В республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет13/111
Дата06.10.2023
өлшемі18,53 Mb.
#112922
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   111
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІ-1 КІТАП, В-1

10-тапсырма. Мәтіндегі cарапшылар пікірімен келісесіз бе? Ой бөлісіңіздер.


11-тапсырма. «Үйлену оңай, үй болу қиын» тақырыбы бойынша сұхбаттасыңыздар.


12-тапсырма. Бүгінгі қазақ отбасында қандай құндылықтар маңызды болып отыр? Сауалнамаға жауап беріңіз.



1. Берік отбасы

1. толық келісемін
2. келіспеймін
3. жауап беруге қиналамын

2. Байлық, әл-ауқат

1. толық келісемін
2. келіспеймін
3. жауап беруге қиналамын

3. Заң мен тәртіп

1. толық келісемін
2. келіспеймін
3. жауап беруге қиналамын

4. Тұрақтылық

1. толық келісемін
2. келіспеймін
3. жауап беруге қиналамын

5. Еркіндік

1. толық келісемін
2. келіспеймін
3. жауап беруге қиналамын

6. Заманауи әлемге сай жаңғыру

1. толық келісемін
2. келіспеймін
3. жауап беруге қиналамын

7. Қазақ тілін дамыту

1. толық келісемін
2. келіспеймін
3. жауап беруге қиналамын

8. Жемқорлықпен күрес

1. толық келісемін
2. келіспеймін
3. жауап беруге қиналамын

9. Әлеуметтік қамтамасыз ету

1. толық келісемін
2. келіспеймін
3. жауап беруге қиналамын

10. Ұят, ар-намыс

1. толық келісемін
2. келіспеймін
3. жауап беруге қиналамын

11. Ислам

1. толық келісемін
2. келіспеймін
3. жауап беруге қиналамын

12. Ер мен әйел теңдігі

1. толық келісемін
2. келіспеймін
3. жауап беруге қиналамын

13. Экология, таза табиғат

1. толық келісемін
2. келіспеймін
3. жауап беруге қиналамын

14. Тәуелсіздікті қорғау

1. толық келісемін
2. келіспеймін
3. жауап беруге қиналамын



13-тапсырма. Шағын мәтінді оқып, ой бөлісіңіз.


Әлемдік отбасылық құндылықтар өзгерісі туралы зерттеулерге сүйенсек, дәстүрлі толық отбасы құрылымы айтарлықтай өзгерістерге ұшырап отырғандығын байқауға болады. Оның орнына заманауи дәстүрлі емес отбасы түрлері пайда болуда: аралас неке, қайта отбасын құрған отбасы, еркін неке, аналық негіздегі отбасы, тек әке немесе ана негіздегі отбасы, асыранды балалардан құралған отбасы, баласыз отбасы.


14-тапсырма. Сұрақтар бойынша пікір алысыңыз.


1) Аталған отбасы түрлері туралы сіздің пікіріңіз қандай? Келісесіз бе?
2) Қазақстанда осы отбасы түрлерінің қайсысы басым деп ойлайсыз?


15-тапсырма. Оқыңыз.

Қай кезде де «ана» деген асыл ұғымды ардақтап өткен халықпыз. Жұмақтың кілті ананың табанының астында деген қасиетті қағида да қазақ ұлтының ақ жаулықтыларға деген зор ілтипатын аңғартып тұрса керек. Сәбиді дүниеге әкеліп, оны саналы азамат етіп тәрбиелеп өсіру ерлікпен пара-пар іс. Сондықтан да бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетіп, жапырақ жайған бәйтеректей ұрпақ өрбіткен аналарымыз туралы тарихта аңыз-әңгімелер көп.


Қыз баласы – ертеңгі келін, ана. Келін деген кім? Келін деген – келген кісі. Қа­зақ солай бола тұра келінді қонақ де­мей­ді. Керісінше, қыз баланы қонақ деу дәстүрі қалыптасқан. Келін – қонақ емес, ол отбасы­ңыз­ға енген бақ, береке. Келін – дүниеге ұрпақ әкелуші, демек, ол – отбасының ырысы мен өрісі. Бұл деген керемет мағына. «Қыз өссе, елдің көркі» деген мақал осындай мәнге орай ай­тылса керек.
Ойыма жорық кезінде болған бір аңыз оқиға оралды. Шапқыншылық заманы. Қала үшін қырғын соғыс болыпты. Бірде екі жақ келісімге келіп, қираған қаладан әйел, бала-шағаны босатпақ болады. Жаулап алушылар үкім шығарыпты:
– Әрбір келіншек өзіне ең қажеттісін дор­баға салып арқалап өтсін, оларға тиіспейміз, ал қалғандарына рақым жоқ, – деп.
Бұйрық орындалады. Келіншектер бір-бір қап арқалап шығып кетеді. Жау ішке енсе, қалған өңшең бала-шаға, әйелдер қапқа ерле­рін салып алып шығып кеткен көрінеді. Келін­шектердің күйеулеріне деген мұндай құрме­тіне тәнті болған жау жағы қаланы қиратуды, бала-шағаны қыруды тоқтатыпты.
(Ғарифолла Есім, https://abai.kz/post/12919)


16-тапсырма. Тест тапсырмасын орындаңыз.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет