4-тапсырма.
а) Мәтінге тақырып қойыңыз.
ә) Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
б) Мәтіндегі әр азатжолдың мазмұнын бір сөйлеммен қорытындылаңыз.
5-тапсырма. Мәтінде берілген төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын сәйкестендіріп жазыңыз.
1. жарастық
|
А. ашумен қатты сөйлеу
|
2. күн көру
|
Ә. татулық, тыныштық, келісім
|
3. қарсы шықпау
|
Б. өмір сүру, тіршілік ету
|
4. дереу
|
В. әбден қалыптасқан, барлық адамдарға ортақ заңдылық, бұлжымайтын тұжырым
|
5. қағида
|
Г. орналастыру
|
6. дауыс көтеру
|
Д. бетін қайтармау, ренжітпеу
|
7. жайғастырып отырғызу
|
Е. қарсылық көрсетпеу, қарсыласпау
|
8. көңілін қалдырмау
|
Ж. шапшаң, жылдам, тез
|
Грамматика
Есімше зат есіммен тіркесіп келіп анықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Туған үйдің - түтіні жылы. Қай үйдің? – туған – есімше, анықтауыш.
|
6-тапсырма. Мәтіннен есімшелі анықтауыштарды тауып жазыңыз.
7-тапсырма. Жұптық жұмыс. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
Суреттен нені байқадыңыздар?
Кімдер бейнеленген?
Олардың жасы нешеде?
Сыртқы келбеті қандай?
Екі суреттің бір-бірімен қандай байланысы бар деп ойлайсыз?
8-тапсырма. Youtube желісінен сілтеме арқылы бейнефильмді көріңіз. (https://youtu.be/qRPrSTOZ3_o) Бейнефильм бойынша тапсырмаларды орындаңыз.
9-тапсырма. Сұрақтарды талқылаңыз.
1. Әмина әже не үшін қалаға келді?
2. Әмина әже кімді кездестірді?
3. Фильмдегі кейіпкерлер (Әмина әже, ұлы Талғат, оның жұбайы) туралы не ойлайсыз?
4. Әмина әже не себепті тойға бармады?
10-тапсырма. Фильм мазмұнына сәйкес сөйлемді толықтырыңыз.
Әмина әже ұлының тойына барғысы келді, алайда ... .
Талғаттың бастығы Әмина әжені таныды, себебі ... .
Талғат бастығына анасының ... айтты.
Немерелері әжесі әкелген ... қуанды.
11-тапсырма. Фильмде кездесетін сөздер мен сөз тіркестерінің, фразеологизмдердің мағынасын тауып жазыңыз.
1. несібе
2. бір киер киім
3. қызметі көтерілу
4. әңгімесі жараспау
5. кірпідей жиырылу
6. майда-шүйде шаруа
7. құшақ жая қарсы алу
8. шаруасы басынан асу
|
а. қызметі өсу
ә. ырыс, бақ
б. жұмысы көп
в. сөздері келіспеу
г. ұсақ-түйек шаруа
ғ. жақтырмау, ұнатпау
д. той-думанға киетін киім
ж. шын көңілмен қабылдау
|
12-тапсырма. Фильм туралы ойыңызды жазыңыз.
Фильмнің мазмұны, кейіпкерлері?
Фильм маған ұнады/ұнамады. Не себепті?
Басқаларға көруге кеңес бересіз бе?
|
13-тапсырма. Суреттерді фильм мазмұнына сәйкес орналастырып, әңгімелеңіз.
14-тапсырма. Жұптық жұмыс. Берілген тақырыптың бірін таңдап, кейіпкерлер арасында сұхбат құрастырыңыздар.
1. Ана мен бала
2. Бастық пен Талғат
3. Талғат пен жұбайы
4. Әже мен немере
1.4. ҚАМҚОРЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ
15-тапсырма. Сөз және сөз тіркестерімен танысыңыз.
Жанашырлық, қамқорлық жасау, өркениетті, зардап шегу, жетім-жесір, отбасы дағдарысы, ақ сақалды ата, ақ жаулықты ана, тағдыр тәлкегі, «барар жер, басар тауы жоқ».
16-тапсырма. Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіз.
1) Сіздің ойыңызша, отбасындағы әлеуметтік мәселелер неден туындайды?
2) Қоғамда жетімдер және қарттар үйінің көп болуы неліктен деп ойлайсыз?
3) Қамқорлық жасаудың маңызы қандай?
4) Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың болмауы үшін не істеуге болады?
17-тапсырма. Мәтіндерді оқыңыз.
«Жанашырлыққа - жан риза» дегендей қамқорлық жасау, аялы алақанын тосып, сауабы мол іске жүрек жылуын ұсыну – әрбір адамның азаматтық парызы. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
Балалар – әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздықтан ең көп дәрежеде зардап шегетін азаматтардың санаты. Отбасы дағдарысы, көп отбасылардың ауыр материалдық жағдайы, дәстүрлі отбасылық қатынастардың күйреуі, ажырасулар санының артуы балалардың жағдайының нашар-лауына елеулі әсер етеді. Соңғы жылдары Қазақстанда ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балалар санының өсуі байқалады. Бұл балалардың аз бөлігі ата-аналарының қайтыс болуына байланысты олардың қамқорлығынсыз қалғандар. Қалғандары «әлеуметтік жетімдік» дейтін құбылысқа жатады, яғни ата-аналары бар тірі жетімдер.
|
Достарыңызбен бөлісу: |