В республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет36/111
Дата06.10.2023
өлшемі18,53 Mb.
#112922
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   111
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІ-1 КІТАП, В-1

19-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Жұлдызай Назарқызының мамандығы не?


2) Ол неше тілде жетік сөйлейді?
3) Ж.Назарқызының бойынан қандай қабілетті байқадыңыз?
4) Жұлдызай тілдік ортаны қалыптастырудың қандай жолдарын айтады?
5) Тіл үйрену үшін адамның бойында қандай қасиет болуы керек?
6) Жұлдызай шетелдік компаниялар мен халықаралық ұйымдарда жұмыс істеп жүріп нені байқады?
7) Тілді өз бетінше үйренудің қандай артықшылықтары бар?

БӨЖ тапсырмасы:
«Мүмкіндік пен қажеттілікті ұштастырудың үлгілері» - сұхбат құру
(өмір тәжірибелерінен мысал келтіру, әңгімелеу; қорытындылау).



3.3. ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ: САПА МЕН КӨЛЕМ



Тыңдалым. Айтылым



1-тапсырма. Тыңдаңыз. Сөз және сөз тіркестерімен танысыңыз.

Еңбек өнімділігі, экономикалық көрсеткіш, өнім көлемі, өтпелі экономика, еңбекақы, әл-ауқат, дағдарыстың ықпалын бұғаттау, толыққанды дамыту, өндірісті ақсатады, кәсіпорындарды оңтай­лан­дыру, еңбекақының өсім қарқыны, толыққанды сауықтыру.




2-тапсырма. Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Еңбек өнімділігі деген не?


2) Еңбек өнімділігін арттырудың маңызы қандай?
3) Инновациялар еңбек өнімділігін арттыра ала ма?



Оқылым



3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз.


Еңбек өнімділігі – экономикалық көрсеткіш

Еңбек өнімділігі – экономикалық көрсеткіш. Ол өнім көлемімен, яғни уақыт бірлігінде жұмысшылар өндіретін нақты тұтыну заттарының санымен анықталады. Экономикасы өтпелі елдерде өсудің 16 пайызы – нақты капиталға, 20 пайызы – табиғи капиталға негізделген. Қалған 64 пайызы адами және әлеуметтік капиталға байланысты екен. Кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі, табыстарының азаюы кәсіпорындардағы еңбеккерлерге тікелей әсер етеді.


Еңбек өнімділігінің төмендеуі азаматтардың еңбекақысының азаюына ұласып, жоғары білікті мамандардың кетуіне әкеледі. Одан кейін инвесторлардың біздің мамандар мен түрлі деңгейдегі басқарушыларымыздан «сапасыз адами капитал» ретінде сырт айналуына себеп болады.
Осылайша, еңбек өнімділігі мен еңбекақының өсу қарқыны экономикалық көрсеткіштің негізгі көзі және мемлекет пен адамдардың әл-ауқатын көтеруде басты индикатор болып табылады. Бұл өзекті мәселе нақты әрі ақылға қонымды шешім мен әрекетті талап етеді. Яғни, қолға алынатын экономикалық шаралар тек дағдарыстың ықпалын бұғаттау немесе азайту функцияларымен шектелмей, мемлекеттің экономикасын толыққанды дамытуды қарастыруы тиіс.
Еңбек өнімділігімен байланысты міндеттерді табысты шешу үшін негізгі үш фактор: еңбек, шикізат және капитал қажет екендігі белгілі. Ал олардың бірінің тапшылығы өндірісті ақсатады.
Кәсіпорындарды оңтайландыру мен стандарттау және ондағы еңбеккерлерді жаппай қайта аттестаттау – еңбек өнімділігін арттыру бағытындағы маңызды қадам болып табылады. Сәйкесінше, еңбекақы деңгейі – жұмыс күшінің бағасын сипаттайды және жұмыс орындарының сапа индикаторларының бірі ретінде қарастырылады.
Біздің білетініміздей, 1914 жылы АҚШ-та инженер-механик Генри Форд капитализм идеяларын іс жүзінде ауқаттылық ретінде жүзеге асырғандардың бірі болды. Ол сол заман үшін анағұрлым радикалдық шешімдерді белгіледі: жұмысшылардың еңбекақысы күніне –110$; оқытуға кететін шығыстар азайып, еңбек өнімділігі артты; 40 сағаттық жұмыс аптасы қысқарды. Г.Форд еңбек өнімділігі мен еңбекақының өсім қарқынының ара-қатынасын сақтай отырып, еңбек өнімділігін ұлғайтуға жағдай жасады.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, еңбек өнімділігін арттырудың бір шарты еңбекақының жоғарылығы болып табылады. Еңбек өнімділігінің, еңбекақының төмен деңгейі кез келген экономикалық құрылысты тежейді, сәйкесінше, бұл тетіктердің себеп-салдарын жоймай, мемлекет экономикасын толыққанды сауықтыру мүмкін болмайды.
(С. Мұқанов. http://tengemonitor.kazgazeta.kz/news/19320)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет