Мұғалім: -Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе! Әліппе: - Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
«Менің атым әліппе»- Досембай Айша
ІІ жүргізуші: Әліппенің құрметіне арналған оқушылардың тақпақтарын тыңдайық
1-оқушы: НҰРАСЫЛ Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
2-оқушы: БАҒДАТ Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!
3-оқушы:АЙЫМ Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
4-оқушы: АЛИ Рахмет саған, Әліппе!
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің
5-оқушы:ЕРАЛИ Бар кітапқа бас болған
Әліппе - ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы
.
6-оқушы:МӘДИ Таныстырған 42 әріппен
Қош бол, менің қасиетті әліппем.
Сенің арқаң, оқи, жаза аламын.
Сауатты адам санатына кіргенім.
7-оқушы:АСЫЛЫМ Әліппе-білім бұлағы,
58
Әліппе –өмір шырағы.
Әліппе-білім көзі,
Әліппе – мұғалімнің асыл сөзі.
9-оқушы:ЖІБЕК Әке-шеше атын сен
Бізге үйреттің әліппе.
Бізге нағыз жақынсың
Сенен білдік әріпті.
10-оқушы:ҚУАНЫШ «Әліппе»даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.