В130100 «Жалпы медицина» Кафедра: Химия Курс: Алматы, 2015 ж Мазмұны



бет49/126
Дата26.06.2023
өлшемі2,95 Mb.
#103439
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   126
Байланысты:
УМКД-для-1-курса-ОМ-15-16-каз (1)

Реактивтер: 1% фенол ерітіндісі, 1% темір хлоридінің (III) ерітіндісі.
Пробиркаға 2-3 тамшы фенол ерітіндісін тамызады да үстіне 1тамшы темір хлоридінің (III) ерітіндісін тамызады. Ерітінді күлгін түске боялады. Фенолдар темір хлоридімен әртүсті комплексті қосылыстар түзеді, сондықтан бұл реакция фенолдарды ашуға сапалық реакция бола алады.
Реакцияның химизмі:


7 ЖҰМЫС. БЕЛОКТЫ ФЕНОЛМЕН ТҰНБАҒА ТҮСІРУ.
Реактивтер: қаныққан фенолдың судағы ерітіндісі, белоктың судағы ерітіндісі.
Пробиркаға 2-3 тамшы фенол ерітіндісін тамызады да үстіне 1тамшы белок ерітіндісін тамызады. Ерітінді фенолдың әсерінен лайланады, яғни белок тұнбаға түседі. Фенолдың бұл әсері дезинфекциялауға қолданылады.
Реакцияның химизмі:


8 ЖҰМЫС. диэтил эфирІН АЛУ.
Реактивтер: этил спирті, концентрлі күкірт қышқылы.
Құрғақ пробиркаға 2 тамшыдан этил спиртін және концентрлі күкірт қышқылын тамызады. Ерітінді қоңыр түске боялғанша қыздырады. Ыстық қоспаға тағы да 2 тамшы этил спиртін тамызады. Өзіне тән иісі бар диэтил эфирі түзіледі.
Реакцияның химизмі:

Диэтил эфирі медицинада наркоз ретінде қолданылады. Бірақ бұл жағдайда наркоз үшін деп жазылған ерекше таза диэтил эфирін қолданады.




9 ЖҰМЫС. Окисление формальдегидТІ МЫС ГИДРОКСИДІМЕН (II) ТОТЫҚТЫРУ.
Реактивтер: 10% формальдегид ерітіндісі, 2% мыс сульфатының ерітіндісі, 10% натрий гидроксидінің ерітіндісі.
Пробиркаға 3-4 тамшы натрий гидроксидінің ерітіндісін және мыс сульфатының ерітіндісін тамызады. Түзілген тұнбаға (мыс гидроксиді) 2-3 тамшы формальдегид ерітіндісін тамызады. Пробирканы сәл қыздырады. Алдымен сары түсті мыс гидроксидінің тұнбасы түзіледі, ол қызыл түсті мыс оксидіне (1) айналады.
Реакцияның химизмі:

Бұл реакция альдегидтерге сапалық реакция болып табылады.




10 ЖҰМЫС. БЕЛОКТЫ ФОРМАЛИНМЕН ТҰНБАҒА ТҮСІРУ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет