Утверждены


Басқару психологиясының зерттеу әдістері



бет6/22
Дата30.09.2022
өлшемі178,5 Kb.
#40962
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
ТУП Психология управления каз рус ТИРАЖ

Басқару психологиясының зерттеу әдістері
Басқару психологиясы аймағындағы зерттеулерді ұйымдастыру ерекшеліктері. Басқару психологиясы аймағындағы зерттеулердің ғылыми-практикалық құндылығы. Психологиядағы зерттеулерді ұйымдастырудың жалпы сызбасы. Басқару психологиясында эксперименттік зерттеулерді ұйымдастырудың жалпы-ғылыми және этикалық мәселелері. Басқару психологиясының негізгі әдістері: бақылау, сауалнама, эксперимент, әңгіме, сұхбат, анкета, тестілеу, контент талдау, рөлдік және іскерлік ойындар, басқару іс-әрекетінің нәтижелерін талдау. Басшының басқару еңбегінің нәтижелерін (өнімдерін) талдау (нормативтік және әкімшіліктік құжаттар, нұсқаулықтар, бұйрықтар және т.б.). Басқару психологиясы аймағындағы эмпирикалық зерттеу әдістерін таңдау ерекшелігі. Психологтың басқару психология аймағындағы эмпирикалық зерттеулердің нәтижелерін жариялаудағы жауапкершілігі.


БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТҰЛҒА
Басқарушылық өзара әрекеттегі тұлға
Заманауи басқару психологиясындағы тұлға түсінігі. Тұлға теориялары және оны басқару тәжірибесінде қолдану мүмкіндіктері. Тұлғаның психологиялық құрылымы. Тұлғаның когнитивті, эмоционалды-ерікті және жеке-типологиялық ерекшеліктері. Тұлғаның мінез-құлықтық ерекшеліктері. Биографиялық сипаттамалары (жасы, жынысы, әлеуметтік-экономикалық мәртебесі, білімі).
Ұйымдағы тұлғаның әлеуметтенуі, әлеуметтік мәртебесі және әлеуметтік рөлі. Кәсіби әрекет нәтижелілігінің тұлғаның жеке-психологиялық ерекшеліктеріне тәуелділігі. Тұлғаның психологиялық және кәсіби маңызды қасиеттерін сараптамалық бағалау. Профессиографиядағы модульдік бағыт. Басқарудағы жеке құзыреттілікті модельдеу және шкалалау.


Басшының тұлғасы ұйымды басқарудың субъектісі ретінде
Басшы іс-әрекетінің әлеуметтік-психологиялық негіздері. Ұйым басшысының әлеуметтік рөлі. Басшылық және көшбасшылық. Басқарушылық іс-әрекетке қойылатын әлеуметтік-психологиялық талаптар және қабілеттер. Басқару шешімдерін қабылдаудың әлеуметтік және психологиялық негіздері. Ұйымды басқарудың әлеуметтік-психологиялық аспектілері. Басшы имиджі. Басшының кәсіби мансабының психологиялық аспектілері.
Басқару стилі түсінігі. Басқару стилінің жіктелуі. Басшының басқарудың әртүрлі стильдерін қолдануының психологиялық ерекшеліктері және олардың тиімділігі. Ұйымды басқарудың серіктестік стилінің тұжырымдамасы. Басқару стилінің әлеуметтік-психологиялық ахуалға және команда құруға әсері. Д. Мак Грегордың «X және Y» теориясы. Менеджер торы. Заманауи басшы және оның әлеуметтік жауапкершілігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет