В республикасы Білім және ғылым министрлігі


Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті



бет15/111
Дата06.10.2023
өлшемі18,53 Mb.
#112922
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   111
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІ-1 КІТАП, В-1

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:
ыстық қайрат,
нұрлы ақыл,
жылы жүрек.
(А.Құнанбаев)





2.1. АДАМГЕРШІЛІК ӘЛІППЕСІ



Тыңдалым. Айтылым



1-тапсырма. Тыңдаңыз. Сөз және сөз тіркестерімен танысыңыз.
Өскен орта, оң бағыт беру, теріс жерін дереу жөндеу, демеп жіберу, жүктелер міндет, жағымсыз қылық, арылту, ақылдылық таныту, асыл қасиеттер, үздіксіз ұялату, айналасымен санасу.


2-тапсырма. Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіз.
1) Адамгершілік әліппесі дегенді қалай түсінесіз?
2) Адамгершілік дегеніміз не?
3) Адамгершілікке не жатады?
4) Адам бойында адамгершілік қасиет қалай қалыптасады?



Оқылым. Айтылым



3- тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

Адам бойында адамгершілік қасиеттің болуы жанұяға, өскен ортасына байланысты. Бала ісінің дұрыс екенін қоштап, оң бағыт беріп, теріс жерін дереу жөндеп, демеп жіберу – ата-ана мен тәрбиешіге жүктелер міндет. «Адам бойында жақсы қасиеттер көп болса, оған бақ та, бақыт та қонады» деген сөзге сүйенсек, жағымсыз қылық-қасиеттер болса, одан арылту қажет. Көптеген қайырымды істер жасап, жақсы мінез-құлықтарды өн бойыңа жинап, ақылдылық танытсаң, міне, адамшылдық деген осы!


Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», - дейді. Демек, балаға жан-жақты
терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат – жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
(Өтегенова Ә.Ж. bilimsite.kz.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет