«uzdik ustaz» Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «uzdik ustaz»



Pdf көрінісі
бет37/39
Дата13.04.2023
өлшемі1,46 Mb.
#82159
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Мустафаева Г-1.

ҚОШ БОЛ СҮЙІКТІ, ӘЛІППЕ! 
 
 
 
 
Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы 
Күреңбел қазақ орта мектебі КММ 
Бастауыш сынып мұғалімі
Жазыкбаева Ляйля Темирбековна 
 
Мақсаты: 
Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. 
Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық 
мүмкіндіктерін ашу; 
Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Матем» оқулықтарының 
мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар. 
Мұғалім: 
Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін 
ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру 
тойына қош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық. 
Бұл салтанат қуаныш баршамызға, 
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда. 
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық, 
1 «Ә» сыныбын ортамызға. 
І-жүргізуші: 
Қайырлы күн, уа, халайық! 
ІІ-жүргізуші: 
Армысыздар, мұғалімдер , әз жандар, 
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар, 
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді, 
Би биленіп,әнде бүгін шырқалар. 
І-жүргізуші: 
Көз салып қараңызшы бойымызға 
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға. 
Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар, 
Әліппемен қоштасу тойымызға. 
Мұғалім:
Өсті міне бойларың, 
Өсті ақыл- ойларың. 
Қуанышқа ортақпын, 
Құтты болсын тойларын! 
Дей келе «Біз бақытты баламыз» атты әнді қабыл алыныздар 
ХОР: «Біз бақытты баламыз» 
Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы. 
Іші толы әріпке, 
Білімдегі жарық не? 
Хормен: 
Болашаққа жол ашар- 
Ол сүйікті- Әліппе! 


57 
Ол сүйікті -Әліппе! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет