, 
айтылуын немесе дыбыстың шығуын сипаттау үшін қолданған.
Прагматикада автордың берген ақпаратын түсіну барысында екінші шетел тілін 
үйренушілерге біраз қиындықтар тудыруы мүмкін, алайда, тіл үйрену барысында сол тілдің 
барлық лексикалық нормаларын талдап, мәдени және басқа да құндылықтарын аңғарып, сол 
тілдің қызығына кірсе, күнделікті ақпарат алмасу кезінде ешқандай кедергілер туындамайды. 
Үйренуші бастапқы деңгейден өткеннен кейін, тілді қандай мақсатпен оқып жатқанын 
түсінеді, оқуды ары қарай жалғастыруды шешуі тиімді қарым-қатынасқа ықпал етеді. Осы 
кезеңде біз прагматикалық құзыреттілікті кеңейтуіміз керек. Егер білім алушы шет тілін 
үйренуді шешсе, келесі түсіну кезеңіне өтеді, ол кезеңде тілдің дұрыс қолданылуын 
реттейтін прагматикалық нормаларын түсіну керек. Ол үшін білім беруші үйренушіні нақты 
нұсқалықтармен қамтамасыз ету керек, онсыз шет тілінің нормаларын түсіну қиын болады. 
Прагматикалық талдау тілді тек мәдени тұрғыдан ұсынуға болатын функционалды 
тұрғыдан талдауға алып келді. Дәл осы әлеуметтік және мәдени нормалар қарым-қатынас 
барысында ана тілінде сөйлейтіндерге лингвистикалық таңдау бергенін көреміз. Кім бірінші 


сәлемдесуді, сәлемдесуге қалай жауап беруді, қандай да бір мәлімдемеге қалай жауап 
қайтаруды шешу – әр тілдің өзара әрекеттесу стилін құрайды. Прагматикалық тұжырымдама 
тек қана мәдениет пен әлеуметтік нормалардың шекарасында қалмау керек, оны барынша 
кеңейтуіміз қажет. Шет тілін үйренушілер практикалық қабілеттерге және прагматикалық 
құзыреттілікке ие болу үшін дәстүрлі түсінік пен сөйлеу қабілеттерін немесе қарым-қатынас 
дағдыларын игеру керек. Барлық мінез-құлық пен іс-әрекет дискурс болып табылады, 
сонымен қатар адам ережелерге бағынбайды, өзін ұстап немесе басқаша әрекет ете алмайды. 
Әрбір мінез-құлық немесе іс-әрекет дискурста көрініс табуы мүмкін және біздің әрбір 
әрекетіміз сенім, дін, өмір салты, саясат, тіпті жеке планетааралық, өмір жолындағы 
сезімдерімізден тұратын этникалық жағдайды (мәдени фонды) жаңғыртады.
Прагматикалық коучинг шет тілін үйренушілерге алдында кездесетін қандай да бір 
жағдайда нақты, қолайлы вербальды қарым-қатынасты табуды үйретеді. Екінші тілді 
зерттеуде, сонымен бірге білім беруде прагматикаға тілдік жағдаяттар (сөйлеу актілері), 
импликацияның коммуникативтік әрекеті (сөйлесу импликациясы), коммуникативтік 
бақылау (қарым-қатынасты реттеу), дискурсты ұйымдастыру және аймақтық, кәсіби диалект 
айырмашылықтарын, гендерлік айырмашылықтарын қоса алғанда, әлеуметтік факторларға 
байланысты тілді үйрену ерекшеліктері кіреді.
Лингвистикалық прагматиканың мақсаты мен міндеті жаңадан келген лингвистердің 
өсуіне көмектесу, сондай-ақ олардың сөйлеу қабілеттерін немесе коммуникативті 
құзыреттілігін жақсарту. Жалпы, қандай да бір мәліметтің прагматикасы болмасын, сол 
кездегі автордың қандай мақсатпен сөйлеп тұрғанын дөп басу. 
Қорытындылай келгенде, адамдардың өзара қатынас барысында тілдік бірліктерді 
қолдануы, өз ойын, тұлғалық сипатын көрсетуде қандай тілдік жүйені пайдаланатындығы 
туралы сұрақтарды зерттеу, прагматикаға қатысты сұрақтарды зерттеудің үлкен маңызы бар. 
Жалпы, тілде, лексикада авторға не адамға қатысты ақпаратты айқындау үшін міндетті түрде 
әлеуметтік, мәдени, этникалық және қолданушының басқа да сипатын прагматикада қажет 
етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   238




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет