В республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет9/111
Дата06.10.2023
өлшемі18,53 Mb.
#112922
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   111
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІ-1 КІТАП, В-1

Міне, сондықтан да әрқайсымыз күнделікті кездесіп жатқан түрлі жағдайлар үстінде жетімдерге, тек оларға ғана емес, бір-бірімізге сыйластықпен қарап, жылы жүрек танытқанымыз абзал.
https://surak.baribar.kz/216784

Қазақ халқы – үлкенді сыйлауға, әсіресе қарттарды құрметтеуге ежелден ерекше көңіл бөлген халық. Жетім-жесірін жылатпаған, ата-анасын, қарттарын ренжітпеген ұлы халық қана болашаққа нық қадам басады.
Қарттар үйінің көбеюі – қауіпті құбылыс. Қарттар үйіне өз әке-шешесі мен ата-әжелерін апару батыс елдерінде таңғаларлық құбылыс емес. Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыт­па­ған қазақ қазір сол жаққа ақ сақал­ды аталары мен ақ жаулықты аналарын ойланбастан апарып өткізіп жа­тыр. Соңғы дерек бойынша, елімізде қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлердің саны артып, отыз мыңдай адам амалсыздан осы үйлерде тұрып жатыр. Бұлай жалғаса берсе, әке-шешені қартайған соң интернатқа апарып өткізе салу жалпылама сипат алып кетуі де мүмкін. Ал жауып тастауға тағы болмайды. Себе­бі тағдыр тәл­кегіне түскендер үшін бұл интер­наттан басқа барар жер, басар тау жоқ. Әке-шешені құрметтемеген адам, өзге адамдарды қалай құрметтесін? Сәби кезінен бастап тәрбие берген, тамақтандырған, өсірген адамды соңында қарттар үйіне апару адамгершілікке жатпайды.
https://yvision.kz/post/420931



18-тапсырма. Екі мәтіндегі ақпаратты салыстырыңыз. Ой бөлісіңіз.

1) Екі мәтінге тақырып беріңіз.


2) Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз.
3) Мәтінде қандай мәселе көтеріліп отыр? Пікірлесіңіздер.


19-тапсырма. Жұптық жұмыс.

  • Сіз бизнестегі қалталы азаматсыз. Ірі құрылыс компаниясын басқарасыз. «Қазақстан» телеарнасынан «Жан жылуы» бағдарламасын көрдіңіз. Онда мүгедек Бақытхан Жексенова Алматыда пәтер жалдап тұрады. «Бірінші топтың мүгедегімін, көп нәрсеге мұқтажбын. Егер бағасы біздің мүмкіндігімізге лайық үй салса, ол үйде пандус пен басқа да мүгедектерге арналған жағдайлар жасалса, қалаға жақын ауданда болса, ондай пәтерден бас тартпас едім. Мемлекеттік бағдарлама бойынша үй сатып алуға шамам жетпейді. Жолдасым екеуіміз зейнетақыға күн көріп отырмыз», - дейді ол. Қандай көмек берер едіңіз?

  • «Аялы алақан» акциясын ұйымдастырыңыз. Кімдерге, қалай жәрдемдесер едіңіз?




БӨЖ тапсырмасы:
«Ата-ана – сенімді досымыз» атты пікірталасқа қатысу (ұсынылған пікірлермен танысу; тақырыпқа сәйкестігін анықтау; өз пікірін білдіру, қорғау, дәлелдеу).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет