Тұрақты даму – экологиялық мәселелерді алдын алу үшін адам ретсіз дамудан, тиімді реттелген табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі.
Тұрақты даму-қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып,болашақ ұрпақтардың мұқтаждығын орындау үшін қауіп туғызбайтын даму.
1980 жылдары қоршаған орта туралы БҰҰ бағдарламасы «бүлдірмей дамуға »өтуге шақырды.
1980 жылдары қоршаған орта туралы БҰҰ бағдарламасы «бүлдірмей дамуға »өтуге шақырды.
1987 жылы Қоршаған орта және даму бойынша БҰҰ комиссиясы «Біздің ортақ болашағымыз» атты баяндама ұсынып қорытынды баяндама жасалып тұрақты даму концепциясын (экологиялық, әлеуметтік, экономикалық) құрды.
Тұрақты даму концепциясы В.И.Вернадскийдің ұсынған ноосфера концепциясымен ұқсас келді.
Экономикалық құрамы-табиғи қорларды және экологиялық технологияларды тиімді пайдалануды,экологиялық жағдайда пайдалануға болатын өнімдерді шығару,қалдықтарды азайту, қайта өңдеу және жоюды көздейді.
Экономикалық құрамы-табиғи қорларды және экологиялық технологияларды тиімді пайдалануды,экологиялық жағдайда пайдалануға болатын өнімдерді шығару,қалдықтарды азайту, қайта өңдеу және жоюды көздейді.
Әлеуметтік құрамы-тұрақты дамудың адамға бағытталған және мәдени жүйелердің тұрақтысақталуына,соның ішінде адамдар арасындақоршаған ортаға зиян тигізетін жағдайларды азайту.
Экологиялық құрамы-биологиялық және физикалық табиғи жүйелердің біртұтастығын қамтамасыз етеді.Табиғи ресурстардың деградацияға ұшырауы ,қоршаған ортаның ластануы және биологиялық алуан түрліктің жойылуы экожүйелердің өздері-өзін қалпына келтіру қабілеттерін төмендетеді.
Рим клубы — 1968 жылы италияндық экономист, қоғам қайраткері және бизнесмен А. Печчеи бастамасымен құрылған мемлекеттік емес халықаралық ұйым, ол адам тіршілігінің негіздерін қозғайтын ғаламдық проблемаларды: қару-жарақпен жарақтану жарысы және ядролық соғыс қаупі, қоршаған ортаның ластауды зерделеу бағдарламасына бастама болған. Рим клубының мүшелері таяу болашақты болжауды және әлемдік қауымдастықты ғаламдық экологиялық-экономикалық қауіптің алдын алу қажеттігін мойындатуды өздеріне мақсат тұтты. Сонымен қатар әлеуметтік экологияның ғылым ретінде қалыптасуы орын алды.