10
Кез-келген мемлекеттің өзекті мәселелерінің бірі - дені сау ұрпақ қалыптастыру
үшін репродуктивті денсаулықты қорғау болып табылады.
Репродуктивті
денсаулықты қорғау адам өмірінің соңына дейін қамтамасыз етілуі қажет, сонымен
қатар ол этикалық және техникалық нормалардың ең жоғарғы мүмкіндіктеріне сай
келуі тиіс.
Өсіп келе жатқан ұрпақта аурудың пайда болуы ерекше алаңдатушылық
туғызады, 60%-дан астам қыз балалардың денсаулық жағдайында осындай немесе
басқа да ауытқушылықтар бар (Г.М. Савельеваның мәліметі бойынша).
Репродуктивті жүйені ерекшелей отырып жасөспірімдердің денсаулығына
айрықша көңіл аударылады. Бұл жастағы
топтың денсаулық жағдайы
психобелсенді заттарды тұтыну есебінен психологиялық ауытқушылықтар,
эндокрин, ас қорыту, қан өндірілу жүйесінің бұзылуы, жаңа өспелердің (ісік) пайда
болуы, сонымен қатар, жарақаттар мен уланулар, ал қыз балаларда гинекологиялық
патологияның өсуі тіркелуде.
Жастардың репродуктивті денсаулығын қорғау мәселелерінің өзектілігі, ҚР-ғы
демографиялық
жағдайдағы дағдарыспен, жас әйелдерде репродуктивті күш-
қуаттың төмендеуімен, төмен репродуктивті нұсқама мен адекватсыз
репродуктивті
мінез-құлықпен, жағымсыз медико-биологиялық аяның болуымен:
бастапқы аурушылық пен созылмалы патологияның жоғарғы деңгейі,
репродуктивті жүйенің бұзылу жиілігінің артуымен сипатталады. ҚР-да жасөспірім
қыздардың денсаулық жағдайының талдамасы үлкен жағымсыздықты көрсетеді,
олардың әрбір екіншісінде (46%) қандай да бір аурудың түрі бар.
Жасөспірім
қыздардың жартысынан астамында репродуктивті жүйе бұзылған. Жасөспірімдер
арасында түсік жасату көрсеткіші жоғары, ал жасөспірімдердегі жүктілік
көрсеткіші жүктіліктің жалпы санымен алғанда 10% дейін құрайды.
Жасөспірімдердегі жүктіліктің салыстырмалы салмағы жалпы жүктілікті
тоқтату
санының 5%-ын құрайды.
Жоғарғы сыныптың қыз балаларына жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша,
олардың 70%-нан астамы лаж жоқ жағдайда, жүктілікті тоқтатудың жалғыз жолы
контрацептивтерді қолданудан, ерте жастағы жыныстық байланыстардан бас тарту
емес, түсік жасату деп есептейді. Ерте кезден жасалынған жыныстық қатынастар
орынсыз жүктілікке әкеліп қана қоймай, жыныстық
жолдармен берілетін
жұқпалардың (ЖЖБЖ) да жұқтырылу қауіпіне алып келеді.
Жас адамдардың мықты жыныстық және репродуктивті денсаулықпен
қамтамасыз етілуінің үлкен әлеуметтік, экономикалық маңызы бар. Себебі, АИТВ-
жұқпасы, басқа ЖЖБЖ-лар, орынсыз жүктілік және денсаулыққа өте зиянды түсік
жасату сияқты жағдайлар отбасы мен қоғамға үлкен ауыртпалық болып табылады.
Әйтсе де, мұндай ауыртпалықты жеңілдетуге немесе мүлде болдырмауға болады.
Осылайша, мектептердегі жыныстық оқу-ағартуды қамтамасыз етуді, Мыңжылдық
декларациясында құрылған дамыту саласындағы Мақсаттарға (Мыңжылдықты
дамыту мақсаттары – МДМ) қол жеткізуде, әсіресе, 3 МДМ (гендерлік теңдік және
әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді көбірек қамтамасыз ету), 5
МДМ (аналар өлімінің деңгейін қысқарту мен репродуктивті денсаулықтың
жалпыортақ мүмкіндіктеріне қол жеткізу) мен 6 МДМ-ді (АИТВ/ЖИТС-ке
қарсы
күрес) қоса алғанда, жастардың жыныстық және репродуктивті денсаулығын
нығайтуда қолғабыс көрсету керек.
Достарыңызбен бөлісу: