В республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет19/111
Дата06.10.2023
өлшемі18,53 Mb.
#112922
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   111
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІ-1 КІТАП, В-1

12-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз.

Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан мәдениет саласының өрісі кең.


Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.
Мәдениеттің қоғамдағы танымдық қызмет-міндетінің сан алуан қыры бар. Бірден біздің назарымызды өзіне аударатын нәрсе – мәдениет пен білімнің арақатынасы. «Табиғаттан қулығын асырып жіберуге» (Гегель) бағытталған адамдардың білімі, әрине мәдениеттің негізгі құрамдас бөлігіне жатады. Ертедегі гректің «пайдейя», ислам өркендеуіндегі «маариф», қазіргі өркениеттегі «интеллигенттілік» ұғымдары мәдениет пен білімділіктің іштей туыстығын, үндестігін білдіреді. Осы сипатта, әсіресе зиялылар (интеллигенция) мәдениетті сақтау және дамыту ісінде үлкен қызмет атқарады.
Білімділік мәдениеттіліктің маңызды алғышарты болғанымен, бұл екі ұғымның арасында елеулі айырмашылық, белгілі алшақтық, кейде тіпті қайшылық бар. Ғылымның беталды дамуы, шектелмеген техникалық әрекет мәдениетке үлкен нұқсан келтіруі мүмкін. Тек жоғары деңгейде мәдениеті бар өркениет ғылым мен техниканың дамуындағы теріс салдарларды бейтараптандыра алады. Егер біз ғылым арқылы шындықты ашсақ, өнер арқылы әсемдікке ұмтыламыз, ал моральдық таным арқылы – жақсылық пен жамандықты айырамыз.
Мәдениеттің ғажап көрініс­терінің бірі – адамның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылуы. Демек, мәдениет – адамның жан әлемі. Жалпы, мәдениет көріністері дегеніміз – ақыл-ой, парасат, ізгілік. Сонымен бірге мәдениет – адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал.
(Г. Жанұзақова. Қазақ әдебиеті. 15.10. 2019ж.)


13-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша мына сұрақтарға жауап беріңіз.



  • Мәдениет дегеніміз не?

  • Мәдениет саласы нені қамтиды?

  • Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларын өзгерте ме?

  • Мәдениеттің негізгі құрамдас бөлігі не?

  • Мәдениет пен білім қаншалықты байланысты?

  • Мәдениетті сақтау және дамыту ісінде кімдер үлкен қызмет атқарады?

  • Мәдениетке нұқсан келтіретін не нәрсе?

  • Мәдениет пен ғылымның арасында қайшылық бар ма?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет