Устойчивое развитие: язык, межкультурная коммуникация



Pdf көрінісі
бет175/238
Дата15.11.2022
өлшемі5,1 Mb.
#50154
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   238
Өмірханова Д.О. (Қазақстан) 
Ғылыми жетекші: Мамбетова М.Қ. (Қазақстан) 
 


ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА 
ЖАЗЫЛЫМ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Түйіндеме: Аталған жұмыста ағылшын тілін оқытудағы жазылым дағдысын қалыптастыруда 
көрінетін өзекті мәселелер, олардың туындау себептері мен шешудің тәжірибесі қарастырылған. 
Жазылым жұмысының нәтижелігі мен туындайтын мәселелердің арасындағы байланыстың шет тілін 
оқыту әдістемесі көзқарасынан қарастырылып ұсынылған.
Кілт сөздер: тілдік дағдылар, шет тілі әдістемесі, жазылым дағдысының мәселелері, жазылым 
дағдысын дамыту. 
Резюме: В данной работе рассмотрены актуальные проблемы, проявляющиеся в формировании 
навыков письма при обучении английскому языку, причины их возникновения и опыт решения. 
Взаимосвязь между результативностью письменной работы и возникающими проблемами 
рассмотрена с точки зрения методики преподавания иностранного языка. 
Ключевые слова: языковые навыки, методика иностранного языка, проблемы навыков письма, 
развитие навыков письма. 
Summary: This article discusses the current problems that manifest themselves in the formation of 
writing skills in teaching English, the reasons for their occurrence and the experience of solving them. The 
relationship between the effectiveness of written work and emerging problems is considered from the point 
of view of the methodology of teaching a foreign language. 
Key words: language skills, foreign language methodology, problems of writing skills, development 
of writing skills. 
Ағылшын тілін шет тілі ретінде оқытудың алғышарттары жазылым, оқылым, айтылым 
мен тыңдалым сияқты тілдік дағдыларды дамытудың негізінде құралады. Жазу – оқумен 
бірге жазбаша байланыс құралына жатады. Шет тілін оқыту әдістемесінде жаза алатын адам 
сөйлей алады, ал сөйлей алатын адам жаза да алады деген түсінік қалыптасқан. Алайда, 
жазылым дағдысын қалыптастыру – айтылым дағдысы мен тыңдалым дағдысына қарағанда 
баяу жүретін процесс, өйткені ой пайда болған кезде жазушы бастапқы жоспарды өзгертіп, 
мазмұнын түзете алады, оны толықтыра алады. 
Жоғарғы сынып оқушыларына ағылшын тіліне оқытуда жазылым дағдысын 
қалыптастырудың өзектілігі – қазіргі таңдағы жаңартылған білім беру мазмұны талаптарына 
сай, академиялық жазылымның сұранысы жоғары болуына байланысты, тілдік дағдылар 
арасында жазылым дағдысын дамытып, білім алушылардың жазылым дағдысы шеберлігін 
шыңдау.[3] Тілдік дағдыларды қалыптастыруды зерттеген шетелдік педагогтардың, сондай-
ақ білім берудегі оқушылардың когнитивтік қабілеттері туралы жазылған психологтардың 
зерттеулерімен таныса келе, шет тілдік ортаның аздығы, жазылым барысында жіберілетін 
грамматикалық қателерден бөлек, білім алушылардағы когнитивтік үдерістің ерекшеліктері 
де жазылым дағдысын дамытуда үлкен кедергі туындататыны белгілі болды. Ресей 
психологы С. Л. Рубинштейн өзінің еңбегінде адамның психологиялық дара ерекшеліктеріне 
байланысты тілдік дағдылардың әр түрлі дамитынын атап көрсеткен.[1] Адамдардағы 
когнитивтік үдеріс те жеке қызмет ретінде емес, тілдік қызметтерді атқару барысында ғана 
көрініп, кез-келген тілдік дағдыны қалыптастыруда, одан әрі дамытуда кедергі болады деген 
пайымдау жасаған. Осыған байланысты, жазылым барысында туындайтын мәселелерді 
талдау мақсатында үш түрлі тілдік деңгейдегі эксперименттік топтар құрылып, білім 
алушылардың жазба жұмыстары бақылауға алынды. Бақылауға алынған топтардағы білім 
алушылар ой-толғау, пікір білдіру, шағын мақала жазу және ресми-бейресми хат жазу сынды 
формаларда жазылым жұмыстарын алдын-ала дайындықсыз орындады.
Жазылым жұмыстарын түпкілікті зерделеу нәтижесінде, жазылым дағдысын 
қалыптастыруға кедергі болатын мәселелер қатарында мәтіннің логикалық және 
стилистикалық бояуының жеткіліксіз болуы, лексикалық қордың деңгейге сай болмауы, 
жазылымға берілген тақырып бойынша дүниетанымының аздығы сынды бірқатар мәселелер 
бар екендігі анықталды. Сондай-ақ, психологиялық ерекшелігіне қарай когнитивті үдеріс 


баяу жүретін білім алушыларда кездесетін мәселелер ойдың бірізділігін сақтаумен 
байланысты болатыны негізделді. Жазылым жұмысын орындау барысында білім 
алушыларда туындайтын сөйлем синтаксисінің, грамматикалық құрылымның қателіктері 
мәселелері оқыту үдерісіндегі тілдік мақсаттардың жүзеге асырылмауы мен немқұрайлылық 
салдарынан пайда болады.
Білім алушылардың жазылым жұмысындағы логикалық және стилистикалық бояудың 
жеткіліксіздігі олардың тілдік білімдеріндегі олқылықтарға байланысты орын алып отыр. 
Сонымен қатар, лексикалық қордың деңгейге сай болмауы орындалатын лексикалық 
жаттығулардың аздығымен сипатталады. Аталған мәселелерді шешу мақсатында білім 
алушыларға бірнеше әдеби шығармаларды оқып, ауызша және жазбаша талдау жасау 
ұсынылды.[2, 163] Тілдік деңгейлерінің әртүрлілігіне байланысты “The Fisherman and his 
soul”, “The picture of Dorian Gray” және “1984” атты шығармалардың бөлімдері берілді. Білім 
алушылар өздігінен талдаған мәтіндерге ауызша дискурс жасауда көп қиналмайды, өйткені 
шағын жауаптар беріледі. Бірақ жазылым барысында ойдың логикалық бірізділігін сақтауда 
кідіріс пайда болады, себебі мәтін мазмұнын жазу көлемі кең. Мазмұнды жазылым жұмысы 
негізінде ұсынудағы лексикалық қордың жеткіліксіз болуын тудырмау мақсатында әртүрлі 
тақырыптық сөздіктер құрастырылып, білім алушылармен ойын элементтерін қолдану 
арқылы жұмыстар атқарылды. 
Жазылым дағдысын қалыптастыруда білім алушыларда кездесетін мәселелерді шешу 
қатаң саралау жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Оларды жою үшін қолданылатын шаралар 
қатарына оқытуды алдын-ала жоспарлау, білім алушының мүмкіндіктерін ескере отырып, 
жеке жұмыс жоспарын құрып, тақырыптарды шынжырлы әдіспен меңгерту кіреді. 
Жүргізілген зерттеу нәтижесінде, білім алушыларға әдеби шығармалармен жұмыс жүргізу, 
саралау тапсырмаларын тереңдету арқылы жазылым дағдысын қалыптастыруда жетістікке 
жетуге болатындығы көрінді. Қолданылған эксперименттік тәсілдерді дамытып, жазылым 
дағдысын қалыптастыруға бағытталған әдістемелік кешенді құру жоғарғы сынып 
оқушыларында кездесетін жазылым мәселелерін шешуде тиімді құрал бола алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   238




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет