8
Қоғамдық денсаулық – жалпы қоғам мен қауымдастықтың денсаулығы; «қауымдық
және дербес, мемлекеттік
пен жекеменшік ұйымдардың, қоғамның саналы таңдауы
мен ұйымдасқан күш-жігері арқылы денсаулықты нығайту мен өмірді ұзарту,
аурулардың алдын алу өнері мен ғылымы» ретінде анықталады. Қоғамдық денсаулық
профилактикасының әдістері –
оқыту бағдарламаларын енгізу, саясатты, қызмет
көрсетуді жасап шығару, сондай-ақ, ғылыми зерттеулер жүргізу. Қоғамдық денсаулық
түсінігі мен вакцина ұғымы тығыз байланысты. Денсаулық сақтау саласына үлкен
мемлекеттік бағдарламалардың жағымды әсер етуі кеңінен мойындалды. Бір жағынан,
XX ғасырда денсаулық сақтау саласындағы саясаттың
нәтижесінде жас нәрестелер
мен балалардың арасындағы өлім-жітімнің, сонымен қатар,
әлемнің көптеген
бөлігінде өмір сүру ұзақтығы тұрақты түрде өсе бастағандығы тіркелді. Мәселен,
американдықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 1900ж. бастап 30 жасқа, ал күллі
әлемде – алты жасқа артқандығы есептеліп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: