А мәтіні «Қазақстанның Қызыл кітабы» - Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып, 1978 жылы жарық көрді. «Қазақстанның Қызыл кітабының» екінші бөлімі 1981 жылы өсімдіктерге арналып шығарылды.
Бірінші басылым. «Қазақстанның Қызыл кітабының» бірінші басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері екі категория бойынша:А категориясы – жойылып кету қаупі төнген түрлер; Б категориясы – сирек кездесетін түрлер деп берілді.
«Қазақстанның Қызыл кітабының» жануарларға арналған бірінші басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі: балықтың 4, қосмекенділердің 1, бауырмен жорғалаушылардың 8, құстардың 43, сүтқоректілердің 31 түрі тіркелді.
Екінші басылым. 1991 жылы «Қазақстанның Қызыл кітабының» толықтырылған екінші басылымы шықты. Кітаптың екінші басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді. Онда балықтың 16, қосмекенділердің 3, бауырмен жорғалаушылардың 10, құстардың 58, сүтқоректілердің 42 түрі мен түр тармақтары туралы мәліметтер берілген. «Қазақстанның Қызыл кітабының»екіншібасылымында алғаш рет омыртқасыз жануарлардың 105 түрі берілді, онда жәндіктердің 96, шаянтәрізділердің 1, ұлулардың 6, құрттардың 2 түрі туралы деректер тіркелген.
Islam.kz сайтынан қысқартылып және өңделіп алынды.
Ә мәтіні