Гомердің өмірі туралы ешқандай деректердің кездеспеуі оның өмірде шын болғанына да күмән келтірілді. Сондықтан «Иллиада» мен «Одиссея» Гомердің өз шығармасы ма, әлде ауызша айтылған мифологиялардың жиынтығы ма деген европа ғалымдарының арасында талас пікірлер де болған. ХVII ғасырдың аяғында неміс филологы Вольф «Иллиада» мен «Одиссеяның» авторы жоқ, халық туындысының жемісі деп есептеуді ұсынды. Вольф пен оның пікірлестері поэманы әр түрлі аэдтар бірте-бірте шығарған, сан алуан жырлардың механикалық қосындысы деп санайды. XVIII ғасырда неміс филологы Ф.Шиллер – бұлайша қарсы шығып түсіндіруге бұл екі поэманы да бір адам тудырғанын текстологиялық тұрғыдан ғылыми түрде дәлеледеп берген. Сөйтіп Гомердің жеке автор екенін жақтап шықты. Сөйтіп филологтар мен тарихшылардың арасында талай ғылыми айтыстарға негіз болған «Гомер мәселесі» осылайша шешімін табады. ХІХ ғасырда В.Г.Белинский де бұл Гомердің шығармасы деп дәлелдеді.
Ал осындай керемет екі поэма жазған ұлы ақын Гомердің туған жері деген атаққа кезінде жеті қала таласқан екен. 12 томдық Қазақ совет энциклопедиясында (Алматы, 1973, ІІІ том) Гомердің атын ең алғаш атаған Хорезмидің орта ғасырдағы белгілі ғалымы Әбу Райхан Бируни деп берілген. Сонымен қатар осы энциклопедияда Гомердің грек елінде туып өскенін тарихшы Ибн-әл-Кифи дәлелдеген деп көрсетілген. Гомер поэмаларын Ш.Уәлиханов «Манас» эпосымен салыстыра зерттеп, құнды пікір айтқан. Гомер поэмалары бірнеше ұрпаққа ауыздан ауызға тарап жетті. Б.д.д. VI ғасырда ғана ол поэмалар Афинада жазылып алынған. Оларды Грецияның барлық мектептерінде кейіннен грек-македон жазушылары шығыс Жерорта теңізі аймағындағы елдерде құрған Эллинистік мемлекеттің мектептерінде кейін Рим империясындағы барлық мектептерде оқып үйретілген.
Илиада және Одиссея поэмалары антикалық әдебиетте Гомер атты зағип ақынмен байланысты. Антикалық әдебиетте Гомерге байланысты сұрақ өте көп. Ол туралы ешқандай дерек сакталмаған. Гомер деген кім, қайда туып-өсті? Гомердің аты аңызға айналған, оның өмірбаяны да таласты. Гомердің туған жері де белгісіз. Антикалық әдебиетте Гомердің атамекені деп жеті қала аталған, соның ішінде Троя. Гомер деген сөздің өзі ерте заманда кіші азиялық гректерде соқыр деген мағына білдірген. Аңыздарда да Гомердің соқыр болғаны айтылған, сондықтан ежелгі мүсіншілер мен суретшілер оны қашанда да соқыр қария етіп бейнелеген.
Кейбір антик ғалымдарда Илиада мен Одиссея екі автордың шығармасы деген пікір болған. Ғалымдардың көпшілігі екі поэманы Гомердің атымен байланыстырады. Мұндай қарама-қарсы пікір Илиада мен Одиссеяның стиліне байланысты. Илиаданың стилі көтеріңкі де, Одисеяның стилі жайлы болып келеді. Оны зерттеушілер былай деп түсіндіреді: Илиаданы ақын жас шағында, ал Одиссеяны қартайған кезде шығарған. Поэмалардың әрқайсысы жеке ақынның қолынан шыққан дегенге ешкімнің күмәні жоқ. Тек Илиада мен Одиссеяны жазған бір адам деген пікір таласты болды. Антикалық әдеби сынның қойған екінші сұрағы: поэмалардың сол алғашқы түрінде сақталуы. Гомер жазуды білмеген, сол себептен оның шығармалары ауызша, тек қана жыршылардың есінде сақталған. Писистраттың арқасында бөлек-бөлек өлеңдер жиналып біріктірілді (б.д.д.VI ғ.). «Жазусыз заманда мұндай үлкен поэмаларды шығару мүмкін емес, Илиада мен Одиссея бөлек өлеңдердің жинағы» деген пікір болды (Вольф). Вольфтың ойынша, поэмаларға кірген өлеңдердің көпшілігі бір жыршының шығарғанына жатады, ал қалған өлеңдер - кейінгі ақын-жыршылардың қосқандары.
Германның теориясы бойынша, «Илиада мен Одиссеяның негізінде екі кішкентай эпос жатыр. Кейінгі жыршылар сол эпостарға жаңа материал қосып, оны ұлғайтты», дейді Герман.
B.Г.Белинскийдің айтуы бойынша, «Илиаданы рапсодтардың жинағы деп қарауға болмайды, себебі оның көркемдік бірлігі соншалық». Сонымен қатар, Гомер эллиндік өнердің өмірі мен өнеріне мәңгілік ескерткіш тұрғызу үшін азды-көпті дайын материалды пайдаланды дегенге де сенуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |