5
Денсаулықтың үш түрін бөліп көрсетеді: физикалық, психикалық және
өнегелі.
Физикалық денсаулық – бұл ағзаның барлық мүшелері мен жүйелері
қалыпты жұмыс жасауға негізделеген оның табиғи жағдайы. Егер барлық
ағза мүшелері мен жүйелері жақсы жұмыс атқарып тұрса,
онда адамның
бүкіл ағзасы (өзін-өзі реттеу жүйесі) дұрыс дамып, қызмет жасауда.
Психикалық денсаулық бас миының жағдайына байланысты, ол
ойлау
сапасымен және оның деңгейімен, эмоциялы тұрақтылық дәрежесімен, көңіл
мен есте сақтаудың және ерік-жігер қасиетінің дамуымен сипатталады.
Өнегелі денсаулық адамның әлеуметтік өмірінің
негізі болып табылатын
моральдық қағидалармен, яғни белігі бір адамдардың қоғамындағы өмірмен
анықталады. Адамның өнегелі денсаулығының ең жақсы белгілері болып, ең
бастысы - еңбекке деген саналы көзқарас, мәдениет құндылықтарын
меңгеру, қалыпты өмір салтына кереғар болатын әдеттер мен дағдылардан
белсенді түрде бас тарту болып табылады.
5. Кіші топтардағы жұмыс.
Оқытушы оқушыларды 4-5 адамнан тұратын топтарға бөледі.
1-3 топ адам денсаулығына әсер ететін жағымды факторларды атауға және
талқылауға тапсырма алады, ал 2-4 топтар – жағымсыз факторларды алады.
Сонан соң, әрбір топ өздерінің атқарылған жұмыстарын таныстырады.
Таныстыру жұмыстарын талқылап болған соң
оқытушы оқушылармен бірге
қандай факторлардың денсаулыққа жағымды, қандайы жағымсыз әсер ететіндігі
туралы қорытынды жасайды.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) сарапшылары негізгі төрт тобы
ретінде мынадай факторларды анықтағандығын оқытушы хабарлайды:
генетикалық факторлар
қоршаған ортаның
жағдайы
медициналық қамтамасыз ету
адамдардың өмір салты мен жағдайы.
Денсаулықтың көрсеткіштеріне әр түрлі жағдайлардың әсер ету күші адамның
жасына, жынысына және индивидуалды-типологиялық ерекшеліктеріне
байланысты болады.
Содан кейін қорытындыны кесте түрінде рәсімдеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: