7-тапсырма. Сіз ірі компанияның басшысысыз. Мына мәселелерді қалай шешер едіңіз?
1. Қызметкерлерді жұмысқа алуда нені басшылыққа аласыз?
2. Жұмыс беруші ретінде қызметкерлерге қандай талаптар қоясыз?
3. Қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібіне мойынсынуы үшін не істейсіз?
4. Сендіру әдісін іске асыру үшін не істейсіз?
5. Мәжбүрлеу әдісін қай кезде қолданасыз?
6. Еңбек тәртібін жиі бұзатын қызметкерге қандай шара қолданасыз?
8-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі етістіктерге тиісті етіс жұрнағын жалғаңыз.
Бизнес-жоспар сауатты (құру) құрылды.
Кәсіпорын еңбек өнімділігін 20% -ға (арту) -------------- .
Жұмысшылардан еңбек тәртібін сақтау талап (ету) --------------
Еңбек тәртібін бұзғандарға мәжбүрлеу әдісі (қолдану) -------------- .
Басшы жаңа қызметке алу үшін оған өтініш (жазу) -------------- .
Мен үшін өмірдің жаңа парағы (ашу) -------------- .
Жұмыс беруші үздік қызметкерлерге сыйақы (беру) -------------- .
9-тапсырма. Сіз жоғары оқу орнын бітіріп, кәсіпкерлікпен айналысып жүрсіз. Кәсіпкер ретінде мына сұрақтарға жауап беріп көріңіз.
- Кәсіпкерлік деген не және кәсіпкерлер немен айналысады?
- Табысты кәсіпкер болу үшін не істеу керек?
- Өз бюджетіңізді дұрыс басқарудың жолы қандай?
- Сауатты бизнес-жоспарды қалай құру керек?
- Өз өніміңіздің бәсекелестік қабілетін арттыру үшін не істер едіңіз?
Достарыңызбен бөлісу: |