«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі


Үрпі баданалық бездер (бульбоуретальные железы)



Pdf көрінісі
бет73/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

Үрпі баданалық бездер (бульбоуретальные железы) бұл атбас бұршақ тәріздес үрпінің 
жан-жағында, қуықасты безден кішкене төменде орналасқан бездер. Бұл бездер тура 
үрпіге барып түсетін мөлдір сұйықтықты бөліп шығарады.
Әйелдердің репродуктивтік жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы. 
Әйелдің репродуктивті жүйесі әйелді жаңа өмір жасап және аналық қуанышқа бөлейтін 
мүмкіндіктерге ие болатын таңқалаларлық механизм.
Әйелдердің жыныстық жүйесі ішкі және сыртқы жыныс мүшелерінен құралады. Сыртқы 
жыныстық мүшелері жиынтығы сарпай (вульва) деп аталады.
Яичник – анабез 
Матка – жатыр 
Шейка матики – жатыр мойнағы 
Прямая кишка – тік ішек 
Влагалище – қынап 
Мочевой пузырь – несеп қуығы 
Малая половая губа – кіші жыныстық ернеу
Большая половая губа – үлкен жыныстық ернеу


85 
Ішкі жыныстық мүшелерге мыналар жатады:

Анабездер – пішперде қуысының төменгі бөлігінде орналасқан, байламдармен бекітілген 
жұп мүше. Ұзындығы 3 см-ге дейін болатын анабездер бадам дәнінің пішінін еске 
түсіреді. Анабезде ұрық жасушаларының жетілу процесстері жүреді.

Жатыр (фаллопиев) түтікшелері немес ұрық түтігі. Олардың ұшында түтікке жетілген 
анабез түсетін құйғы тәріздес кеңею үрдісі болатын қызмет бар. Түтіктер ішінде 
ұрықтануға дайын ұрықтың жасушаларды жатырша түтігіне жіберетін кірпікшелер 
орналасқан. Ұрықтық жасушаның ұрықтану процессі түтікшеде болады. Жатыр 
түтікшелері екінші ұшымен ұрықтың жасушалар бағытталған жатырдың жоғарғы жағына 
ашылады. Жатыр жасушаларының ұрықтануы жатырға енеді де, онда олар қалыпты 
дамып, тулығанша болады.. 

Жатыр — үлкендігі ересек адамынң жұдырығындай алмұрт тәріздес мүше. Ол ішперде 
қуысының ортасында, несеп қуығының артында орналасқан. Жатырдың қалың бұлшықет 
қабырғалары болады. Жатыр қуысының ішікі беті қан жүретін тамырлардың қалың торы 
өтетін сілемейлі қабықшамен төселген. Жатыр қуысы қынапқа өтетін қалың бұлшықетті 
сақина арқылы өтетін қынап каналымен байланысады. Ол жатыр мойнағы (мойыны) деп 
аталады. Қалыпты жағдайда ұрықталған жасуша жатырша түтігінен жатырға өтеді және 
іштегі нәрестеге дейін жетіліп, бұлшықетке жабыстырылады. Жатырда іштегі нәрестенің 
қалыпты өсіп туылғанша болады.

Жатыр мойны жартылай қынап шығып тұратын цилиндир пішіндес (әлі 
босанбағандарда ол конус типтес болады) мүше. Мойнының ортасында жатыр каналы – 
ұршық тектес канал бар. Осы каналдың ішкі аңқа деп аталатын жоғарғы ұшы жатыр 
қуысына ашылады. Сыртқы аңқа деп аталатын төменгі саңылауы қынапқа ашылады. 
Цервикалды канал ұынап пен жатыр қуысын байланыстырады. Цервикалды каналдың 
сілемейлі бездерінің шығаратын тұтқырлық сілемейі «сілемейлі тығын» жасайды. Жатыр 
мойнының сілемейлі «биологиялық қоқыстың» (өлі жасушалардың денелері, бактериялар, 
т.б.) жатыр қуысына барар жолындағы тосқауыл болады. Қынап жатыр мойны каналымен 
бірге босану кезінде іштегі нәресте өтетін туылу жолдарын құрайды.

Қынап — бұл жатырдан басталып шығу жолы әйел денесінің сыртында болатын жуан 
бұлшықетті түтік. Қынап жыныстық қатынас кезінде ұрықты қабылдаушы болып 
табылады, сонымен қатар, баланың жатырда дамуы аяқталған соң шығатын туылу 
каналы, жолы міндетін атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет