«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі


сүйемелдеуімен өтетін шағын-дәріс



Pdf көрінісі
бет58/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

сүйемелдеуімен өтетін шағын-дәріс 
Мысал мазмұн.
Неке – бұл заң белгілеген тәртіп пен ережелерді сақтай отырып бекітілген
бір-бірі мен, балаларға қатысты жұбайлар арасындағы өзара құқық пен міндеттер 
және отбасын құру мақсаты бар еркек пен әйелдің ерікті және теңқұқылы одағы. 
Некенің келесідей белгілерін бөліп көрсетуге болады: 
1. Неке – бұл еркек пен әйелдің одағы. «Одақ» сөзі «келісім-шарт» немесе «мәміле» 
сөздеріне қарағанда мағынасы кең, өйткені, отбасында міндеттердің бөлінуімен қатар
әйел мен еркектің одағы қандайда бір рухани ортақтық пен бір-біріне бейімделушілік, 
басқаларға ізет сияқты ұйғарымдарды қосады.
2. Неке – бұл бірнекелік одақ, яғни, қалаушылық, тілектер тек бір серігіне арналатын 
одақ. Моногамия – бұл Қазақстан пен батыс елдерде қабылданған некенің жалғыз түрі. 
Мұсылман діні басқаратын кейбір елдерде полигамды некелер бар (көпәйелділік). 
3. Неке – бұл ерікті одақ. Некеге ерікті және еркін тұру некенің бұзылуы және еркіндік 
қағидасы сиякты теңбе-тең.
4. Неке – бұл теңқұқылы одақ. Неке тұрып жатқан еркек пен әйел жеке құқықтарында, 
мамандық таңдауда, балаларды тәрбиелеуде тең құқықта болуы сияқты, бірге жинаған 
мүліктерге қатысы бойынша да тең құқылы.
5. Неке – бұл азаматтық хал-ахуал актілерінің жазбасының (АХАЖ) органдарында 
тіркелетін одақ. Атап айтқанда, некені тіркеген сәттен бастап жұбайлардың міндеттері 
мен құқықтары пайда болады.
«Отбасы» және «Неке» – бұл екі түрлі ұғым, бірақ, екеуінің арасында тығыз 
байланыс бар: неке жұбайлар арасында салмақты, бір қалыпты қарым-қатынастың 
құрылуына әсер етеді.
Неке – бұл ер адамдар мен әйел адамдарды отбасылық өмірге кіргізетін, жұбайлар 
арасында заңдық құқықтарды және міндеттерді тудыратын институт, одақ. Бұл әйелге де, 
еркекке де қатысты.
Отбасы – кең ауқымдағы ұғым, себебі, некеге қарағанда қарым-қатынастың ауыр 
жүйесімен көрсетіледі. Ол тек қана жұбайлар мен олардың балаларын ғана біріктіріп 
қоймайды, сондай-ақ, басқа да туысқандарды, отбасы мүшелеріне жақын және қажетті 
адамдарды да біріктіреді.
Ерте жастағы некелер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет