Устойчивое развитие: язык, межкультурная коммуникация



Pdf көрінісі
бет53/238
Дата15.11.2022
өлшемі5,1 Mb.
#50154
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   238
Пікірталас әдістері - логикалық дәлелдер жүйесін қолдану арқылы пікірталасқа 
қатысушылардың пікірлеріне, ұстанымдары мен көзқарастарына әсер етуге мүмкіндік 
беретін әдістер. Топтық пікірталас білімді жақсартады және бекітеді, жаңа ақпарат көлемін 
көбейтеді, пікір таластыру, дәлелдеу, қорғау және талқылау, басқалардың пікірін тыңдау 
қабілетін дамытады.Р.С. Аппатова «топтық пікірталас - бұл шет тілі сабағында қарым-
қатынасты ұйымдастырудың ең тиімді тәсілдерінің бірі» деп атап көрсетеді. Сондықтан, 
пікірталас - бұл топ арқылы қатысушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға 
ықпал етеді, оларды дұрыс тәрбиелеу мен бағалауға, білімнің сапасын жақсартуға
біліктіліктер мен жеке дағдыларын дамытуға ықпал ететін оқытудың белсенді әдісі. 
Пікірталастың көмегімен біз оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамытып қана қоймай, 
олардың жан-жақты дамуына үлес қосамыз, өйткені ол әр түрлі білім салаларындағы 
мәселелерді, сонымен қатар практикалық мәселелерді қозғай алады. Оқушылардың шетелдік 
коммуникативтік дағдыларын дамытып, оларға шет тілін үйрету мақсатында пікірталасты 
шет тілі сабақтарында ұйымдастыру өте тиімді болып келеді. Оқушыларға пікірталасты 
ұйымдастырған кезде балаларды қызықтыратын тақырып таңдалынуы тиіс. Өйткені балалар 
өзін қызықтыратын тақырыпты шет тілінде талдап, талқылауда өз ойларын, пікірлерін, 
идеяларын өзгелерге жеткізуге тырысады, нәтижесінде оқушылардың шет тілінде ойлау 
және сөйлеу дағдылары дами түседі. Басқа оқушылардың пікірін тыңдап, оны түсіну 
барысында, оқушылардың тыңдау дағдылары қалыптасады, олардың білім-білік дағдылары 
және таным процестері одан әрі дамиды, дүниетанымдары кеңейеді. Әр түрлі қызықты 
тақырыптарды талқылау үшін шағын пікірталас әдісін шет тілі сабағы барысында 
ұйымдастыруды жиілеткен сайын, оқушылардың шетелдік сөздік қорлары әлдеқайда 
кеңейеді және олар кез-келген тақырыпта өз ойларын қорықпай, нақты айтуға дағдыланады. 
Уақыт өте келе балалар жаңа ақпаратты тез қабылдауға үйренеді және есте сақтау 
қабілеттері күшейеді. Көріп отырғандарыңыздай, пікірталас әдісінің оқушыларға беретін 
пайдасы ғана болмаса, зияны жоқшылық десек те болады. Дегенмен де, қазіргі уақытта 
оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеуге қорқуының 4 себебі бар екенін атап өтсек болады: 
1. Мұғалім тарапынан сын. Оқушы сөйлеу барысында қателігі үшін мұғалім сынайды 
деп қорқуы
2. Белгілі бір тақырып бойынша өз ойларының болмау құбылысы, яғни айтарға сөз 
таппау. Оқушылар талқыланатын тақырып бойынша нашар білуі мүмкін және нәтижесінде 
ол тақырыпта аз немесе мүлдем пікір білдірмеуі
3. Ана тілі. Сыныптағы оқушылар ағылшын тіліндегі сөздік қорының аздығы 
нәтижесінде ағылшын тіліне қарағанда ана тілінде сөйлеуді жөн санауы


4. Оқушылардың дайындық 
деңгейінің әр түрлілігі. Үлкен топқа сабақ беру 
кезінде мұғалім жақсы сөйлейтін және өз ойын ашық айтуға қорықпайтын оқушыларға ғана 
көңіл бөлуі, нәтижесінде үнемі үнсіз отыратын оқушылардың басылып қалуы.
Пікірталас - ағылшын тілі сабағындағы ең қызықты және пайдалы жаттығулардың бірі. 
Сонымен қатар, бұл бірнеше маңызды дағдыларды бірден жүзеге асырудың тамаша тәсілі. 
Ағылшын тілі сабағында пікірталас ұйымдастыру оқушылардың қандай дағдыларын ашуға 
көмектесетіні туралы әңгімелестік. Енді «неліктен оқушыларға ағылшын тілінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   238




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет