Устойчивое развитие: язык, межкультурная коммуникация



Pdf көрінісі
бет160/238
Дата15.11.2022
өлшемі5,1 Mb.
#50154
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   238
Keywords: methods of linguistics, paradigmatic survey, cloze procedure, error analysis 
Тіл біліміндегі әдіс дегеніміз – белгілі бір лингвистикалық теориямен байланысты тілді 
зерттеудің қағидалары мен тәсілдерінің жиынтығы. Жеке және жалпы лингвистикалық 
зерттеулерде әдістер әртүрлі комбинацияларда және пропорцияларда қолданылады. Тіл 
білімі әдістері бірін-бірі толықтырып қана қоймайды, сонымен қатар бір әдіс екінші әдісті 
жоққа шығаруы мүмкін. Әдістер жиынтығы шартты түрде тұрақсыз. Белгілі бір әдістерге 
деген көзқарас та үнемі өзгеріп отырады: әр түрлі тарихи кезеңдерде және әртүрлі ғылыми 
мектептерде бір әдіс лингвистикалық тәжірибеде басым болуы мүмкін немесе керісінше 
ғылыми тұрғыдан беделі түсіуі ықтимал. 


Тілдік мәліметтер мен фактілерді жинақтауда эвристикалық әдістер көмекке келеді.
Лингвистикалық зерттеулердегі мәліметтерді жинақтауда қолданылатын салыстырмалы 
түрде жаңа әдістердің бірі парадигматикалық сұрастырым әдісі болып табылады.
Парадигматикалық сұрастырым – белсенді эксперименталды әдістердің бірі. Аталған 
сұрастырым түрі сөздердің түрленуі мен сөзжасамды зерттеуде, оған қоса қазіргі таңда 
респонденттердің тілдік портретін анықтауда қолданылады.
Парадигматикалық сұрастырымды әлеуметтану, психология сияқты ғылым 
салаларынан тіл біліміне енген сауалнама, сұрастырым әдістерінің жетілдірілген түрі деп 
бағалауға болады. Себебі, лингвистикалық зерттеулердегі әдеттегі сұрастырымдар 
респонденттердің тілдік өмірбаянын біліп, тілдік портретін жасау үшін қанша тіл білесіз, 
қандай тілдерде еркін сөйлейсіз, отбасында, жұмыста қай тілдерді қолданасыз, бала күнде 
қандай тілде сөйледіңіз сияқты сұрақтарды қамтиды. Респонденттер аталған сұрақтарға 
субъективті түрде жауап беріп, өзінің лингвистикалық капиталын бағалайды. 
Парадигматикалық сұрастырым жоғарыда көрсетілген сұрақтармен шектелмейді. 
Парадигматикалық сұрастырымда информанттар жауабының шынайылығын растауға 
мүмкіндік беретін қосымша тапсырмалар беруге болады: 

респонденттердің қандай да бір тілдің грамматикалық қабатын меңгеруін тексеру 
үшін арнайы модификацияланған немесе қате құрастырылған сөйлемдер беріліп, қатені табу 
ұсынылады; 

аяқталмаған сөйлем беріліп, оны жалғастыру сұралады; 

стимул тілден зерттеу нысаны болып отырған тілге сөйлемдерді аудару 
тапсырылады; 

арнайы видеофильмдер, суреттер мен кескіндер беріліп, сипаттау ұсынылады. 
Жалпы алғанда, сұрастырымда қарапайым сұрақтардан бөлек респонденттер 
жауаптарының 
шынайылық 
дәрежесін 
тексеруге 
мүмкіндік 
беретін 
осындай 
тапсырмалардың берілуі зерттеушілерге нақты ақпарат алуға жәрдемеседі. 
Парадигматикалық сұрастырым барысында тілдік таңбаны толықтыру әдісін 
пайдалануға болады. Сұрастырымның бір компоненті ретінде сөздері арнайы түсірілген 
сөйлем беріп, бос орынға қажетті сөзді қоюды сұрау арқылы ақпарат берушілердің тілдік 
мүмкіндігі нақтылана түседі [1, 276].
Психолингвистикалық зерттеулерде жиі кездесетін әдістердің бірі – тілдік таңбаны 
толықтыру әдісі, оны аяқтау техникасы деп те атайды. Алғаш рет америкалық зерттеуші 
У.Тейлор ұсынған. Бұл әдіс психологиялық зерттеулерден енген. Техниканың мәні сөйлеу 
хабарламасын әдейі деформациялаудан және оны қалпына келтіру үшін респонденттерге 
ұсынудан тұрады [2, 33]. 
Тәжірибе процедурасы келесідей. Мәтінде (сөйленісте) әрбір бесінші, алтыншы немесе 
кез келген басқа сөз арнайы түсіріледі. Әрбір жетіспейтін сөз бірдей ұзындықтағы бос 
орынмен ауыстырылады. Сыналушыдан бос орындардың орнына жетіспейтін сөздерді 
қойып, мәтінді қалпына келтіру сұралады. 
А.А. Леонтьев бұл әдістемені қолдану идеясы көптеген техникалық қателіктерге әкеп 
соқтыратын байланыс құралдарының, атап айтқанда, телефон мен телеграфтың, кеңінен 
қолданылуына байланысты туындағанын атап өтті. Хат алмасу барысында әріптердің орнын 
ауыстыру немесе бір әріпті екіншісімен алмастыру жағдайлары өте жиі кездеседі. Ақпарат 
жіберуді қамтамасыз етушілер мәтін қалпының бұзылуының рұқсат етілген шектері туралы 
ойлана бастады. Олар әріптерді кездейсоқ орындарға қойып, кейбір әріптерді басқаларымен 
алмастырып, сөйлемде арнайы сөздерді түсіріп тәжірибе жасай бастады. Әдетте, берілген 
әдістеме бойынша тұтас хабарламаның бірінші таңбасы; сөйлемнің ортаңғы немесе соңғы 
сөзі; фразаның ортаңғы және соңғы сөздері әдейі түсірілетін. Ең тиімді деп сөйлемдегі әр 
бесінші сөздің түсірілу әдістемесі таңдалды. Дәл осы әдістеме жіберілген ақпараттың арнайы 
деформациялануы оның қабылдануы мен түсінілуіне қалай әсер ететіндігі туралы мәлімет 
алуға мүмкіндік берді.


Берілген әдістеме бойынша жүргізілген тәжірибелерде (ағылшын тілі материалы 
негізінде) сыналушылар шылаулар, есімдіктер, көмекші етістіктер түсірілген жеңіл түрде 
зақымданған сөйлемдерді оңай қалпына келтіреді. Ал, зат есім, етістік және үстеулер 
түсірілген сөйлемдерді қалпына келтіру қиынға соғатыны анықталған.
Жүргізілген тәжірибелер сынаққа қатысушылардың жас ерекшелігі олардың 
зақымданған сөйлемдерді қалпына келтіруіне әсер ететінін көрсетті. Егде жастағы адамдар 
қиын сөйлемдерді тез қалпына келтіретіні, ал жастар мәнмәтіннен тыс тұрған фонетикалық 
тұрғыда өзгеріске ұшыраған жекелеген сөздерді қиындықсыз қалпына келтіретіні 
анықталды. Егде жастағылар адамдар үшін ақпаратты қабылдау үшін мәнмәтіннің болуы 
маңызды болып шыққан.
Ч. Осгуд деформацияланған сөйлемнің қалпына келтірілуі адресаттың ақпарат 
жеткізілген тілді меңгеру дәрежесіне байланысты деп пайымдайды. Егер, адресат 
адресанттың хабарламаны жіберген тілін меңгерген болса, ол мәтінді оңай түсініп, бос 
орындарға қажетті сөзді қойып, сөйлемді қиындықсыз қалпына келтіре алады. Адресат 
хабарлама тілін меңгермеген болса немесе жеткізіліксіз меңгерген болса, ол еш өзгеріске 
ұшырамаған, зақымданбаған ақпараттың өзін де қабылдай алмайды.
Жалпы 
алғанда, 
сөйлеуді 
қабылдау 
үдерісінің 
тиімділігін 
білу 
үшін 
психолингвистикалық тәжірибелерде сыналушыларға мәтіннің мағынасы туралы сұрақтарға 
жауап беру бойынша тапсырма беруге болады немесе олардан зақымданған мәтінді қалпына 
келтіруді сұрауға болады. Екі жағдайда да дұрыс жауаптардың саны шамамен бірдей 
болатынын зерттеу нәтижелері көрсеткен [3, 309]. 
Лингводидактика, 
мәдениетаралық 
қарым-қатынас, 
әлеуметтік 
лингвистика, 
психолингвистика салаларында қолданылатын әдістердің бірі қателерді талдау әдісі болып 
табылады. Сөйлеудегі қандай да болмасын қателер әрдайым тілші ғалымдардың назарында 
болған. Л.В. Щерба сөйлеудегі қателерді зерттеу мәселесі тіл білімі үшін аса маңызды, 
дегенмен әлі күнге дейін бұл мәселе лингвистер тарапынан жеткілікті бағаланбай тұр деп 
есептеген.
Ішкі лингвистика шеңберінде қателерді талдау әдісі салғастырмалы және контрастивті 
әдістермен қатар интерференцияны зерттеу мақсатында қолданылады. Егер, салғастырмалы 
әдістің көмегімен интерференцияның пайда болу себептері зерттелсе, қателерді талдау 
әдісінің 
көмегімен 
билингвтердің 
екінші 
немесе 
шет 
тілінде 
сөйлеуіндегі 
ауытқушылықтарды жинақтап, жіктеуге болады. Қателерді талдау әдісі интерференция 
салдарынан туындайтын шет тілдік акцентті, кодификацияланған нормадан ауытқу 
жағдайларын, бірінші немесе ана тілінің екінші немесе шет тіліне әсерін зерттеуге мүмкіндік 
береді. Аталған әдістеме интерференцияның шығу тегін анықтап, оны жою бойынша 
ұсыныстар жасауды көздейді. 
Қателерді талдау әдісі екінші немесе шет тілін «target language» ретінде, яғни мақсатты 
түрде меңгерушілер сөйлеуіндегі қателерді талдауда қолданылатыны мәлім. Талдаудың 
нәтижесінде зерттеушілер немесе тілді үйретуші оқытушылар тілді үйретуді оңтайландыру, 
қателерді жою бойынша өз ұсыныстарын береді. Аталған әдіске жүгінуде оның жүзеге 
асырылу алгоритмі мен қателерді анықтаудағы тиімділігі ескеріледі. Қателерді талдау 
барысында келесі операциялар орындалады: сөйленістерді жинақтау, олардан қателерді табу, 
қателерді сипаттау, шығу тегі бойынша қателерді жіктеу, олардың маңыздылығын анықтау. 
Қателерді талдау әдісі ана тілінің әсерінен туындайтын тіларалық және ана тілінің ықпалына 
тәуелсіз, оқытылатын тілдің құрылымдық ерекшеліктерімен байланысты қателердің 
болатынын көрсетеді [
4, 495
]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   238




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет