Устойчивое развитие: язык, межкультурная коммуникация



Pdf көрінісі
бет153/238
Дата15.11.2022
өлшемі5,1 Mb.
#50154
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   238
Ключевые слова: язык, культура, коммуникация, компетенция, квалификация, подход. 
Summary: Currently, one of the main tasks of teaching a foreign language in Kazakhstan is to teach 
the language as a genuine and full-fledged means of communication. Therefore, the problem of preparing a 
linguistic personality capable of proper intercultural communication and cultural dialogue has come to the 
fore in the domestic methodology. Requirements of the new time a foreign language teacher sets new tasks 
for teachers. Accordingly, communication in a foreign language is still aimed at introducing the country to 
various cross-cultural relations, introducing the country to the world stage, not being limited within a certain 
discipline. 
Keywords: language, culture, communication, competence, qualification, approach. 
Әлемдік тәжірибе бойынша ХХІ ғасыр жоғарғы мектебінің қызметін және ондағы білім 
беру мазмұнын анықтауда бірқатар жаңа тұжырымдық тәсілдердің негізі мен бағыттары 
түзілгендігін көрсетеді. Осы тұрғыдан алып қарағанда тіл үйренушілерге алған білімнің 
негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларын еркін бағдарлауға, сол арқылы сөз мүмкіндіктерін 
іске асыруға және адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс әрі жауапкершілік шешім 
қабылдауға бағыт беретіндей болуы тиіс. Білім берудің бұл тұжырымдары бүгінгі таңда жаңа 
«компетенттік тәсілі» «компетенция», «компетенттілік», «біліктілік» яғни соңғы уақыттары 
“құзыреттілік” ұғымдары арқылы беріліп келеді. Қазіргі кезде бұл ұғымдардың мән-
мағынасын талдауға арналған ірі ғылыми-теориялық ғылыми-әдістемелік еңбектер жарық 
көре бастады. Мысалы халықаралық зерттеулерге талдау жасайтын болсақ, А.В. Хуторский, 
О.Е.Лебедев, С.Е.Шишов, В.А.Кальней, Г.Селовко, А.Г. Каспаржак, Т.М.Ковалева, 
Д.А.Иванов, К.Г.Митрафанов, О.В. Соколова және т.б білім берудегі құзіреттілік тәсілдің 
мәселелеріне, ұғымдар мен құралдарына және оның білім сапасын көтерудегі маңызына 
тоқталып, алғаш рет Фердинанд ДеСюссер өз еңбектерінде адамның тек тілдік мағынасында 
ғылыми айналымға енгізді. Қазіргі шетел тілін оқытудың білім стандартына сәйкес 
құзіреттілік адамның белгілі бір ортада әрекет етуге дайындығы және қабілеттілігі 
“құзіреттілікті игеру – мәдени адамды академиялық білімнің өкілі ретінде белсенді” 
әлеуметтік бейімделген тұлғаға ақпарат алмасу мақсаттарында оған әсер ете алатын тұлғаға 
айналуына көмектеседі [1]. 
Ғалымдар бұл терминге әр түрлі анықтамалар береді. Мысалы: Шилов және Агапов И.Т 
анықтамасы бойынша құзіреттілік дегеніміз тұлғаның білім алу барысында меңгерген білімі 
мен тәжірибесіне негізделген оқу-танымдық және еңбек процесінде оның өз бетінше әрекет 
етуіне бағытталған. Жалпы іс-әрекетке қабілеті мен дайындығы жайында осы мәндес 
анықтама Л.П. Бористовтың еңбегінде беріледі,оған сай құзіреттілік оқу барысында алған 
білім мен іскерліктерін күнделікті өмірде, әртүрлі практикалық және теориялық 
проблемаларды шешуде қолдана алу қабілеті. Сондай-ақ қазақ түсіндірме сөздігінде 
«құзіреттілікке» мынадай анықтама берілген: Көп білетіндік, білімділік. Біліктілік бесіктен 
басталады (мақал). 
Қазақстандық ғалымдарда ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне кіргізу 
және қоғамдық сұраныстарына жауап беру мақсаттарына сәйкес білім берудегі құзіреттілік 
моделіне зерттеулер жүргізіп, оны мектеп, жоғарғы оқу орны тәжірбиесіне енгізу 
мүмкіндіктерін қарастыра бастаған. Соның ішінде құзіреттілік ұғымына Б.Тұрғанбаева: 
«Құзырлыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі 
молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады» - 
дейді. 


К.Құдайбергенова тұлға құзырлылығын қалыптастыру жолдарын: 
- білім беру жүйесіндегі жүйеге кіретін бала жүйеден шыққанда түлек болады; 
- тұлғаның ұжымға енуі арқылы әлеуметтік-психологиялық сипаты көрінеді,–деп 
тұжырымдайды. 
Берілген анықтамаларға талдау жасай келе құзырет деп бір-бірімен тығыз байланысқан 
«білім», «білік», «дағды» (ББД) және білім алушының үйренушінің білімі мен дағдыларын 
тәжірибеде күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді 
шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Құзырет пен құзыреттілік бірін-бірі толықтырады және 
өзара байланысты. Білім алушының құзыреттілігі ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде 
қалыптасады.Сонымен, оқытудағы құзыреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту 
сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, 
мектептегі оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін қамтамасыз етуді талап етеді. Демек 
«құзырет»және«құзыреттілік»ұғымдарын мектептегі педагогикалық тәрбиеге енгізу білім 
берудің мазмұнымен әдістерін өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап етеді. 
Құзыреттілік тәсіл бірінші орынға оқушының хабардарлығын емес, нақты құбылыстарды 
танып білумен түсіндіруде; қазіргі заманғы техникамен технологияны игеруде; практикалық 
өмірде; мамандық таңдау кезінде өзінің кәсіби білім алуға дайындығын бағалауда; еңбек 
нарығын бағдарлау қажет болғанда; өмірден өз орнын анықтауға; өмір салтын, кикілжіңдерді 
шешу тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын 
өмірлік мәні бар мәселелерді шешу біліктілігін шығарады [2]. 
Мақалада аталған ұғым оқыту жағдайында мәдениетаралық қатысымдық құзыреттілікті 
қалыптастыру нысаны ретінде қолданылады. Ары қарай біз мәдениетаралық қатысымдық 
құзыреттілік құрылымының үлгісін әртүрлі компоненттер құрамында қарастырамыз. 
Мәдениетаралық қатысымдық құзыреттілік компоненттерінің құрамы ғылыми 
педагогикалық әдебиетте пікірталас тудырады. Оның құрамы туралы нақты пікір жоқ,оны 
анықтайтын әдісте жоқ. Алайда «мәдениетаралық қатысым» ұғымын түсіндірудегі түрлі 
әдістердің болуына қарамастан, шетел тілін оқыту саласында оны барлық мамандар бірдей 
түсінеді, ол Ян Ван Эк ұсынған пікір, мәдениетаралық қатысымды теориялық үлгісінің 
элементтері бар деп көрсетеді. 
Мәдениетаралық қатысымдық құзыреттіліктің құрылымында келесі құзыреттіліктер 
мен субқұзыреттіліктер бар: 
- лингвистикалық құзыреттілік (вокабуляр мен грамматикалық ережені білу); 
- әлеуметтік-лингвистикалық құзыреттілік (жағдаят пен мән мәтінге сай тілдік 
формаларды қолданып,логикалық тұрғыдан қолдана алу іскерлігі); 
- дискурсивтік құзыреттілік (мағыналық қатысым мақсатында жеке айтылымдарды 
түсініп,логикалық тұрғыдан қолдана алу іскерлігі); 
- стратегиялық құзыреттілік (вербалды және вербалды емес стратегияларды 
жетіспейтін білімдер орнына қолдана алу іскерлігі); 
- әлеуметтік мәдени құзыреттілік (әлеуметтік мәдени мән мәтінмен танысудың белгілі 
бір деңгейі) 
- әлеуметтік құзыреттілік (басқалармен бірігіп әрекет етуге ниет пен дайындық, 
жағдаятты басқара алу іскерлігі). С.Савиньонның пікірінше, мәдениетаралық қатысымдық 
құзыреттіліктің құрылымына: 
- грамматикалық құзыреттілік, яғни тілдің лексикалық, синтаксистік, фонологиялық 
ерекшеліктерін танып,олармен сөз, сөйлемдер құрастыра алу
- әлеуметтік лингвистикалық құзыреттілік немесе тілді қолданудың әлеуметтік 
ережесі, қарым-қатынасқа түсушілердің рөлін түсінуі өздері алмасып отырған ақпаратты 
ұғынуы және өзара әрекеттерінің функциясын түсінуі; 
- жеке сөйлемдерді ғана емес, фразалық бірліктерді қабылдап, оларды өндіру 
қабілетімен байланысты айтылым құзыреттілігі; 
- тілдік стратегия құзыреттілігі шетел тілін жетік меңгермеген, ережелерді жетік 
білмеген жағдайда қолданылады. 


Әрбір құзыреттіліктің спецификалық мазмұндық негізіне Д.Хаймс мәдениетаралық 
қатысымдық құзыреттілікк екі ретін құзыреттіліктерді топтастыруда төмендегілерді 
жатқызады: 
- лингвистикалық (тіл ережесі); 
- әлеуметтік лингвистикалық(сөз диалектикасының ережесі); 
- дискурсивтік (мағыналық айтылымды құрастыру ережесі) 
- стратегиялық (әріптеспен қарым-қатынасты қолдау ережесі). 
Қатысымдық құзыреттілікті толығырақ сипаттаған Л.Бахман. Ол«қатысымдық тілдік 
іскерлік» деген терминді қолданады да,оған келесі басты компетенцияларды жатқызады: 
- тілдік (лингвистикалық); 
- дискурсивтік (байланыстылық, логикалық байланыс, ұйымдастыру); 
- прагматикалық (қатысымдық мазмұнды әлеуметтік мән-мәтінге сай бере алу 
іскерлігі); 
- ауызекі (лингво-прагматикалық компетенция); 
- әлеуметтік-лингвистикалық; 
- стратегиялық (қатысымдық стратегияларды жетіспейтін білім орнына қолдана алу 
іскерліктері); 
- ойлау-сөйлеу(қатысымдық мазмұнды жасауға дайындық). 
Мәдениетаралық қатысымдық құзыреттіліктің құрылымымен үлгісіне талдау жасай 
келе, Д.Н.Кулибаева: 
- шетел тілін оқытудың Т-деңгейі жүйесі бар (Ян ван Эк) «Жалпы европалық 
құзыреттіліктің» құрамын (жалпы, қатысымдық-тілдік) ажыратады; 
- осы құрамды өзгертуді ұсынады; 
- мәдениетаралық қатысымдық құзыреттіліктің құрамына шектеулер енгізеді; 
- шетел тілін оқыту үшін мәдениетаралық қатысымдық құзыреттіліктің келесі 
субкомпетенциялардың болуының жеткілікті екеніне көз жеткізеді: лингвистикалық, 
стратегиялық, дискурсивтік, әлеуметтік-мәдени; 
- мәдениетаралық қатысымдық құзыреттілік құрылымының поли компоненттерінің 
бірін қамтамасыз ететін құрамында төрт субкомпетенциясы бар мәдениетаралық 
қатысымдық компетенцияны бөліп алуды ұсынды [3]. 
Мәдениетаралық қатысымдық құзыреттіліктің құрылымының келтіріген үлгісі, 
зерттеушілердің мәдениетаралық қатысымдық құзыреттіліктің ерекшеліктерін анықтаудағы 
пікірлерімен әдістерінің мәдениетаралық қатысымдық құзыреттіліктің негізі мен 
функциясына және оның басты мазмұндық аспектілеріне байланысты әртүрлі екендігін 
дәлелдеді: 
- әлеуметтік лингвистикалық-функционалды доминантаның артықшылығы (ЯнванЭк); 
- компетенция типологиясының тілдік компетенттік негізі (С.Савиньон); 
- құзыреттіліктің функциясындағы прагмалингвистикалық доминанта (Д.Хаймс); 
- құзыреттіліктердің 
функционалдық 
мазмұндық 
векторындағы 
лингво 
мәдениеттанушылық бағдар (Д.Н.Кулибаева). 
«Мәдениетаралық 
қатысымдық 
компетенцияның» 
компонентті 
құрамын 
анықтауда,«когнитивтік-лингвомәдени» әдіснаманың негізгі теориялық ұстанымдарына 
сүйене отырып, біз: 
- жоғарыда айтылғандар негізінде, мәдениетаралық қатысымдық құзыреттілікті шет 
тілдік қатысымдық компонент емес, жеке құзыреттілік болып есептеледі; 
- жоғарыда айтылған қатысымдық құзыреттілік компоненттері мәдениетаралық 
қатысымдық мазмұн мен функцияны жүзеге асыруда маңызды болып саналатын дербес 
субқұзыреттіліктер болып табылады; 
- әдіснамалық ұстанымдарды 
«мәдениетаралық қатысымдық» субқұзыреттілік 
құрамында бейнелеуде де әдіснамалық тұтастық пен өзара байланыс қадағаланады деп 
көрсетеміз. 
Біз ұстанып отырған «мәдениетаралық қатысымдық құзыреттілік» құрылымында 


тұлғаның халықаралық байланыстағы әрекетіне қажетті шетел тілін меңгерудің 
мәдениетаралық қатысымдық деңгейін қалыптастыратын,оқыту жүйесін бейнелейтін келесі 
субқұзыреттіліктер беріледі: 
- ұлттық тілдік сана мен менталитеттің лингвомәдени көрінісі ретінде тілдік тұлға 
бойында 
өз 
мәдениетінің 
негізінде 
әлемнің 
алғашқы 
концептуализациясын 
қалыптастыратын, шетел тіліне ауысу кезінде «реконцептуализацияның» негізін қалайтын 
лингво мәдени құзыреттілік
- тілдің тұлға бойында «екінші когнитивтік сананы» басқа лингвосоциумның концепті 
мен бейнесі ретінде қалыптастыратын, сондай-ақ оның когнитивтік жүйесінде «басқа 
ортаның тілі» мен әлемі туралы біліммен сәйкес келетін екінші контрукцияны 
қалыптастыратын субқұзыреттіліктің бұл түрі өз тілімен мәдениетінің негізінде екінші 
когнитивтік сана қалыптастыруды көрсетеді; 
- адам санасындағы шынайы тілдің өңделуінің ортақ интегративтік механизмі 
шынайы нәтижесі ретінде басқа социумның «көрінісін» тілді оқи отырып концептуалдық 
субқұзыреттілік; 
- тілді ойлау мен таным үрдісінің бөлінбейтін бөлшегі ретінде қарайтын когнитивтік 
субқұзыреттілік. Когнитивтік субқұзыреттілікмен талдық құрылымдар секілді когнитивтік 
құрылымдарда көрініске ие болады,олар арқылы адам қоршаған ортаны қабылдап, шынайы 
тіл өкілі ретінде қоғамның әлеуметтік категориясын және әлеуметтік менталитетке 
негізделген ұжымдық сананы бейнелейді. Жаңа тілге көшу шартнамада ол «әлемнің екінші 
концептуализациясын» саналы түрде қамтамасыз етеді; 
Мәдениетаралық қатысымдық шет тілдік білім берудің теориясымен практикасының 
пәндік мазмұндық негізінің құрылымын иерархиялық құрылым ретіндеа нықтаймыз,ол 
келесі тізбек бойынша құралады: 
1) шеттілдік білім берудің мәнін анықтаймын шеттілдік білім беру әдіснамасы 
(когнигивтік-лингво-мәдени); 
2) шет тілдік білім беру тұжырымдамасында көрсетілгендей, шеттілдік білім беру 
әдіснамасын жүзеге асыратын әдіснамалық ұстанымдар. 
Мәдениетаралық қатысымдық құзіреттілік ұғымы әлемдік білім беру жүйесіндегі 
бірізділік тенденциясымен қоса жүретін күрделі құбылыс. Еліміздің экономикалық әулеті 
мен шетелдік инвесторларды қызықтыратын шикізат қоры және саяси моделіндегі 
демократиялық үдерістер білім берусаласындағы жаңаша ізденістерге жол ашуда. Сонымен 
қатар индустриалды-инновациялық дамуды көздейтін үкіметтік мүдделеріміз түрлі салада 
шетелден білім алған отандық жас мамандарды дайындау ісін жедел қолға алуды міндеттеп 
жатыр. 
Шет тілдік білім беру саласында мәдениетаралық тілдік қатысым бірінші 
орында.Сондықтан мәдениетаралық қатысымдық құзіреттілік ұғымын педагогикалық және 
кең ауқымды әлемдік білім беру үрдістерімен, шеттілдік білім үшін тіл игерудің 
маңыздылығымен бірге қарастырған абзал. Біз «мәдениетаралық қатысымдық құзіреттілік» 
сөзінің мәніне тоқталмас бұрын, әуелі «құзіреттілік» сөзінің мағынасымен танысқанымыз 
абзал. Қазақстанның білім беру жүйесінде жиі қолданып жүрген«құзіреттілік»ұғымы–
«тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберінде қатысты мәселелерді меңгеруі, білуі» немесе 
«тұлғаның белгілі бір мәселелер шеңберінде таныммен тәжірбиеге ие болуы»деп 
анықталады. Сонымен қатар,бұл ұғым Е.М. Верещагин, В.Г.Костоморов, И.Л.Бим, 
И.В.Елухина, Н.Д.Гальскова сияқты ресейлік зерттеушілердің лингводидактикалық 
еңбектерінде кеңінен қолданылады. С.С.Құнанбаеваның анықтамасына сүйенетін 
болсақ,«құзіреттілік»термині төмендегіні білдіреді: 
- білім алушының тиісті біліктерді меңгеруі, тұлғалық қарым-қатынасынтілдік әрекетке 
қосу арқылы берілген салада минималдық тәжірибе әрекетін қалыптастыру;ал ол келешекте 
жоғарғы сатыға көтеріліп, кәсіби әрекет барысында құзіреттілікке жету. 
Бұдан анықталғаны білім беру құралы ретінде емес сол арқылы керект імағлұматты 
толық түсіне білу ең бірінші шарт. Ал, мәдениетаралық қатысымдық құзіреттілік – әртүрлі 


ұлттар мен мәдениет өкілдерінің меңгерген тілдік білімдерінің, өмірлік немесе ғылыми 
тәжірбиелерінің арқасында еркін қарым-қатынас жасай алу іскерлігі мен тұлғаның өзара 
түсінісе алушылық қасиетін қамтиды. 
Білім беру ісіндегі құзіреттілікті анықтауда, мәдениетаралық құзіреттіліктің мәнін 
зерттеуде біз А.В. Хуторский ұсынған пікірге сүйенеміз. Ол құзіреттілікте білім алушының 
тұлғалық және әлеуметтік маңызды өнімді қызмет етуіне қажетті деген өзара мағыналық 
жағынан байланыстығы, білім ,білік, машықпен тәжірибе тұрғысындағы бейімдеулерді деген 
анықтама береді. Ал В.Е. Семенов пен М.С. Коганның еңбектерінде мәдениетаралық 
коммуникативті құзіреттілік ұғымы шетел тілі мұғалімдерінің терең және жан-жақты 
біліктерінің жиынтығы мен қарым-қатынас біліктілігі деп түсіндіріледі [4]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   238




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет